55
тізгінделген.
Қазіргі заманғы білім беруді әлеуметтік-мәдени модернизациялаудың
міндеттерінің бірі – мобильділіктің артуы, білім берудің сапасы мен қол
жетімділігі заманауи қоғамда тұлғаның әлеуметтік дәрежесінің өсуінің ресурсы,
өз-өзіне және еліміздің болашағына деген сенімді тудыртатын кәсіби және
тұлғалық жетістіктерге жетуді аңғартады. Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени
жағдай мен уақыттың сындары мектептегі білім беру бағдарларын
трансформациялауды талап етеді, ал бұл мұғалімнің әдістемелік
дайындығының
деңгейіне байланысты [182].
Қазіргі таңда білім беру орындарында биологияны оқыту жаңа
функцияларға ие болып отыр. Олардың бірі – білім алушыларды
әлеуметтендіру, ол жаратылыстану ғылымдары бойынша жинақталған ғылыми
жаңалықтармен барлық іс-тәжірибені қабылдау. Білім алушыларды мәдени
және әлеуметтік құндылықтарға баулу арқылы қоғамның толыққанды мүшесі
ретінде өмір сүруге және қызмет атқаруға мүмкіндік туғызу. Сонымен қатар
студенттердің «табиғат-қоғам-адам», «адам-табиғаттың бөлшегі» жүйесіндегі
қарым-қатынастардың дамуы, адамзат дамуындағы биологиялық және
әлеуметтік факторлардың арасындағы байланыстарды, сананың ақиқатты
бейнелеудің жоғарғы формасы ретінде, оның әлемді тану мен қайта түзілуіндегі
шығармашылық рөлін түсіну болып саналады [183, 184].
Жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін болашақ мұғалімдерді даярлау
ЖОО-да биологияны оқытуды мазмұндық және әдістемелік тұрғыдан
толықтыруды керек етеді
Өлкелік компоненттерді ендіруге байланысты жүргізілген зерттеуіміз
барысында, болашақ биолог мұғалімдерді пәндік және әдістемелік дайындауда
ерекше болып саналатын принциптер анықталып және негілделді, оларға:
өлкетану принципі, практикалық бағыттылық принципі, студенттердің оқу-
зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастығы принципі, биологиялық және
әдістемелік дайындықтың өзара байланыстылығы, өлкелік және аймақтық
деңгейде биологиялық циклі пәндер шеңберінде жыландардың биологиялық
және экологиялық ерекшеліктерін зерттеудегі өзара байланыстылығын ендіру
мәселелері негізге алынды [185].
Қазақстан жыландарының биологиялық және экологиялық ерекшеліктері
туралы мазмұндық компоненттің құрылымын құрастыру барысында аталған
мазмұндық компоненттің құрылымы қайта қаралды. Болашақ педагогтардың
теориялық және әдістемелік дайындығын жетілдіру мақсаты мен білім берудің
басты принципі ретінде білім беруді жергілікті материалдармен байланыстыру
яғни
өлкетану принципі қарастырылды [186, 187].
Аталған принциптің негізінде студенттердің пәндік және әдістемелік
дайындығының мазмұнына Қазақстан жыландарының биологиясы және
экологиясы туралы білім мазмұны енгізілді. Бұл арқылы білім алушының
теориялық және кәсіби дайындығын жетілдіру мақсаты жүзеге асты.
Өлкелік компонентті ендіру үшін биолог мамандарға білім беру
бағдарламасы толықтырылып, элективті курс дайындалды. Бұл пән жаңа