56
технологияларды қолдана отырып, оқылатын дәріс тақырыптарынан,
лабораториялық және практикалық сабақтар жүйесінен, студенттердің өздігінен
атқаратын жұмыстарының мазмұнынан тұрды. Таңдау курсына өлкелік
компонент
ретінде
енетін
материалдар
(Қазақстан
жыландарының
биоэкологиялық ерекшеліктері) студенттердің дала практикасы шеңберінде
және аудиториялық практикалық сабақтардағы лабораториялық зерттеулер
негізінде жинақталған материалдарды қамтыды.
Өлкелік компонентті білім беру жүйесіне енгізу барысында басты назарда
мыналарды ұстадық:
- өлкетану принципін негізге ала отырып, берілетін білімнің жергілікті
материалдармен тығыз байланыстылығын жүзеге асыру және оның
ғылымилығына студенттердің сенімін арттыру;
- өлкелік компоненттің биоэкологиясын оқытуда пән аралық байланысты
күшейту үшін («Омыртқалылар зоологиясы», «Адам және жануарлар
физиологиясы», «Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы», «Қазақстандағы
биогеоценоздар» «Эволюциялық ілім», «Цитология және гистология»,
«Қазақстан биоресурстары») тақырыптарымен байланыстыру;
- өлкетану материалдарын оқып зерттеудегі мақсаттылық пен жүйелілікті
сақтай отырып (жыландар туралы білімнің мысалында), студенттерге
экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаттарымен байланыстыру.
- өлкелік компоненттің мазмұнының практикалық бағыттылық принципі
биолог студенттердің пәндік және әдістемелік дайындығы құрамына
студенттерде талдаушылық-бағалаушылық, прогностикалық, рефлексивті
сипаттағы
экологиялық
және
кәсіби-педагогикалық
іс-әрекеттің
алуантүрлерінің дамуына бағытталған практикалық-бағдарланған білім мен
оқу-практикалық тапсырмаларды енгізуді талап етеді.
Практикалық маңыздылығы бар және болашақ биолог мамандардың
құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болатын міндеттерге мыналар жатады:
- дала практикасы жағдайында зерттеу жұмыстарына қажетті биологиялық
және экологиялық материалды жинақтау, сол бойынша кәсіптік іскерліктерді
қалыптастыру;
- жыландарды зерттеу кезінде ғылыми-ізденушілік әдістерді қолдана білу;
- жыландарды зерттеуде бүкіл экожүйені комплексті қарай отырып,
жыландар тіршілігіне табиғи ортаның тигізетін әсерімен қатар антропогенді
әсердің деңгейін бағалау;
- жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңыздылығын бағалау;
- зерттеу жұмыстары нәтижесінде табиғатты қорғауға арналған іс-
шаралардың тақырыптарын құрастыру (білім алушылардың денсаулығы мен
өміріне қауіпсіздігінің талаптарын міндетті сақтау арқылы) және т.б.;
- болашақ мамандардың оқу-зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастығын
қамтамасыз ету;
- оқу және зерттеушілік іс-әрекеттер түрлерін қалыптастырудың
үздіксіздігі мен жалғасуы идеясын жүзеге асыру.
57
Жоғарыда
аталған принциптерді негізге алу оқыту үдерісінің
динамикалығын, студенттердің білім, іскерліктер мен оқу-зерттеушілік іс-
әрекетінің білім берудің барлық сатыларында дамуын қамтамасыз етеді. ЖОО-
да студенттерді болашақ маман ретінде дайындаудың түрлі сатыларына сәйкес
қойылатын мақсаттары мен міндеттеріне қарай оларды дайындау өлкелік
компонентті енгізудің теориялық мазмұнын таңдауда, оқытудың әдістері мен
формасын және құралдарын іріктеуде көрініс береді.
Биологиялық және әдістемелік дайындықтың өзара байланыс принципі
студенттерді пәндік және әдістемелік оқыту пәндері бойынша дайындықты
меңзейді. Өлкетану сипатындағы биологиялық және экологиялық білімді
меңгеру жоспарындағы студенттердің пәндік дайындығы әдістемелік
дайындыққа алып келеді. Әдістемелік дайындық өлкетану материалдарын
жалпы мектептерде және қосымша білім беру мекемелерінде оқып зерттеу
формаларын, әдістерін, құралдары мен технологияларын жасауға студенттерді
қатыстыру арқылы жүргізіледі.
Экологиялық мәселелерді оқып зерттеуде өлкелік және аймақтық
деңгейлердің өзара байланыс принципі жыландардың экологиясы бойынша
өлкелік және аймақтық деңгейдегі мәселелермен студенттерді таныстыруды
көздейді, сондай-ақ аталған мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын
қарастырады [188].
Мұнымен қатар, өлкелік материалдарды білім беруге ендіру барысында
маңызды шарттардың бірі ретінде жыландардың алуантүрлілігі мен жойылып
бара жатқан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерді
сақтаудың жолдарын да қарастырамыз. Ол үшін Қызыл кітапқа енгізілген
өлкелік және аймақтық деңгейлердегі (жергілікті, өлкетанулық) жойылып бара
жатқан жылан түрлерін сақтау бойынша экологиялық мәселелерді
ұйымдастыру мен қарастырудың екі деңгейін бөліп қарастырамыз (кесте 3).
Кесте – 3 Биологияның пәндік мазмұнына өлкелік компонентті ендірудің
құрылым жүйесі және студенттердің атқаратын жұмыстарының түрлері
Іс-әрекеттер
Ұғымдардың негізгі топтары
Көрнекілікті (муляжды)
қолдана
отырып,
бақылаушылық,
зерттеушілік іс-әрекетті
жүргізу.
Көріп-байқағандарынан
қорытынды шығару.
Көрнекілікті
қолдана
отырып (муляжды),
Систематикалық ұғымдар:
Танысатын жыландардың қай топқа жататынын
анықтау.
Морфологиялық ұғымдар:
Қарастырғалы отырған жыланның сыртқы түрі
(денесі: ұзындығы, түрі, түсі); дене бөліктері (ауыз
қуысы, көзі, танауы т.б.); дене жамылғысы
(қабыршақтары, олардың орналасу ерекшелігі).
Қаңқасы:
- Улы жыландардың бас сүйек қаңқасы:
Достарыңызбен бөлісу: |