Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет21/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51

45 
 
егістіктің алатын орны, далалы жерлерді мал тұяғының таптауы және олардың  
өте артық  мөлшерде жайылуы т.б. әсер ететін жағдайлардың орын алуы.  
Жылан  уларына  қарсы  дайындықтың  бірі  -    удың  күшін  жоятын  сарысу 
дайындау  өндірісі  болып  есептеледі.    Біздің  елімізде  жыландардың  саны 
шамадан тыс азайып келеді, оларды өлтіру керек деген қалыптасқан дәстүрден 
ғана  емес,  сонымен  қатар  адамның  шаруашылық  әрекеті  салдарынан,  оның 
ішінде серпентариялар үшін қарқынды аулау салдарынан орын алып жатыр.  
Жыландарды  тек  адамдар  тұрағынан      және  олардың  айналасындағы  екі 
шақырым қашықтыққа дейін таралмауын қарастыруға болады.  
Жыландар    популяциясын  сақтау  үшін  олардың  түпкілікті  тіршілік  ету 
орталарына антропогендік әсерлерді шектеу; жыландардың  реликтік түрлерін 
сақтау үшін  шағын  ландшафтық кіші қорықтарды ұйымдастыру; жыландарды 
аулауға  тиым  салу;  тұрғындар  арасында  түрді  сақтау  және  оның  адам  үшін 
қауіпсіздігі туралы жұмыстар жүргізу. 
Қызыл  Кітапқа  енгізілген  усыз  жыландарды  заңсыз  аулау  немесе  көзін 
жоюға  тиым  салынған.  Осы  және  бұдан  қатаң  шараларды  жандандыруды 
бүгінгі өмір билік арқылы өзі нақтылайды, біздің уақыттағы адамның табиғатқа 
мықтап енуі оған дәлел болары сөзсіз.  
Осылайша,  белгілі  аудандарда  бауырымен  жорғалаушыларды,  әсіресе 
жыландарды  зерттеу  жұмысын  қолға  алу  бұл    жануарлар  тобының  осы  күнге 
дейінгі аз зерттелгендігінен туындайды.  
Жоғарыда  дала  практикасы  кезінде  жыландар  түрлерін  сипаттайтын 
ақпараттарды  іздестіру  мен  оларды  реттеп  пайдалануды  зерттеушілік 
жұмыстың  бір  түрі  ретінде  қарастырдық.  Ал,  нақты  жыландардың  тіршілігін 
керекті  жыланның  түрін  ұстап,  оның  дене  бітіміне  арнайы  жүргізілетін 
зерттеулер  бір  жағынан,  аса  сақтануды  қажет  етсе,  екінші  жағынан,  қолға 
түскен түрлерін сарамандық жұмыстар кезінде нысанда көре отырып, олармен 
көзбе-көз кездесу барысында жүргізілді. 
Мұндай  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  үшін  мына  төмендегі  құралдармен 
дала практикасын жабдықтауға тура келді:  
- жылан ұстағыш қысқыштар; 
- жылан салатын қапшық; 
- ұлғайтқыш әйнектер; 
- қолғаптар; 
- жылан уын жинайтын шыны; 
- жылан түрлері бейнеленген суреттер; 
- жылан түрлерін анықтауға арналған сызбалар. 
Студенттердің  жүргізген  зерттеудің  барысын  және  нәтижесін  жазуға 
арналған дәптерлерімен қоса анықтамалық әдебиеттерді де қамтимыз. 
Биология  пәнінің  мазмұнын  теориялық  тұрғыдан  толықтыру  үшін 
жергілікті  компонент  ретінде  жыланды  алғандықтан,  оның  бірнеше  түрін 
табиғи  жағдайда  аулап  және  олардың  қасиетін  анықтауда  мына  мақсаттар 
қойылды: 


46 
 
- жыланды  ұстаған  аймақтың  аты-жөнімен  қоса,  оның  қандай  табиғи 
аймаққа жататынын анықтау (орманды, далалы, шөлді т.б.); 
- түрі-түсін анықтап жазу; 
- инені қолдана отырып, қабыршақтарының санын есептеу; 
- дене  көлеміне,  түсіне  қарап,  оның  қай  жыландар  тобына  жататынын 
анықтау; 
- жыланды ұстаған жердің өсімдік жамылғысы мен жер бедерін жазу. 
  Далалық  практика  жағдайында  студенттердің  жыландар  түрін  ұстап, 
олардың биоэкологиялық ерекшеліктерін анықтау дағдыларын қалыптастыруға 
баса  көңіл  бөлінді.  Себебі,  студенттерді  далалық  практикаға  шығару  арқылы 
теориялық білімді шыңдауға мүмкіндік аламыз. Сол жұмыстардың бірі ретінде 
төменде біз  шығыс айдаһар жыланын анықтау мақсатында студенттермен дала 
практикасы  кезінде  жүргізілген  жұмыстың  барысы  мен  құрылымын  және 
мазмұнын көрсетпекпіз. 
Қазақстанның  оңтүстігі,    Арал  маңы    Қарақұмдар,  Мойынқұм,  Іле,  Шу 
өзенінің  оң  жақ  жағалауы,  Көкөзек,  Ақсу  және  Лепсі  өзендерін  маңайының 
шөлді  шөлейтті  жер  екені  белгілі.  Осы  аталған  шөлді-шөлейтті  аймақтардың 
бірі – Іле маңына  студенттермен бірге дала практикасына шықтық.    
Осы  маңнан  арнаулы  құралдар  арқылы  өзіміз  көздеген  жылан  ұстау 
жұмысы  ұйымдастырылды.  Жыланды  ұстап  алғаннан  кейін,  студенттер  оның  
денесінің екі жағынан (басы мен құйрығынан) ұстап, оның ұзындығын сызғыш 
арқылы өлшеді. Осы арқылы  бұл жыланның дене ұзындығы 90 см құрайтыны 
белгілі болды. Сонымен қатар, иненің және түйреуіштің көмегімен  жыланның 
көз  аралығындағы    әртүрлі  пішінде  орналасқан  (көлденең  қатарласқан  7-9) 
қабыршақтарының  санын  анықтады  және  олардың  орналасу  ерекшелігін 
байқап, оны дәптерлеріне жазды.  
Жыланның түрі-түсін анықтау үшін жасалған өзіндік жұмыстар барысында 
студенттер  шығыс  құмжыланының  құйрық  қабыршақтарының  жылтыр 
екендігін  анықтады.  Одан  әрі    ине  мен түйреуішті пайдалана  отырып,  құйрық 
қабыршақтарының  әлсіз  мүйізденгендігін  байқады  және  оны  жоғарыдағы 
әдіспен    санап,  зерттей  отырып,  қабыршақтардың  орналасу  ерекшелігі  мен 
санын анықтады.  
Жыланды  шалқасынан  жатқызып,  қарай  отырып,  бауырындағы 
рудименттерінің  де  құрылымын  байқады.  Жыланның  бауыры  мен  арқа 
жағының түсіндегі айырмашылықты да бақылап көрді. 
Өзіндік  жұмыстың  екінші  деңгейінде  студенттерге  таратып  берілген 
анықтағыш  сызба  бойынша  олар  жыланның  қай  топқа  жататынын  анықтады. 
Сол  арқылы  студенттер    ұсталған  жыланның  түр-түсіне,  дене  көлемі  мен 
құрылысына  және  қабыршақтарының  орналасу  ерекшелігіне  қарап,  оның 
шығыс  айдаһар  жыландары  тобына  жататынын  анықтады.  Бұл  жұмыс 
барысында  студенттер  бір-бірімен  ақылдаса  отырып  және  көргендерін 
анықтағыш сызбамен салыстыра отырып, топтық жұмыс атқарды. 
Осылайша  жылан  түрін  анықтауда  білім  алушылар  Қазақстанда  тіршілік 
ететін айдаһар жыландардың анықтамалығын пайдалануға дағдыланды.   


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау