Әок 378. 853: 004 Қолжазба құқығында



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет3/18
Дата05.03.2018
өлшемі0,51 Mb.
#11673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 

3.  Физика  пәні  мұғалімін  даярлау  сапасын  арттыруға  және  ақпараттық 



құзыреттілігін  қалыптастыруға  ықпал  ететін  факторлар  мен  педагогикалық 

тәсілдерге жүйелік талдау жасау; 

4.  Ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды  пайдаланып  жоғары 

педагогикалық 

оқу 

орындарында 



физика 

саласында 

білім 

беруді 


ақпараттандыру  мақсатына  жауап  беретін  оқытудың  әдістемелік    жүйесін 

жасау; 


5.  Физика  пәні  мұғалімінің  қызметінде  оқу  үдерісін  модельдеуге  және  

ақпараттық білім беру ортасын құруға негіз болатын педагогикалық шарттарды 

дәйектеу; 

6. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы физика саласында 

білім  беруді  ақпараттандыруды  дамытуға  бағытталған  оқу-әдістемелік  кешен 

құрастыру; 

7.  Физика  саласында  білім  беруді  ақпараттандыру  барысында  жасалған 

әдістемелік  жүйенің  тиімділігін  педагогикалық  эксперимент  нәтижелеріне 

сүйеніп дәлелдеу. 

Зерттеудің  жетекші  идеясы  қазіргі  білім  беруді  ақпараттандыру 

талаптарын 

қанағаттандыратын 

ақпараттық 

және 

коммуникациялық 



технологияларды  физика  саласында  тиімді  пайдалана  алатын  оқытудың 

әдістемелік жүйесін құруға бағытталады.   



Зерттеу  жұмысының  әдіснамалық  негізі  физика  саласында  білім  беруді 

ақпараттандыру  арқылы  оқытудың  іс-әрекет,  тұлға,  құндылықтар  теориялары 

негізінде,  әдiснамалық  негiзi  ӛркениеттілік,  жүйелілік,  тұлғалық,  іс-әрекеттік, 

әлеуметтік  тұғырнама  тұрғысынан  қамтылды.  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясы,  Қазақстан  Республикасы  “Бiлiм  туралы”  Заңы,  “Адам 

құқықтарының жалпыға бiрдей Декларациясы“, Қазақстан Республикасы  білім 

беруді ақпараттандыру тұжырымдамасы басшылыққа алынды.   

Іргелі  жұмыстар  аймағында  зерттеудің  теориялық  негізі  болып  мыналар 

саналады: 

1) 


Педагогика  және  психология  саласындағы  іргелі  жұмыстар 

(Ю.К.Бабанский,  Л.С.Выготский,  М.А.Данилов,  Т.В.Кудрявцев,  И.Я.Лернер, 

A.M.Матюшкин, М.И.Махмутов, B.C.Ильин және т.б.);

 

2)  қоғамды  және  білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  білім  беру 



жүйесіндегі  ерекшеліктер  мен  тенденцияларды  ашатын  тұжырымдамалық 

амалдар 


(О.А.Абдуллина, 

С.И.Архангельский, 

Е.П.Белозерцев, 

Е.В.Бондаревская, 

И.Е.Вострокнутов, 

Т.А.Ильина, 

В.А.Кан-Калик, 

Н.В.Кузьмина,  Ю.Н.Кулюткин,  В.В.Лукин,  А.К.Маркова,  А.И.Мищенко, 

Н.Д.Никандров,  Г.Қ.Нұрғалиева,  В.А.Сластенин,  И.А.Трубина,  Е.Н.Шиянов, 

А.И.Щербаков және т.б.); 

3) 

мұғалімнің 



кәсіби 

қызметте 

ақпараттық 

коммуникациялық 

технологияларды  пайдалануға  қатысты  мәселелерін  шешуге  қатысты  еңбектер 

(В.П. 


Беспалько, 

С.А.Бешенков, 

К.М.Беркімбаев, 

Я.Л.Ваграменко, 

С.Г.Григорьев, 

А.П.Ершов, 

С.М.Кеңесбаев, 

К.К.Колин, 

М.П.Лапчик, 

А.В.Могилев, В.М.Монахов, Қ.С.Мусин, И.В.Роберт және т.б.); 




 

4)  педагогикалық  қызметте  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 



әдістемесі (Я.А.Ваграменко, Б.И.Зобов, М.В.Кларин, К.К.Колин, А.М.Коротков, 

Н.И.Пак, В.А.Трайнѐв, А.П.Шестаков, Е.К.Хеннер және т.б.); 

5)  заманауи  электрондық  және  қашықтықтан  оқыту  технологияларын 

дамыту мен пайдалану нәтижелері (С.М.Авдеев, А.А.Андреев, Б.Б.Баймұханов, 

Д.М.Жүсіпалиева,  А.Қ.Қозыбай,  Е.А.Полат,  К.Ы.Сариева,  В.И.Солдаткин, 

Г.М.Троян, А.І.Тажіғұлова,  және т.б.);  



Зерттеу  әдістері:  теориялық  (философия-әдіснамалық,  теориялық  талдау, 

психология-педагогикалық, әдістемелік зерттеудің келелі мәселелері   бойынша 

әдебиеттер),  жалпы  ғылыми  (жүйелі  талдау,  модельдеу,  педагогикалық 

бақылау,  жеке  педагогикалық  рефлексия,  сұхбат  және  сауалнама  жүргізу), 

жалпы  логикалық  (отандық  және  шетелдік  мамандарды  ақпараттық  даярлауда 

тәжірибелерін  салыстыру  және  бірегейлендіру),  экспериментальдық  (зерттеу 

мәселелері  бойынша  үйрету  және  бақылау  тәжірибелері,  мониторинг), 

статистикалық  (сауалнама  жүргізу  және  тәжірибе  нәтижелерін  статистикалық 

ӛңдеу). 

Зерттеудің кезеңдерi: 

Бiрiншi  кезең  (2000-2003  жж.).  Зерттеу  тақырыбы  бойынша  физика 

саласында  білім  беруді  ақпараттандыру  бойынша  философия,  педагогика, 

психология,  әдістемелік  әдебиеттер  талданып,  сараланды,  ақпараттық  қоғам 

жағдайында    студенттердің  ақпараттық  құзыреттілігін  қалыптастырудың  тұтас 

және  жекелеген  компоненттеріне  ықпал  ететін  оқыту  құралдарын  тиімді 

пайдалану  жолдары  айқындалды.  Талдау  барысында  зерттеу  жұмысының 

ғылыми-теориялық негіздері, ғылыми аппараты әзірленді. 

Зерттеу  мәселесіне  байланысты  университет  студенттерімен,    профессор-

оқытушылармен  және  мектеп  мұғалімдерімен  сауалнамалар  жүргізілді. 

“Физика” мамандығының студенттері үшін білім берудің Мемлекеттік жалпыға 

міндетті  білім  беру  стандарттары,  оқу  жоспарлары,  типтік  бағдарламалары 

талданып,  сараланды.  Зерттеудің  бастапқы  қағидалары  нақтыланып, 

анықтаушы педагогикалық-эксперимент жүргізілді.  

Екiншi  кезең  (2003-2006  жж.).  Физика  саласында  білім  беруді 

ақпараттандыру  жағдайында  оқу  үдерісіне  енгізілген  оқу  курстарының 

бағдарламаларының  тиімділігі  анықталды.  Ақпараттық  технологиялардың 

мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  оқытудың  тиімді  әдістемелік  жүйесі  

жасалды.  Физика  пәнін  оқытудағы  ұстанымдар  бойынша  алғашқы  болжамдар 

жасалып, педагогикалық-эксперимент жұмыстары жалғасын тапты. 



Үшiншi  кезең  (2006-2010  жж.).  Физика  саласында  ақпараттандыруды 

дамытуға  бағытталған  оқу-әдістемелік  кешен  бойынша  тәжiрибелiк  жұмыстар 

жүргiзіліп,  ақпараттандыру  үдерісіне  мүмкіндік  туғызатын    оқыту 

құралдарының  мазмұнын,  әдістерін  және  ұйымдастыру  формаларын  таңдауға 

бағытталған  ғылыми-әдістемелік  ұсыныстар  дайындалып,  педагогикалық-

эксперимент барысындағы нәтижелері жинақталып, зерттеу жұмысы талаптарға 

сай ресімделді.  



жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау