30
қалай оқитынын, қосымшаның интерактивтілік мүмкіндіктерін қалай
пайдаланатынын және ӛзімен бірге оқушылармен біріккен жұмысты қалай
жүзеге асыратынын ӛзі шешеді. Осылайша, студенттер ашық немесе қашықтан
білім беру үдерісінің белсенді қатысушылары болып табылады.
Сурет 4- Білім беру порталына енгізілген авторлық ақпараттық-білім беру
ресурстарынан үзінді
Студенттер ӛздерінің жеке оқыту үдерісіне оны ӛздерінің жеке
мүмкіндіктері мен қалауларына сәйкестендіре отырып, ықпалын тигізе алады.
Олар ӛздерін қызықтыратын материлады оқи алады, материалды қанша рет
қажет болса, сонша рет қайталай алады және бұлардың жеке қабылдау
қабілеттерінің кӛптеген кемшіліктерін жоюға кӛмек береді. Осылайша,
мультимедиа құралдарын қолдану студенттер арасында әлеуметтік және мәдени
ерекшеліктерге, олардың оқу қарқыны мен жеке стильдеріне, олардың
қызығушылықтарына қатысы бойынша ашық және қашықтан білім беру
үдерісін ыңғайлы етеді.
Педагогикалық үдерісті басқару бағыттарының бірі оқыту үдерісін бақылау
(реттеу және түзету) болып табылады. Ол оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде
болады, бірақ бағдарламаның қандай да бір тарауының оқудан кейін және
оқыту сатыларын аяқтаудан кейін ерекше орын алады. Оқыту нәтижелерін
тексерудің маңыздылығы – студенттердің берілген пән бойынша білім беру
31
стандарттарына сәйкес келуі тиіс білімді меңгеру деңгейін анықтауда. Алайда
білімді тексеру және оқыту нәтижелерін бақылау дидактикадағы шешімін
таппаған күрмеуі күрделі ӛзекті мәселелердің бірі. Білімді меңгеруге бақылау
жүйесін ұйымдастыру бӛлігінде педагогикалық үдеріс тиімділігін түбегейлі
арттыру тек білім жағдайы мониторингі, яғни білім беру күрделілігінің сатысы
мен дәрежесін жылдам түзетуді қамтамасыз ететін міндетті жылдам кері
байланысты педагогикалық үдеріс субъектісі үшін үнемі және жүйелі түрде
бақылап, қадағалау мүмкін болады. Дәстүрлі білім беру технологиялары
аясында мониторинг идеясы оқытушы жағынан тәжірибеде еңбек пен уақыт кең
кӛлемді шығынды қажет ететіндіктен, оны кең кӛлемде жүзеге асыру мүмкін
емес.
Педагогикалық мониторинг басқару технологиясы ретінде оқу-тәрбие
үдерісінің барлық кезеңінде қойылған мақсатпен, талдаумен, түзетумен, бағалау
және бақылаумен байланысты. Қойылған талаптарды орындау негізінде
студенттерден әр жыл сайын бақылау жұмыстары алынып, білім сапасына
мониторинг жүргізу қорытындыларынан байқалғаны тӛмендегі диаграммаға
түсірілді.(5-сурет)
Сурет 5- Жылдар бойынша білім сапасының кӛрсеткіштері
Бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша мониторингтен біз ұсынып
отырған жүйе бойынша студенттердің жеке, ӛзбетімен оқытушының
бақылауында жұмыс жасауына болады. Физика мамандығының студенттерінің
физика және информатика пәндері бойынша бағалар жинағы жасалды. Берілген
бағалар жинағы бойынша студенттердің білімін бағалауға арнап жүргізілген
мониторинг нәтижелері негізінде метапараметрлер есептеліп, құрастырылған
гистограмма 6-суретте келтірілген.
32
Сурет 6- Студенттердің білімін метапараметр арқылы бағалау
Зерттеу барысында оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы әдістемелік жүйені енгізуге арналған тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстары 2000-2001 оқу жылынан бастап жүргізілді. Тәжірибелік тексерудің
негізгі міндеттері ең алдымен ұсынылып отырған оқыту әдістемесінің
тиімділігін айқындау болды. Қойылған мақсаттарға сәйкес педагогикалық
эксперимент үш кезеңмен ӛткізілді. Педагогикалық эксперименттің барлық
кезеңдерінде теориялық зерттеулермен қатар оқу үдерісін ұйымдастыру жүзеге
асырылды.
2000-2003 жылдары кезеңінде зерттеу тақырыбы бойынша қарастырылған
педагогикалық жоғары оқу орындарында физика саласында білім беруді
ақпараттандыруды дамытудың ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздері
философия, педагогика, психология, әдістеме ғылымының жетістіктеріне
негізделді, оқыту мәселелері бойынша анықтаушы эксперименті жүргізілді.
Зерттеу мәселесіне байланысты университет студенттерімен, профессор
оқытушылармен және мектеп мұғалімдерімен сауалнамалар жүргізілді.
Эксперименттің келесі қалыптастыру кезеңінде 2003-2006 жылдары
аралығында педагогикалық жоғары оқу орындарында физика саласында білім
беруді ақпараттандыруды дамытуға бағдарланған модель құрылып, әдістемелік
жүйе жасалды. Сонымен қатар, студенттердің ақпараттық құзыреттілігін
қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен жүйесі ғылыми негізделді.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында
демонстрациялық тәжірибелерді, зертханалық жұмыстарды, эксперименттік
жұмыстарды жүргізуге арналған компьютерлік оқыту құралдары жасалып, оқу
үдерісіне енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |