Әож қолжазба құқығында



жүктеу 0,69 Mb.
бет9/20
Дата04.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#31717
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Өмірзақ А.С автореферат

Негізгі бөлім

ҮПП кезеңдері бойынша 3 кезеңге бөліп, атқарылатын жұмыстар бойынша «Танысу кезеңі», «Педагогикалық үдеріске қатысу кезеңі» және «Нәтижеге жету кезеңі» деп аталады.

1-кезеңде студент мектептің құрылымы, әкімшілігі мен басты құжаттарымен танысады. Сонымен қатар алғашқы күннен бастап өзіне бекітілген сынып оқушыларымен, оқу кабинетінің құрылымы мен сабақтың өткізілу және ұйымластырылу ерекшеліктерімен танысады.

2-кезеңде студент сынып жетекшісінің жұмысымен жақын танысып, сыныптың құжаттарымен танысуы қажет.

«Нәтижеге жету» 3 – кезеңінде студент көрген-білгенін құжатта аркылы бекітеді. Яғни 15 аптаның ішінде жасаған жұмысын, апта сайын күнделікке енгізе отырып, өз прогрессін көре алады, сонымен қатар оқушылармен сынып жетекшілік жұмыс жасай отырып, өзінің коммуникативтілік, ұйымдастырушылық қабілетін дамытады. Гигиена және физиологиялық сараптама өткізу арқылы сынып бөлмесіне қойылатын талаптармен танысады. Сонымен қатар Болдырев әдістемесі бойынша сынып оқушыларына мінездеме жасайды. Сынып жетекшінің басшылығымен сынып сағатының жоспарын жасау, ата-аналар жиналысының хаттамасын толтыру, сабақ және қоңырау кестесін жазып алу секілді танымдық-кәсіби жаттығулар жасау арқылы біртұтас педагогикалық үдеріске ене бастайды. Сол арқылы оның кәсіби білімін тәжірибе үстінде қолдану, әр-түрлі біліктердің қайталануы нәтижесінде дағдылары қалыптасады. Практика соңында портфолио, есеп және презентация көмегімен жасалған жұмысының қорытындысын жасауға мүмкіндік алады. Жоғарыда аталған жұмыстың барлығы оның болашақтағы мамандығына кәсңби бейімделуін қамтамасыз етеді.

ҮПП негізгі субъектілеріне қафедрадан бекітілген практика жетекшісі, мектептен бекітілген жетекші, сынып жетекшілері сонымен қатар студенттің өзі де кіреді. Егер де бұл субъектінің бірі өз жұмысын толық атқармаған жағдайда ҮПП мақсаты мен міндеттері толыққанды орындалмайды. Сондықтан, үниверситет және мекеме (мектеп) тарапынан бекітілген жетекшілердің қаншалықты дұрыс бағыт көрсетуі, студенттердің практиканы табысты өтуінің кепілі бола алады. Осы мақсатты көздей отырып, біз келесі модельді студенттерге практикаға бармас бұрын таныстыру дәрісі мен нұсқау ретінде ұсынамыз. Бұл модельдің әр құрамдас бөлігі қысқаша жазылғанымен, әр пунктіне ерекше көңіл қойып, жұмыс бағдарлмасына сүйене отырып, студенттерге жағымды педагогикалық-психологиялық орта қалыптастыру қажет деп есептейміз.

Үздіксіз педагогикалық практиканың негізгі мақсаты:


  • Студенттердің ЖОО-да алған теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, алған білімдерін оқушылармен оқу-тәрбие жұмысында пайдалануға үйрету;

  • Мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын бақылау және талдау жасай білу іскерліктерімен қаруландыру;

  • Педагогика, психология және әдістеме пәндерінен алған білімдеріне сүйеніп, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге үйрету;

  • Оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, әр түрлі типті сабақтарды өткізуге студенттерді дайындау;

  • Түрлі тәрбие әдістерін кешенді түрде қолдана отырып, тәрбие жұмыстарын жүргізуге үйрету;

  • Мұғалім мамандығына деген сүйіспеншіліктерін дамыту және бекіту, педагогикалық қабілеттерін жетілдіру.
    Үздіксіз педагогикалық практика мынадай шарттарға сәйкес жүзеге асырылады:

- мұғалімнің кәсіби қызметінің нысаны ретінде тұтас педагогикалық үдерісті түсінуге бағытталған теориялық және тәжірибелік сабақтардың өзара байланысы;

- педагогикалық практиканы ұйымдастыруда жылдан жылға студенттердің оқу іс-әрекетін қиындату.
- классикалық және инновациялық психологиялық-педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін біріктіру.

Сурет 1 - ҮПП арқылы студенттердің кәсіби бейімделуін қалыптастыру моделі
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына» сәйкес психологиялық-педагогикалық білім беру пәндерінің жиынтығы 1, 2 курс бойынша үздіксіз педагогикалық практика мыналарды қамтиды:
1) бірінші курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық тәжірибесі («мектеп күні»);

2) 2 курс студенттерінің оқу-тәрбие тәжірибесі («мектеп күні»).

Үздіксіз педагогикалық практиканың маңыздылығы — оқу-тәрбие процестерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Мұндай іскерлікті саналы түрде үйрену қажет. Тәрбиелеу мен оқыту педагогикасын және психологиясын терең үйрену, педагогикалық құбылыс мәнінің механизмін жете түсінуіне мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орны өзінің қалыптасуының алғашқы жылдарынан бастап педагог кадрларды кәсіби-педагогикалық даярлаудың және жетілдірудің мүлдем жаңа, шынайы ғылыми теориясын әзірлеуі тиіс еді.

Нарықтық экономика жағдайында “ағартушылықтағы алып міндеттерді” тек таптық рухы, идеялық сенімдері, кәсіби-этикалық сапалары жаңа педагогтар ғана шеше алады. Жаңа қоғамда кәсіптік оқыту педагогтарының жоғары құқықтары мен өскелең үрпақ тәрбиесінде жоғары жауапкершілігі танылып отыр. Енді біз өзінің халқымен, оның рухымен тығыз байланыста болып, өзіне жүмысшылар тобын тартуға, оларды жалпыадамзаттық қүндылықтар рухымен сусындатуға, оларды үлттық мемлекеттің жаңарған қоғамының міндеттерімен қызықтыра білуге тиіс кәсіптік оқыту педагогы мамандарының түтас армиясын тәрбиелеуіміз қажет. Кәсіптік оқыту педагогының беделі, еңбегінің әлеуметтік мәнінің жоғарылығы оның рухани өсуіне және шынайы жоғары атаққа ие болуға жан-жақты даярлануы, берік ғылыми білімдер жүйесін игерудегі жүйелі жүмыс арқылы қамтамасыз етіледі. Дегенмен ғылыми білімдер оларды практикада қолдану іскерліктерімен үйлесімде болғаны жөн.

Кәсіптік оқыту педагогын даярлау жөніндегі мәселені шеше отырып, Президент Жарлығы арқылы жаңа қазақ зиялыларының ең көп санды жаңа отрядын қалыптастырудың жолдарын анықтады. Педагогикалық білім берудің жаңа жүйесін жасау жөніндегі бағдарлама халыққа білім беру жөніндегі заңда баяндалды, онда болашақ педагогтардың теориялық даярлығының кәсіптік және жалпы еңбек практикасымен тығыз байланысы, сондай-ақ студенттерге жеткілікті кең білім берудің қамтамасыз етілу қажеттілігі атап көрсетілді. Республиканың білім және ғылым министрлігі педагогикалық семинарлардың, курстардың, педагогикалық институттардың іс-әрекетін жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізуде. Педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерінің бірыңғай еңбек мектебінің оқу жоспарындағы барлық пәндер бойынша еркін бағдары болуы тиіс, өйткені оларға тектес пәндер тобы бойынша сабақ жүргізуге тура келеді.

Болашақ педагогтардың теориялық және практикалық даярлықтарын үйлестірудің мәні және жолдары жөніндегі мәселе қызу талқыға түсті. Әртүрлі тұрғыдан қарастыру, сан қилы көзқарастар байқалды. Біреулері практикалық даярлықтың ролін асыра бағаласа, екіншілері оған жеткілікті мән бермеді, кейде болашақ педагогтардың теориялық даярлығының қажеттігі, содан соң оқудың соңғы кезеңінде теорияны практикада қолдану керектігі дәлелдене отырып педагогикалық даярлықтың ролі ашық түрде теріске шығарылды.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары педагогикалық университеттер мен мұғалімдік семинарияларда, үш жылдық педагогикалық курстарда практика тек соңғы курста үйымдастырылып, оған уақыттың 4%-зы ғана бөлінді. Н.К.Крупская мұны сынға алды, өйткені ол педагогикалық теория мен мектеп практикасының ажырауына апарып соқтыратын .

Студенттердің кәсіби бейімделуінің факторлары мен деңгейлерін анықтау үшін экспериментке кірістік.

Экспериментке АКК-81, МК-81, МИК-81, ИК-81 топтарының студенттері қатысты. Аталған топтармен кәсіби бейімделу деңгейі мен бейімделу факторларын анықтау үшін М. А. Дмитриеваның «Әлеуметтік-психологиялық кәсіби бейімделуді бағалауға арналған әдістемесі» өткізілді. Әдістемеге жалпы 42 студент қатысты.

Мақсаты: Сауалнама қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық кәсіби бейімделу деңгейін, бейімделу фактораларын анықтауға бағытталған.

Зерттеу барысы: анықтаушы экспериментте зерттелуші әдістеменің 59 сұрағының әрқайсысына, «а», «б» немесе «в» деп жауап беруі керек. Сауалнаманы өткізу үшін сауалнама мәтіні және тіркеу бланктарының болуы қажет. Зерттеу шамамен 15-20 минут алады.

Студенттерге берілген сауалнама сұрақтарын төменде көре аласыздар.(Қосымша А)


жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау