Әож қолжазба құқығында


Кіріспе Зерттеудің өзектілігі



жүктеу 0,69 Mb.
бет2/20
Дата04.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#31717
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Өмірзақ А.С автореферат

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда білім беру - әрбір тұлғаның даралығын ашу, жеке тұлға ретінде дамыту, бейімділігін қалыптастыруға бағытталса, сол жаңа жүйенің негізі бүгін көрініс тауып, қазірден нәтижесін беруі қажет. Сондықтан әрбір педагог өз қызметінің мазмұнын тәжірибемен байланыстыра отырғаны дұрыс .

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды" - деп атап көрсеткен.

Білім саясатының өзекті мәселелерінің бірі – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде білімнің рөлін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Үздіксіз педагогикалық практикада студенттердің кәсіби бейімделуін қалыптастыруды зерттеген ғалымдар: Игібаева А.К., КунапьяноваА.Д., ШакаримоваК.К., Мышко Н.С., Громова О.А., Кадырбаева О.А., Д.А. Медведев, Панкеевич Г.И., С.И.Сысоеваның, Г.Ю.Гущина, Comrie Bernard, Crystal David, Dutcher Nadine, Richard Tucker, Lambert Wallace, E.B. Maria Estela.

Үздіксіз педагогикалық практиканың аса қажеттілігі басқа да мемлекеттік ресми құжаттардан көрініс табады. Атап айтқанда: Жоғары оқу орындары білім алушыларының практика түрлерін ұйымдастыру және өткізу тәртібі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы және т.б.

Үздіксіз педагогикалық практикада студенттердің кәсіби бейімделуін қалыптастырып шындайды. Әр студенттің басты қызығушылығы тәжірибе барысында жүзеге асады, осы мәселені қазіргі танда өзекті және қолға алынуы шарт деп айтсақ қателеспейміз. Бәсекеге қабілетті құзырлы болу үшін, әрине, үздіксіз іздену, кәсіби білімді жетілдіру, тәжірибе алмасу, шығармашыл болу қажет екені белгілі. Студенттердің болашақ мамандықтарының қырсырын ашып, кәсіби бейімдеуге үздіксіз педагогикалық практиканын алатын орны ерекше. Тәжірибені өткеннен кейін шатыққа бөленіп, оқуға деген шабыттары, мамандықтарына деген құрметі арта түседі.

Студенттердің практикасы жоғары оқу орындарында теориялық оқу барысында алған білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады. Болашақ маманға университет қабырғасында білімділік және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет. Мұғалімге аса қажеттілігі: педагогикалық мамандыққа бейімділік, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және мұғалім мамандығын тандай алудағы айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншшік және т.б. қасиеттер.

Студенттердің ЖОО-ға бейімделуінің бағыттылығының қалыптасу ерекшелігі қазіргі заман талабына сай жүзеге асады. Жалпы студенттердің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы оқу процесінің ұйымдастырылу деңгейіне, оқытушының іскерлігіне, студенттердің ғылыми жұмысының ұйымдастырылуына тәуелді. Ал оқу процесінде қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер кәсіби маман ретінде біртіндеп ЖОО-на студенттердің бейімделу жолдарының бірі психологиялық тренингтер арқылы жетілудің бірден бір жолы болып табылады.

Сондай-ақ оқыту процесін белсенділендірудің тәсілі ретінде студенттердің практика өтуі және оны дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Жалпы кәсіби бейімделу үшін психологиялық тренингтерді де пайдаланудың тиімділігі көп. Жалпы білім алу процесі мен кәсіби білім алудың айырмашылығы да осында , яғни болашақ мамандарды болашақ кәсіптерімен тәжірибелі ұштастыр отырып оқыту.

Бүгінгі таңда педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық. Жұмыстың теориялық бөлімі кәсіби жетілу мәселесінің психологиялық ғылыми әдебиеттерде алатын орнын талдаумен сипатталады.

Проблемамызды теориялық жағынан түсінуде психологтардың кәсіпқойдың тұтас тұлға ретінде қалыптасуын зерттеуге көңіл бөлу фактісі ерекше назар аударады. Елімізде психология ғылымының дамуына үлес қосып жүрген ғалымдар Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Х.Шериязданова, С.М.Жақыпов және т.б. еңбектерінде маманның қалыптасу процесін дәстүрлі түрде зерттеу еңбек адамын жұмысшы мамандығының талаптарына қалыпты бейімделуін қамтамасыз ететін жекелеген психикалық қасиеттерді, психо-физиологиялық қызметтерінің жиынтығын игерген қандай да бір жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Кәсіпке бейімділік адамның еңбекті атқарған кезінде байқалатын, ежелден жеке адам басына тән сапа ретінде түсіндіріледі.

Зерттеу жүйесінде келесі мәселелер: жоғары мектеп педагогикасында педагогикалық практиканың орны мен маңызы туралы А.П.Сейтеше, А.В.Усова, Г.А.Бакулина, Е.Б.Весна, Ш.А.Абдраман, О.А.Абдуллина, В.А.Сластенин, С.Я.Батышев, Б.К.Момынбаев, В.В.Егоров, Б.Ә.Әбдікәрімов, Н.Д.Хмель; тәрбие жұмысында педагогикалық іскерліктерді қалыптастыру Н.В.Кузьмина, Л.К.Керімов, Т.П.Смолкина, А.А.Калюжный, Г.К.Нұрғалиева, тәрбие жұмысы саласындағы педагогикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу іскерліктері, болашақ педагогтардың гностикалық іскерліктері В.К.Елманова, студенттердің ұйымдастырушылық іскерліктері А.И.Пискунов, тәрбие жұмысындағы болжамдык іскерліктер Н.В.Кузьмина, оқушы тұлғасының қалыптасу процесін басқару іскерлігі С.Яковлев, студенттердің педагогикалық практика кезеңіндегі оқу жұмысында кәсіптік іскерліктерін қалыптастыру Б.Р.Айтмамбетова, Г.А.Засобина, Л.И.Гусев, ата-аналармен жұмыс жасаудың педагогикалық іскерліктері Г.К.Байдельдинова, Н.Иванова мәселелері ерекше мәнге ие болды.

Сонымен қатар педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды педагогикалық практика жағдайларында қалыптастыру В.А.Сластениннің, О.А.Абдуллинаның, Н.В.Кузьминаның, А.И.Щербаковтың, В.В.Воробьеваның, Г,И,Михалевскаяның, А.И.Панталееваның және т.б. жұмыстарында, практиканың оқу процесі мен студенттердің өз бетінше жұмыстарындағы рөлін және орнын анықтау. А.П.Упорованың , Н.А.Шамковтың, М.К.Танасейчук, Н.Е.Жақсылықованың, Г.М.Сарсенбаеваның, А.Б.Бекманованың, мұғалім тәрбиеші даярлауды жетілдіру В.А.Радионованың, А.Ф.Линенконың, К.С.Төребаеваның, А.Б.Нургожинаның, К.Әбдімәжитұлының, К.І. Аманқұловтың, А.И. Балабаеваның, С.А.Жолдасбекованың топ кураторы профессиограммасын құрастыру, Н.З.Еловаяның, В.К.Розовтың, С.Ш.Әбенбаевтың және т.б. ғылыми еңбектерінде зерттеулер жүргізілген.


жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау