Зерттеудің практикалық мәні: зерттеу барысында Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-де үздіксіз педагогикалық практиканы өтетін студенттерге бақылау жүргізілді. Студенттермен сауалнама, топтық әңгіме сұхбат, жүргізілді. «ҮПП-да студенттердің кәсіби бейімделуін қалыптастыру» моделі жасалды. Ұсынылған модель жоғары және орта оқу орнындағы студенттердің кәсіби бейімделуін қалыптастыруда және мектеп мекемесінің кадрларының білімдерін жетілдіруі курстарында пайдалануға; үздіксіз педагогикалық практиканы зерттеу бойынша жұмыс істейтін педагогтар мен психологтар пайдалана алады; зерттеу материалдарын мектеп әдіскері педагогтарының білімін жетілдіруде қолдануына болады.
Достарыңызбен бөлісу: |