Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет13/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66

31
 
 
Ғылыми  әдебиеттерді  талдау  барысында  біз  мұғалімнің  «кәсіби 
құзыреттілігі»  (Б.С.Гершунский,  Т.В.Добудько,  А.К.Маркова,  т.б.)  ұғымын 
«педагогикалық  құзыреттілік»  түсінігінің  (Л.М.Митина,  т.б.)  синонимі 
екендігін,  сондай-ақ,  екі  терминнің  қатар  қолданылатынын  байқадық 
(Н.Н.Лобанова,  т.б.).  Бірқатар  авторлар  осы  ұғымдарды  біріктіріп  «кәсіби-
педагогикалық  құзыреттілік»  деген  ортақ  атау  береді  (Ю.Н.Кулюткин, 
Г.С.Сухобская,  т.б.).  Э.М.Никитинаның  пікірінше,  педагогтың    құзыреттілігі 
оның ажырамас кәсіби және жеке сипаты ретінде, оның қазіргі уақытта қоғамда 
қабылданған  нормалар  мен  стандарттарға  сәйкес  кәсіби  және  педагогикалық 
функцияларды орындау даярлығы мен қабілеттілігін айқындайды. 
А.К.Маркова кәсіби педагогикалық құзыреттілікті – «мұғалімнің қызметін 
жүзеге  асыруға  қажетті  білім,  дағдылары,    психологиялық  қасиеттері  және 
олардың  нормативтік  стандарттар  мен  нормаларға  сәйкес  іс-әрекетінің 
жиынтығы»  тұрғысынан  айқындайды.  Оның  педагог  құзыреттілігі  туралы 
түсінігіне  үдеріс  (педагогикалық  қызмет,  педагогикалық  қарым-қатынас, 
жекелік) және  еңбегінің нәтижесі (оқушыларды оқуы мен тәрбиелілігі) кіреді. 
Ол  «мұғалімнің  білімі  мен  білігі  оның  еңбегінің  шынайы  құрылымынан 
тұрады», – деп жазды [51, с. 93]. Ол педагогтың  кәсіби құзыреттілігін зерттей 
отырып, оқытудың тиімділігін қамтамасыз ететін дағдыларды және педагогтың  
жеке  қасиеттерін  топтастырады  және  педагогтың  кәсіби  құзыреттілігі  – 
«жеткілікті  жоғары  деңгейде  педагогикалық  қызмет,  педагогикалық  қарым-
қатынас, мұғалімнің тұлғасы жүзеге асырылатын, сондай-ақ оқушыларды оқыту 
мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізетін ерекше еңбек», – екендігін 
көрсетеді [52, с. 57].   
Сондай-ақ, 
мұғалімнің 
кәсіби 
құзыретін 
Г.М.Коджаспирова 
«педагогикалық  қызметтің  қалыптасуын,  педагогикалық  қарым-қатынастарды 
және белгілі бір құндылықтарды, идеалдар мен педагогикалық сана-сезімді ұстаз 
ретінде қалыптастыруды оқытушының жеке басын анықтайтын қажетті білім» 
ретінде түсіндіреді [53, с. 62].  
Осы  айтылғандардан  басқа  да  бірқатар  ғалымдардың  педагогтың    кәсіби 
құзыреттілігіне  берген  анықтамаларын  талдау  (кесте  6)  мұғалімнің  кәсіби 
құзыреті  оның  жеке  мүмкіндіктерін,  оған  педагогикалық  тапсырмаларды 
дербес  және  тиімді  шешуге  мүмкіндік  беретіндігін,  кәсіби  қызметіндегі 
теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін және т.б. қамтитындығын 
көрсетті. 
 
 
 


32
 
 
Кесте 6 - Ғалымдардың «кәсіби құзыреттілік» ұғымына берген анықтамалары 
 
Автор 
Анықтама 
В.А.Сластенин  
 
жеке  тұлғаның  кәсіби  іс-әрекетті  атқару  мақсатында  теориялық  және 
практикалық дайындығы мен қабілеттерінің бірлігі  
Н.Н. Тарасевич 
кәсіби педагогикалық әрекетті өзіндік ұйымдастыру  
А.К.Маркова 
 
педагогикалық  іс-әрекет  пен  педагогикалық  қарым-қатынас  жоғары 
деңгейде  атқарылатын,  мұғалім  тұлғасы  іске  асырылушы,  білім 
алушылардың  тәрбиелілігі  мен  білім  беру  нәтижелері  жақсы  нәтиже 
беруші  
Н.В.Кухарев  
 
психологиялық-педагогикалық  даярлықтың  жоғарғы  деңгейімен 
ерекшеленетін жеке тұлғаның белгілі сапаларының жиынтығы  
Н.Н. Лобанова 
кәсіби- білім берушілік, кәсіби-әрекеттік, кәсіби-жеке тұлғалық  
М.И. Лукьянова 
 
педагогикалық  өзара  әрекет  процесінде  көрінетін  білім  мен 
практикалық іскерлік, мінез-құлық арасындағы өзара келісімділік 
Л.Ю. Кривцов 
 
маманның  білім,  іскерлік  және  дағдыларды  меңгеруін  көрсететін 
сапаларының жиынтығы  
Б. Т. Кенжебеков  
 
өз  әрекетiмен  кәсiби  iс-әрекеттiң  түпкi  нәтижесiне  сай  талаптарға 
жауап беретiн жұмыстарды орындау  
С.Г.Вершловский  мұғалімнің  таным  процесінде  алынған  білім  мен  тәжірибе  негізінде 
пайда болған проблемалар мен міндеттерді тез шешуге қабілеттілігі  
Т.М.Сорокина 
педагогикалық қызметті жүзеге асыруға теориялық және практикалық 
дайындығының бірлігі  
И.А.Зязуна, 
Л.Г.Семушина  
 
құндылық бағдарлар жүйесі, өнімді жұмыс үшін тікелей қажет болатын 
білім-білік,  дағдылар,  қоғамда  оңтайлы  өмір  сүруді  қамтамасыз  ету, 
жұмыс  және  коммуникация  субъектілерінің  жайлылығы,  сондай-ақ 
жеке тұлғаны толықтай дамыту  
Ю.К.Бабанский 
В.М.Монахов  
еңбек нәтижесіне қатысты функцияларды атқаруға мүмкіндік беретін 
жағдай 
 
Аталған ғалымдар еңбектерінде педагог құзыреттілігінің негізгі бағыттары 
көрсетіледі: 

жеке және гуманистік бағыттылық

 кәсіби-педагогикалық жағдайдағы жүйелік әрекеттерге қабілеттілік; 

пән шеңберіндегі бағыттылық;  

заманауи педагогикалық технологияларды игеру; 

 ақпаратпен өзара әрекеттесу және білім туралы ақпарат беру

кәсіби саладағы шығармашылық; 

рефлексиялық мәдениеттің болуы; 

эмпатия; 

толеранттылық [54]. 
Сонымен,  құзыреттілікке  адамның  бағыты,  оның  стереотиптерді  жеңу 
қабілеті,  түсінігін,  ойлау  икемдігін  көрсету  жатады.  Құзыреттілік  тиісті 
құзыреттілігі  бар  адамға,  соның  ішінде  оған  және  оның  қызмет  субъектісіне 
деген  жеке  көзқарасына  ие  бола  алу  [55].  Кәсіби  құзыреттілік  деп  маманның 
жеке  бас  сапалары  мен  оның  психологиялық-педагогикалық  және  теориялық 
білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнаға тоғысуы 
деуге болады  [50, б.190]. 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау