Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет12/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66

29
 
 
Біз  мұғалімнің  «басқару  құзыреттілігі»  ұғымының  мәнін  анықтау 
барысында педагогика саласындағы құзыреттілік түсінігіне тоқталып өтуді жөн 
көрдік.  Педагогикалық  әдебиеттерде  «құзырет»,  «құзыреттілік»  терминдері 
жиі қолданылады және белгілі дәрежеде ретке келтірілген. Э.Р.Саитбаева өзінің 
еңбегінде  ғалымдардың  құзыреттілік  түрлерін  3-тен  37-ге  дейін  бөліп 
көрсеткендігін айтады [35,36]. Бұл ұғымдардың кеңінен қолданылуы білім беру 
жүйесін жаңғырту қажеттілігіне байланысты негізделген. 
Н.Э.Онищенко  көрсеткендей,  шетелдік  зерттеулерде  «құзыреттілік»  жеке 
психологиялық  қасиет  ретінде  түсіндіріліп,  оның  құрамында  дербестік, 
коммуникативтік,  тәртіптілік,  өзін-өзі  дамыту  сапалары    қарастырылады 
(Э.Шорт, Дж.Равен, т.б.) [37-40]. 
ТМД  елдері  мен  отандық  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде 
«құзыреттілік»  терминін  белгілі  бір  қызмет  түрімен  жиі  байланыстырады. 
«Құзыреттілік»  белгілі  бір  саладағы  білімдер  мен  біліктер  тұрғысынан 
түсіндіріледі. Ал,«құзырет» ұғымы кез келген тұлғаның, ұйымның құқықтарын 
білдіреді [41]. 
Отандық  ғалым  К.С.Құдайбергенева  «құзыреттілікті»  педагогиканың 
категориясы  тұрғысынан  жан-жақты  зерделеген.  Оның  пікірі  бойынша, 
педагогика  саласындағы  мұғалімнің  құзыреті  –  нені  білуін,  нені  түсінуін, 
меңгеруін  немесе  неге  қабілетті  екендігін  көрсетуі,  қандай  да  бір  сұрақтар 
төңірегінде беделді түрде шешім шығаруы [42]. 
Сондай-ақ,  Н.И.Алмазова  құзыретті  –  адам  қызметінің  белгілі  бір 
саласындағы білім мен дағды деп, ал құзыреттілікті аталған құзыретті сапалы 
қолдану  деп  түсінеді  [43].  Н.Н.Нечаев  құзыреттілікті  «өз  ісін,  орындалатын 
жұмыстардың  мәнін,  күрделі  байланыстар,  құбылыстар  мен  үдерістерді, 
мақсаттарға  жету  жолдары  мен  құралдарын  мұқият  білу»  деп  түсіндірсе, 
[44,с.14].  Н.Ф.Талызина,  М.Ж.Джадрина  және  т.б.  авторлардың  пікірінше, 
«білім»,  «білік»,  «дағды»  сөздері  «құзыреттілік»  ұғымын  нақты  сипаттай 
алмайды,  өйткені  «құзыреттілік»  –  білімді,  білікті,  дағдыларды  және  өмірлік 
тәжірибені  қабылдауды  игеру  деп  тұжырымдайды  [45,  46].    Кейбір  авторлар 
педагог 
құзыреттілігіне 
бастамашылық, 
жауапкершілік, 
ынта-жігер, 
мақсатшылдық, өзін-өзі қамтамасыз ету, еңбекқорлық сияқты жеке қасиеттерді 
жатқызады. 
А.В.Хуторской да «құзырет» пен «құзыреттілік» ұғымдарының мағынасын 
бөліп көрсетеді. Құзыреттілік – белгілі бір субъектілер мен үдерістерге қатысты 
қажетті  және  анықталған  өзара  байланысты  жеке  қасиеттердің  (білім,  білік, 
дағды,  қызмет  тәсілі)  жиынтығы»  деп  көрсетсе,  [47,  с.60],  В.Ю.Кричевский 
ғылыми әдебиеттерде «құзыреттілік» ұғымына берілген жалпыға бірдей түсінік 
жоқ  деп  есептейді,  дегенмен  ол  табысты  қызмет  үшін  білімнің  болуы;  осы 
білімдердің  практикада  маңыздылығын  түсіну;  жедел  дағдылар  жиынтығы; 
кәсіби  қызметке  шығармашылық  көзқарас  сияқты  оның  белгілерін  келтіреді 
[48,49]. 
Жоғарыда көрсетілген анықтамалар «құзыреттілік» ұғымын: 


30
 
 

маманның  дайындығын,  «қабілеттілігін»  көрсететін  білім  беру 
нәтижесі; 

қоршаған ортаны өзгерту мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін 
білім, білік, дағдыларды біріктіру нысаны тұрғысынан сипаттайды. 
Біздің  ойымызша,  құзыреттіліктің  мағынасы  білім,  білікке,  дағдыға 
қарағанда  кеңірек,  өйткені  олар  белгілі  бір  бағытты,  қабілетті,  сипатты 
қамтиды. 
Біздің  осы  ойымызды  5-кестеде  берілген  ғалымдардың  анықтамалары 
дәлелдейді.  Берілген  анықтамаларда  құзыреттілік  тұлғаның  кіріктірілген 
қасиеті,  жеке  қасиеті,  шешім  шығару  іскерлігі,  жеке  сапасы,  мінездемесі 
тұрғысынан айқындалған.  
 
Кесте 5 -  Ғалымдардың «құзыреттілік» ұғымына берген анықтамалары 
 
Автор 
Анықтама 
Ш.Т.Таубаева  
 
оқыту  мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен 
тәжірибеге  негізделген,  оның  жалпы  қабілеті  мен  іс-әрекетке 
даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті  
Б.А.Тұрғынбаева  
 
өзінің  практикалық  әрекеті  арқылы  алған  білімдерін  өз  өмірлік 
мәселелерін шешуде қолдана алуы  
М.Ж.Джадрина  
 
мәселелерді  өзіндік  даму,  өзіндік  басқару, білім,  икемділік,    
дағдыны  пайдалана  отырып  шешуі  
К.С.Құдайбергенева   қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығару  
Л.М.Митина  
 
«білім,  дағды,  білік,  сонымен  қатар  практикада,  тілдесімде,  жеке 
тұлғаның өзін-өзі дамытуда қолданатын тәсілдері 
Н.Кузьмина,  
А.Маркова, 
К.Махмурян  
білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке  қасиеті  
 
В.Н.Шамов  
 
ақиқаттың  аясындағы  білім,  білік,  тәжірибе,  саналы  бағдар 
жиынтығы  
М.А.Ғалымжанова  
 
күнделікті  өмірдің  нақты  жағдайларында  пайда  болатын 
проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін 
қабілеттілік  
Г.Қ.Айқынбаева  
 
оқыту  нәтижесін  өзгермелі  жағдайда  меңгерген  білім  дағдыны 
тәжірибеде қолдана алу, мәселені шеше білу, оқушылар дайындығы 
сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа  
Ю.Н.Кулюткин 
тұлға мінездемесі 
 
Сондай-ақ,    біздің  диссертациялық  зерттеуіміз  үшін    мұғалімнің  кәсіби 
құзыреттілігі 
қарастырылған 
зерттеулер 
қызығушылық 
тудырады. 
Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  өткен  ғасырдың  80-жылдарына 
дейін  «мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігі»  түсінігі  өте  сирек  кездеседі.  90-
жылдардың  соңынан  бастап  қазіргі  уақытқа  дейінгі  кәсіби  құзыреттілік 
мәселесіне 
арналған 
жұмыстарды 
талдау 
(Т.Г.Браже, 
К.Маркова, 
В.Ю.Кричевский,  Г.Меңлібекова,  Б.Кенжебеков,  Ш.Т.Таубаева,  Н.Н.Хан, 
К.С.Құдайбергенева, К.М.Беркімбаев  және т.б.) бұл құбылыстың күрделілігін, 
оның түсіндірмелерінің кеңдігі мен алуан түрлілігін көрсетеді. 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау