Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет16/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66

37
 
 
қызметін  жүзеге  асыру  үшін  қажет  «басқарушылық  құзыреттілік»  терминіне 
қатысты  болып  келеді  [75].  Жеке  компонент  және  «басқару  құзыреттілігі» 
түсінігіне  И.В.Ильина  берген:  «...  басқару  тәжірибесі,  кәсіби  маңызды  білім, 
менеджер ретінде табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдылар мен жеке 
қасиеттер,  сондай-ақ  осы  білімді  жаңартуға  деген  ұмтылыс»,  –  деген 
анықтаманың маңызы өте жоғары [76, с.194].  Мұғалімнің басқару құзыреттілігін 
айқындаудың жеке құрамдас бөлігі туралы  Э.Ф.Зеер, А.К.Маркова көзқарастары 
да жетекші рөл атқарады [52, с.83;77]; олар басқарушылық құзыреттерді белгілі 
бір түрлерге бөледі – тұлғалық құзыреттілік (жеке өзін-өзі көрсету әдісі мен өзін-
өзі  дамыту,  адамның  кәсіби  деформацияларына  қарсы  тұру  құралдары)  және 
жеке құзыреттілік (өзін-өзі реттеу және кәсібі шегінде даралықты дамыту, өзін-
өзі  қорғау  қабілеті  және  т.б.).  Жоғарыда  келтірілген  талдау  төмендегідей 
қорытынды жасауға мүмкіндік береді, осы тұрғыда басқарушылық құзыреттілік 
менеджердің  жеке  сипаттамаларының  дара үлгісі  ретінде  ұсынылады,сонымен 
қатар,  басқарушылық  құзыреттілік  тұжырымдамасының  құрылымы  басқа 
тәсілдермен анықталуы мүмкін. 
Басқарушылық  құзыреттілік  ұғымын  талдай  келе,  біз  осы  тәсілдерде 
басқару  құзыреттілігінің  мазмұнының  ерекшелігі  нашар  байқалатындығы 
туралы тұжырымға келдік. 
Сондықтан 
біз 
өззерттеуімізде 
«басқарушылық 
құзыреттілік» 
тұжырымдамасын  құзыреттілік  тәсілі  аясында  қарастыруға  назар  аударамыз. 
Өйткені  құзыреттілік  тәсіл  –  оқу-танымдық  қызметті  ұйымдастыруға 
бағытталған әртүрлі салаларда әртүрлі жағдайларды модельдеу арқылы жүзеге 
асады [78]. 
Біз  осы  көзқарасты  ұсынылып  отырған  диссертациялық  зерттеудің  іргелі 
әдістемелік тәсілдерінің бірі ретінде барынша нақтырақ қарастырамыз. 
Бірқатар  зерттеушілердің (Э.Ф.Зеер, Д.А.Иванов, Т.В.Иванова және  т.б.) 
пікірінше,  құзыреттілік  негізін  қалаушы,  грекше  «atere»деп  аталатын  адам 
күйінің  мүмкіндігін  зерттеген  Аристотель  –  «ол  дамыған  және  жетілдірілген 
күш,  ол  жеке  тұлғаға  тән  ерекшелік  болды»  [79].  И.А.Зимняя,  В.И.Байденко, 
А.В.Хуторской  еңбектерінде  білім  беру  саласындағы  құзыреттілік  тәсілінің 
дамуы  үш  кезеңге  бөлінеді,  оларды  жалпы  келесі  түрде  ұсынуға  болады.Білім 
беру  саласындағы  құзыреттілік  тәсілін  дамытудың  бірінші  кезеңінде 
зерттеушілер  нақты  қызметте  туындайтын  жағдайларға  назар  аударды.  
Дегенмен  қазіргі  өмір  жағдайлары  күрделілігі  мен  динамикасының  артуымен 
сипатталады. Бұл адамдар күрделі динамикалық ортада жұмыс істей алу керек 
дегенді  білдіреді.  Құзыретті  білім  адамға  бейтаныс  жағдайларда  жаңа 
мәселелерді шешуге көмектесуі керек. 
 Сондықтан білім беруде әртүрлі дағдыларды үздіксіз дамытуға мүмкіндік 
беретін негізгі құзыреттіліктерге ерекше көңіл бөлінді. 
Білім  берудегі  құзыреттілік  тәсілін  дамытудың  екінші  кезеңінде 
құзыреттілік синтетикалық түсінік болып табылатыны анықталды, ол нақты өмір 
жағдайына сәйкес келетін міндеттерді шеше алады. Осы кезеңде зерттеушілер 
«әлеуметтік  құзыреттілік  /  құзыреттілік»  тұжырымдамасының  мазмұнына 


38
 
 
жүгінеді. Сонымен бірге осы кезеңде қызметтің түріне қарай құзыреттілік те сан 
алуан  түрге  бөлінеді,  ал  құзыреттілік  дәлелді  қабілеттермен  анықталады  және 
құндылықтармен байланысты болады. 
Құзыреттілік мәні бойынша талқылаудың үшінші кезеңі халықаралық білім 
беру зерттеулерімен байланысты, олар әртүрлі елдердегі білім берудің дамуына 
әсер ететін, құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін факторларды анықтауға 
мүмкіндік  берді.  Бұл  DeSeCo,  PISA,  ALL  және  т.б.  бағдарламалар.  Үшінші 
кезеңде  ЮНЕСКО-ның  материалдарында  құзыреттілік  аясында  білім  берудің 
нәтижесі қазірдің өзінде қарастырылуы қажет. Жак Делор ХХІ ғасырдағы білім 
беру  жөніндегі  халықаралық  комиссияның  «Білім:  жасырын  қазына»  атты 
баяндамасында  білім  беруге  негізделетін  «төрт  бағананы»  қалыптастырды: 
білуді үйрену, жасауды үйрену, бірге өмір сүруге үйрену, өмір сүруді үйрену» 
және мәні жағынан негізгі жаһандық құзыреттілікті анықтады [80].  
Құзыреттілік тәсілінің идеялары қазіргі педагогикалық теорияларда көрініс 
ала  бастады.  Біз  ол  туралы  жарық  көрген  еңбегімізде  жан-жақты  айтқан 
болатынбыз  [81].  Мысалы,  педагогикалық  білім  беру  тұжырымдамасында 
(В.А.Болотов,  В.В.Краевский,  В.В.Сериков,  А.В.Хуторской,  т.б.),  онда 
құзыреттілік  көзқарас  білім  берудің  нәтижесіне  назар  аударатын  тәсіл 
болып  табылатындығына  ерекше  көңіл  бөлінеді,  нәтижесінде  алынған 
ақпараттардың  мөлшері  қарастырылмайды,  адамның  әртүрлі  проблемалық 
жағдайларда  әрекет  ету  қабілеті  қарастырылады.  Білім  берудің  басым 
мақсатты-векторлары:өзін-өзі  анықтау,  өзін-өзі  белсендіру,  әлеуметтену  және 
өзін-өзі жеке тұлға ретінде дамыту [82]. 
Біріншісі  –  мінез-құлық  тәсілі  (американдық  дәстүр),  онда  құзыреттілік 
(competency)  «адамның  негізгі  сипаттамалары»  терминінде  анықталады,  олар 
«жұмыстың  тиімді  немесе  жақсы  орындалуымен  байланысты»  болып  келеді 
және Boyatzis көрсеткендей, «ұзақ уақыт бойы әртүрлі жағдайларда көрінеді; [73, 
с.145]. 
Екіншісі  –  функционалдық  тәсіл  (британдық  дәстүр),  құзыреттілікке 
негізделген  тәсіл  бола  отырып,  жұмыс  орнында  көрсетілетін  «анық» 
құзыреттерге  баса  назар  аударады,  яғни,  функционалдық  құзыреттіктерді 
пайдалана отырып, қызметтің сипаттамаларын анықтайды. 
Үшінші – көпөлшемді және тұтас тәсіл (Франция, Германия және Австрия) 
алғашқы екі тәсілдерді біріктіреді. 
Біз 
зерттеудің 
басқарушылық 
құзыреттілікті 
қалыптастыру 
тақырыбына  өте  отырып,  басқару  құзыреттілігін  қалыптастырудың  жоғарыда 
аталған  тәсілдердің  шеңберінде  басқарудың  функционалдық  және  жеке 
аспектілері төмендегі мәселелерді қамтитынын атап өтеміз: 
-  бірқатар  зерттеушілер  (A.A.Деркач,  Е.А.Климов,  Н.В.Кузьмина, 
А.К.Маркова,  В.В.Лаптев,  А.П.Тряпицына,  т.б.)  басқару  құзыреттілігін  жеке 
тұлғаның  басқарушылық  қызметте  туындайтын  мәселелерді  және  типтік 
міндеттерді  шешу  қабілеті  ретінде  қарастырады.  Мысалы,  А.К.Маркова  [67, 
с.157] мамандықтың кең ауқымы үшін іргелі болып табылатын белгілі кәсіптік 
қасиеттерді айқындайды, ол ең алдымен басқару үшін және жалпы кәсіпаралық 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау