35
тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік, аксиологиялық тұрғыда пікір білдірген
әртүрлі көзқарастарды қарастырамыз.
Жүйелік көзқарас көптеген теориялық және қолданбалы мәселелерді
шешу үшін ғылымда кеңінен қолданылады. Жүйелік көзқарастың философиялық
негіздері
Б.Г.Ананьев,
В.П.Кузьмин,
Б.Ф.Ломов
В.Д.Шадриков,
Г.В.Суходольский, Г.С.Никифоров және т.б. жұмыстарында ұсынылған.
Жүйелік зерттеулердің жалпы міндеттері – жүйелерді талдау және синтездеу.
Талдау үдерісінде жүйе қоршаған ортадан бөлінеді: оның құрамы, құрылымы,
функциялары, қасиеттері, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасаудың
жүйелік факторлары айқындалады. Синтездеу үдерісінде оның абстрактілі
сипаттамасының негізінде құрылымы мен құрылымының толықтығы,
сипаттаманың негіздері, динамика мен мінез-құлық заңдарының анықталған
нақты жүйелі моделі құрылады. Жүйелік тәсілді қолдану нәтижесінде объективті
шындықтың күрделі құбылыстарының жүйелік сипаттамаларын алуға болады.
Жүйелік тәсілдің мәні, салыстырмалы түрде дербес компоненттер оқшау
қарастырылмайды, олардың өзара қарым-қатынасында, басқа жүйемен бірлікте
қарастырылады;ал кез келген объект жүйе ретінде де, үлкенірек қамтылатын
жүйенің элементі ретінде де қарастырылады. Біздің ойымызша, жүйелік тәсілдің
ұстанымдары «басқару құзыреттілігі» ұғымының анықтамасында байқалады.Бұл
кәсіби құзыреттілік компонентін құрайды. Осылайша, В.И.Бондарь және
И.Ильина «басқарушының – мектеп директорының басқару құзыреті – оның
кәсіби құзыреттілігінің кешенді жүйесінің ажырамас бөлігі», – деп санайды [60;
61]. Е.П.Тонконогая оқу мекемесінің басшысының қызметін басқарушылық
мамандық ретінде қарастырады, ол кәсіби және басқарушылық құзыреттілік
ұғымдарын бір-бірінен бөліп қарастырмауға тырысады [62]. М.Кяэрст басқару
құзыреті түсінігі бойынша менеджердің кәсіби құзыреті мен басқару құзыретін
теңестіре қарайды. Біздің зерттеуімізде жүйелі тәсіл негізінде, мұғалімнің
басқару құзыреттілігінің элементі, оның кәсіби құзыреттілігі жүйесінің
компоненті ретінде қарастырамыз [63].
Осы аспектілерге сәйкес басқарушылық құзыреттілік
іс-әрекетке
бағытталған және тұлғалық бағыттағы тәсілдер шеңберінде қарастырылады.
Әртүрлі қызмет түрлеріндегі құзыреттілікті анықтау негізі ретінде көптеген
ғалымдар
іс-әрекет тәсілдерін пайдаланады, өйткені құзыреттілік ақпарат
түрінде ешкімге берілмеуі, ол тек өз іс-әрекеттерін өзгерту үдерісінде ғана
қалыптасуы мүмкін (В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Г.П.Щедровицкий). Мұндай
көзқараста оқиғалар немесе құбылыстар әлеуметтік қатынастар жүйесіне кіретін
субъектілердің (басқарушы және басқарылушы) іс-әрекеті (басқару) негізінде
қарастырылады. Педагогтың басқару құзыреттілігін іс-
әрекеттік көзқарас
тұрғысынан анықтау, зерттеу И.Ф.Исаев, В.Г.Онушкин, Ю.В.Варданян,
Л.Н.Берестова, В.А.Сластёнин және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бұл
ғалымдардың зерттеулерінде педагогтың басқарушылық құзыреттілігі
басқарушылық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін теориялық және практикалық
дайындықтың бірлігі ретінде қаралады, онда мұғалімнің басқару құзыретінің
құрылымы осы дайындықты сипаттайтын басқару функцияларымен байланысты