Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет38/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74

83 
 
Осыған байланысты, оның әрдайым тұтас-біріктірілген бейнесін талдай отырып 
модульдік жүйені құрастырып, түрлендіру қажет.  
Жүйелі-тарихи  аспект  даму  жүйесінің  теориясын  құрудағы  кешеннің 
құрылымын статистикалық қарастырып қана қоймай, оның құрамы, байланысы 
мен қатынасы, фазасы, кезеңі, циклі мен деңгейін қалыптастыру мен дамуында 
қарастырады.  
Жүйелік  тәсіл  үшін  көбірек  сәйкес  келетін  жүйелі-іс-әрекеттік  аспект 
пен  тиісті  оның  құрылымын  талдау  және  синтездеудің  барлық  аспектілерін 
жүйелік тәсілде қарастырушы болып табылады. Осы принципке сәйкес барлық 
жүйелі-объектінің  құрамы  жүйеге  шығатын  құрам  мен  оның  байланысын 
анықтауды жүзеге асыратын кешеннің құрамындағы қызметін ұсынуға болады 
[88].   
Барлық  педагогикалық  жүйедегі  ашық  жүйе  үшін  сыртқы  ортаның  өзара 
байланыс  құрамындағы  процесін  көрсету  мен  жүйесін  қалыптастыруда 
қоршаған  ортасы  және  жүйесінің өзара  қатынасы  принципінің ерекше  маңызы 
болып  табылады.  Кәсіби  білім  берудегі  дуальді  жүйені  ұйымдастырудың 
шынайы  шартын  зерттеуде  оның  қоршаған  ортасына  бейімделу  мүмкіндігі, 
оның  қиын  деңгейдегі  даму  деңгейі  мен  ішкі  және  сыртқы  байланысына 
қатысты бейнесін құрайды. Қиын әлеуметтік жүйедегі түсінікте «жүйелік» пен 
«қоршаған ортасы» деген нақты шектеу жоқ. Сыртқы ортаны есептейтін негізгі 
критериялар,  тұтас  жүйенің  құрамын  құрудағы  объектінің  қатысуы  немесе 
қатыспауында болып табылады.  
Жүйені  зерттеудегі  көзқарас  бойынша  объектінің  көптеген  құрамы, 
жақтары,  ерекшеліктерін  ұсынатын  жүйенің  көп  жақты  бейнесінің  принципі 
болып  саналады.  Осы  объектінің  теориялық  бейнесі  тұтас  зерттеудегі  кейбір 
нақты  тараптардың  белгілі  бір  байланысына  шектеу  қою  отырып  талап  етеді. 
Осыған  байланысты  жүйенің  әртүрлі  аспектісін  көрсететін  бейненің  көптеген 
түрлерін  әрбір  жүйенің  түйсігін  ұсынады.  Сонымен  қатар,  әрбір  жүйенің 
көптеген  бейнесі  көптеген  материалдар  мен  көптеген  категорияларды 
көрсететін  жүйені  құруға  қатысатын  объектіні  ұсынады.  Осы  принциптің 
негізгі мәні модельдеудегі әдісті қолданады [89].    
Сонымен,  дуальділік,  бір  жағынан,  кәсіптік  оқытудың  өндірістік  саламен 
тығыз  байланысын,  өзара  әрекеттестігін,  оның  талаптарының  өзгеруіне  дер 
кезінде  жауап  қайтаруды  және  даму  үрдісін  есепке  алып  отыруды  қамтамасыз 
етеді, ал екінші жағынан, әр түрлі оқу-өндірістік ортада кәсіптік білім берудің 
мазмұнын,  ұйымдастыру  формаларын,  дидактикалық  негіздері  мен  басқа  да 
педагогикалық шарттарды кіріктіру проблемасын тудырады. Дуальді  жүйенің 
кіріктірілмеген әр түрлі сегменттерінде өзара салыстыруға келмейтін біліктілік 
сапасы мен деңгейі әр түрлі мамандар дайындалуы қаупі арта түседі. 
Бұл проблеманы шешуге белгілі бір мөлшерде мүмкіндік беретін - кәсіптік 
білім  берудің  әдіснамалық  негіздемесі  ретінде  шешуші  құзыреттіліктер 
тұжырымдамасын  немесе  неміс  терминологиясында,  шешуші  біліктіліктерді 
қолдану. 


84 
 
Болашақ  маманның  құзыреттілігіне  қатысты  –  нақты  мәселе  бойынша 
теориялық  проблемаларды  шешу  үшін  қолдана  алу  қабілеттері,  өзін  көрсете 
білу  мен    біліктілікті  қалыптастырудың  амалдары  игерген,  іс-әрекетін 
жоспарлы жүйелікпен атқаратын, тәжірибелік қатынастар, іс-әрекеттің әмбебап 
тәсілдерін  меңгеруінен  нақты  өмірлік  жағдаятта  тиімді  пайдалана  алуы, 
нәтижеге бағдарланған  сапалық критерийі деп анықтауға болады [90].  
Германияда шешуші біліктіліктер L.Reetz, Т.Reitmann, А.Schelten, J.Zabeck 
және  басқа  зерттеушілердің  еңбектерінде  сараланған.  Квалификация 
саласындағы  барлық  зерттеулер  бір  ғана  қорытынды  шығарады:  жаңа 
технологияларды қолдану процесінде өзгеріске ұшыраған талаптар нәтижесінде 
нақты  бір  мамандықпен  тікелей  байланысты  емес  көп  біліктіліктерді  талап 
етеді. Экстрафункциональды деп аталатын бұл біліктіліктерге [91]: 

абстрактілі, теориялық ойлау; 

күрделі технологиялықүдерістерді жоспарлау; 

шығармашылық және болжау; 

коммуникативтілік; 

шағын топтарда жұмыс жасау және т.б. жатады. 
Мұндайэкстрафункциональды  біліктілік  шешуші  біліктілік  болуымен  
ерекшеленеді. 
Жалпы біліктілікті үш деңгейге бөлуге болады: 
1) 
тар  радиусты  әсері  –арнайы  мамандандырылған,  монокәсіби.  Оларға, 
мысалы,  қызметкердің  басқару  саласындағы  арнайы  құқықтық  білім  немесе 
электроника  саласындағы  маманның  айрықша  дағдылары  жатады.  Әдетте, 
мұндай біліктіліктер мамандықтың нормативтік құжаттарында көрініс табады; 
2) 
орта  радиусты  әсері  –  белгілі  бір  мамандықтар  тобы  үшін.  Мысалы, 
металл-техника саласындағы мамандықтар үшін мынадай біліктіліктерді атауға 
болады: құрал-саймандар мен аспаптарды бақылау, белгілеу, сипаттама, түзету 
бекіту және сонымен қатар аралау және ағаш кесу секілді; 
3) 
кең  радиусты  әсері  –  нақты  бір  мамандықпен  байланысты  емес.  Кез 
келген профиль мамандықтарына тән мұндай біліктіліктер шешуші деп аталады 
[92]. 
А.Шелтен [76, s. 157] шешуші біліктіліктердің  келесідей топтарын атайды: 
Материальдық  білім  мен  іскерліктер,  оларға  жеке  бір  мамандық  шеңберінен 
асып  түсетін  ауықымды  қызметке  қажетті  базалық  кәсіби-практикалық  білім 
мен  дағдылар  жатады.  Бір  жағынан,  бұл  мысалы,  өлшеу  техникасы,  еңбекті 
қорғау немесе машинаға қызмет көрсету және техникалық дамуға қатысты жоқ 
салалар  бойынша  алған  универсалды  кәсіби-практикалық  біліктіліктер.  Оларға 
сызу түріндегі жұмыс нұсқаулықтарын  әрекет ету жоспарына айналдыру, яғни 
дефектіні  табу  және  бұзылудың  себебін  іздеу  және  табу,  сондай-ақ 
үнемшілдікпен  және  перспективаға  жұмыс  істеу  іскерлігі  жатады.  Екінші 
жағынан,  материалдық  білім  мен  іскерліктерге  сөйлеу  мәдениеті,  шет  тілін 
меңгеру, жалпы техникалық және экономикалық білім секілді жалпы орта білім 
мен ауқымды дағдылар енеді: 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау