Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет41/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   74

89 
 
— 
кәсіби  және  жеке  қасиеттерін,  әлеуметтік-моральдық  жетілуін 
тәрбиелеу; 
— 
еңбекті  интеллектуализациялау  үрдісіне  байланысты  зияткерлік  даму 
деңгейін жетілдіру; 
— 
студенттерді кәсіби даярлаудың мазмұнын және процесін ізгілендіру; 
— 
арнайы  пәндер  мен  өндірістік  тәжірибе  мазмұны  бойынша  әлеуметтік, 
экономикалық, психологиялық және педагогикалық білімнің рөлінің артуы; 
— 
өндірістік  және  кәсіптік  білім  беруде  қолданылатын  әлеуметтік-
экономикалық,  педагогикалық,  психофизиологиялық  қоғамдастық  негізінде 
оларды  ықпалдастыру  арқылы  пәнаралық  сипаттағы  білім,  білік,  дағдыларды 
қалптастыру; 
— 
кәсіптік оқытуда шығармашылық қағидаларды күшейту. 
Демократияландыру  мен  гуманизациялау  үдерістері  жеке  тұлғаның 
дамуына  және  оны  тәрбиелеу  мәселелеріне  әрдайым  назар  аударды.  Бұл 
мәселенің құраушылардың бірі – оқытудың субъект – субъект негізіне өтуі, ал 
бұл  тапсырмаларды  шешуде  арнайы  педагогикалық  технологияларды 
қолдануды  талап  етеді.  Мұндай  технология  құзыреттілікке  негізделген 
практикалық-бағдарлық оқыту болып саналады [108]. 
Практикалық-бағдарлық  оқыту  қазір  танымалдылыққа  ие  болып, 
оқытудың  дараланған  дәстүрлі  мүмкіндігінен:  икемділігімен  (мақсатты 
модульдерді  әртүрлі  кешендерге  топтастыру  және  қажетті  модульдерді 
таңдау  мүмкіндігі);  материалдарды  өз  бетінше  меңгерудегі  еркіндікпен; 
педагог  пен  студенттің  субъективті  өзара  қарым-қатынасымен  едәуір 
ерекшеленеді. 
Практикалық-бағдарлық  білім  беру  технологиясы  жүзеге  асыру 
шеңберінде  бастауыш  және  орта  кәсіптік  білім  беруде  мынандай  мүмкіндік 
жасайды [109]: 

арнайы  кәсіби  білім  беру  оқу  орындары  бітірушілерінің  кәсіптік 
ұтқырлығын,  олардың  өңірлік  еңбек  нарығындағы  бәсекеге  қабілеттілігін 
арттыру; 

нақты  еңбек  функцияларын  орындауға  толықтай  дайын  мамандарды 
даярлау міндетін шешу; 

бастауыш  және  орта  кәсіптік  білім  беруді  ықпалдастырудың  оңтайлы 
моделін әзірлеу; 

өңірлік  экономика  үшін  жоғары  технологиялық  өндірістердің  аса 
күрделі  кәсіптерінде  жоғары  білікті  жұмыс  кадрлары  мен  жұмысшыларды 
даярлау мәселесін тиімді шешу; 

арнайы  кәсіби  білім  беру  стандартының  талаптарының  орындалуын 
қамтамасыз  ететін  теориялық  даярлық  деңгейін  сақтай  отырып,  оқытудың 
практикалық бағыттылығын едәуір жақсарту. 
Сондықтан, әлеуметтік серіктестік жағдайында білім беру технологиялары 
арасында  келесідей  тәсілдер  мен  қағидаттарға  негізделген  тәжірибелік-
бағдарлық оқыту технологиясын бөліп көрсетеміз. 


90 
 
Іс-әрекеттік  тәсіл.  A.M.Новиковтың  пікірі  бойынша  [110],  қазіргі 
заманғы  кәсіптік  оқытудың  ерекшеліктері  белсенділіктің  ролін  азайтпайды, 
керісінше, оны барынша өзектендіреді. 
Білімді  ізгілендіру.  Л.А.Воловин  [111],  Л.Г.Семушина[112],  еңбектері 
бойынша,  ізгілендірудің  мәні  студенттерді  оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісін 
дараландыруды  қамтамасыз  етуге  бағытталған,  өзінің  қабілеттері  мен 
таланттарын ашу, әлемге және өзінің қызметіне рухани-практикалық көзқарас 
қалыптастыру,  практикалық  даярлықтың  нақты  жұмыс  орнының  талаптарына 
сәйкестігін  қамтамасыз  ету,  мамандарды  «жекелеп»  даярлау  туралы  дәйекті 
бағдар болып табылады. 
Теория  мен  практиканың  бірлігі  принципі.  Әлеуметтік  және  кәсіби 
қызмет контесіндегі оқыту, студенттердің оқуға деген белсенді және саналы 
қарым-қатынасына  сүйену,  барлық  қызмет  түрлерінде  олардың  дербестігін 
жоғарылату, 
оқытудағы 
белсенділік 
тәсілін 
толығымен 
іске 
асыру,студенттерді  практикалық  оқытуды  ұйымдастырудағы  жүйелік 
тәсіл. 
Білім  беру,  тәрбиелеу  және  даму  бірлігі  принципі.  Іс-әрекеттік  көзқарас 
тұрғысынан, кәсіптік мектепте оқитын студентті кәсіби жұмысқа дайындайды, 
тәрбиелеу  –  кәсіби  қызметке  қосу,  ал  даму  –  оның  кәсіптік  қызметінде  алға 
жылжуы. 
Шығармашылық  белсенділік  принципі  және  тәжірибелік  сабақтардың 
жеке  бағыты  кәсіптік  мектеп  түлегінің  оқу  мазмұнын  және  студенттің  жеке 
тұлғасының  талаптары  мен  сұраныстары  арасындағы  алшақтықты  еңсеруді 
көздейді. 
Оқытудан,  өз  бетінше  білім  алуға  көшу  –  ары  қарай  өздігінен  білім  алу 
принципі. 
Осы  білім  қағидаларына  сәйкес  студенттердің  білім,  білік,  дағдылары 
жүйелі  түрде  біріктіріліп,  жаңартылады,  яғни  бүгінгі  талаптарға  сай  икемді 
болу [113]. 
Практикалық-бағдарлық  оқытудың  басты  мақсаты  –  болашақ  маманның 
кәсіби  қызметке  толық  дайындығын  қалыптастыру,  себебі  басқа  мамандар 
бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие емес. 
Практикалық  сабақтардың  нақты  мақсаттары  маманның  динамикалық 
үлгісі  негізінде  қалыптасады,  ол  білім  беру  мекемесіндегі  оқу  үдерісінде 
студенттердің білім алу және кәсіби қызметінің дамуындағы негізгі кезеңдерді 
анықтайды. 
Бірінші  кезеңде  кәсіби  қызметтің  негіздерін  меңгеру  барысында  қажетті 
білім  мен  дағдыларды  меңгеру  үшін  студент  алдымен  осы  кәсіби  салада 
қолданылатын операциялық жүйелердің (терминдердің) негізгі түрлерін игеруі, 
теориялық және практикалық кәсіби білімдер мен дағдыларды игеруі, кәсіптің 
(мамандықтың)  негізгі  құндылықтарын  және  кәсіптік  оқытудың  мақсаттарын 
қабылдауы  тиіс.Барлық  осы  талаптардың  орындалуы  –  бірінші  кезеңдегі 
педагогикалық  және  білім  беру  қызметінің  мақсаты;  бұл  саты  студенттің 
практикасымен аяқталады [114]. 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау