Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет35/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74

76 
 
жағдаяттарын  қолданғанда  ғана  ашыла  алады.  Бұл  жағдаяттарда  кәсіптік 
қызметте  қажет  әрекеттер  алгоритмі  негізінде  абстрактілі  ойлауды  жетілдіру 
қажет. Және мұнда оқыту шағын жұмыс топтарында жүзеге асырылуы тиіс. 
Дәстүрлі мектептік сабақтар оқу материалын ауызша баяндауға сүйенсе, 
дәстүрлі  өндірістік  оқытуда  "үш  қадам"  жүйесі  негізге  алынады:  көрсету- 
жасау  -  машықтану.  Шешуші  біліктіліктерді    меңгеру  үшін  кәсіптік  білім 
беруді  кешенді  міндеттерді  шешу  барысында  оқушылар  оқу  процесін  өз 
беттерімен ұйымдастыратындай ситуациялармен байыту қажет. Мұнда педагог 
оқу процесінде кеңесші рөлін атқарады. 
Өндірістік  оқытуда  шешуші  біліктіліктерді  қалыптастыру  үшін  бағыт-
бағдар  беретін  мәтін  мен  жоба  әдісі  аса  ұтымды  деп  саналады.  Мектептік 
кәсіптік  оқытуда  ең  алдымен,  іс-әрекетке  бағытталған  оқыту  әдістері  тиімді: 
ситуациялық  әдіс  бойынша  эксперименталды  оқытуды  қолдануға  бағытталған 
рөлдік  ойын,  жоба  әдісі.  Кәсіптік  мектепте  шешуші  біліктіліктерді  меңгеруге 
ықпал  ететін  әдістер  арасында,  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыруды  да 
атайды,  стратегиялық  оқыту  әдісі,  оқытуда  жүйелі  ойлауды  дамыту  әдісі, 
проблемалық-дамытушылық, конструктивті әдіс аталады. 
Пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  бір  интеграцияланған  сабақ 
шеңберінде  пәндердің  тақырыптық  бірігуі  дегенді  білдіреді.  Осылайша 
оқушылардың  санасында  үйреніп  жатқан  ұғымдары  мен  құбылыстар  жайлы 
тұтас сурет пайда болады. 
Кәсіптік  мектепте  шешуші  біліктіліктерді  меңгертуде  аса  нәтижелі  әдіс 
ретінде  ситуациялық  әдіс  бойынша  эксперименталды  оқытуды  қолдануға 
бағытталған  әдіс  деп  көрсетіледі  неміс  ғалымдарының  практикалық 
зерттеулерінде.  Эксперимент  жағдаяты    алынған  білім  мен  оның  практикалық 
қолданылуы  арасында  тығыз  байланыстың  болуын,  сонымен  қатар,  жұмыс 
практикасынан алынған кешенді міндеттер болуын болжайды.  
Мұндай  оқыту  мамандық  теориясы  мен  мамандық  бойынша  практика 
арасында  аралық  орынға  ие,  техникалық  практикалық  дағдылардың 
жетілуіне/дамуына  ықпал  етеді.  Кешенді  жағдаятта  мамандық  теориясы 
бойынша меңгерілген білім мен олардың мамандықта практикалық қолданылуы 
арасында  байланыс  орнайды.  Аталмыш  әдіс  өз  бетімен  ойлану  қабілеті, 
аналитикалық  ойлау,  білімді  бір  саладан  екінші  салаға  ауыстыру  қабілеті 
секілді  шешуші  біліктіліктерді  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Оқушыларға 
ұжымдасып  үйрену  және  жұмыс  істеу  іскерлігін  (әлеуметтік  қабілеттер)  талап 
ететін  жағдаяттар  ұсынылады,  нәтижеде  әрбір  оқушының  бойында  жеке  бас 
қабілеттері  дамиды  (дәлдік,  сенімділік,  жұмысты  сапалы  орындауға  тырысу, 
саналылық және т.б.). 
Кәсіби  білім 
беру  жүйесіндегі 
дуальді  оқытудың  теориялық 
тұжырымдарына  жасаған  талдау  мынадай  қорытынды  жасауға  мүмкіндік 
берді:  

 
дуальді  жүйе  екі  түрлі оқу-өндірістік  орта,  яғни кәсіптік  оқытудың  екі 
нормативті-ұйымдастыру  формасының  қызметін  үйлестіру  және  өзара 
келісілген жұмыс әрекетін қамтамасыз етеді; 


77 
 

 
дуальді  жүйенің  әрбір  құрамдас  бөлігін  өзіне  тән  құрылымға  ие  жеке 
дара  білім  беру  ортасы  ретінде  қарастыруға  болады  (олардың  ешқайсысы  бір-
біріне бағынышты емес); 

 
олардың  арасындағы  өзара  байланыс  иерархиялық  емес,  керісінше, 
паритетті сиаптқа ие, яғни олар өз қызметтерінде тең дәрежелі, тең құқылы; 

 
өзара  келісілген  әрекеттерінде  шешуші  фактор  болып  табылатын 
бірыңғай  білім  беру  мақсаты  -  белгілі  бір  әлеуметтік-кәсіби  сипаттағы 
біліктілікке ие маман дайындау; 

 
әр  жүйе  шеңберінде  нақты  дидактикалық  негіз  бен  кәсіптік  оқыту 
шарттары  бар  және  олар  сәйкес  оқу-өндірістік  ортасының  спецификасын 
білдіреді; 

 
дегенмен  ортақ  мақсат  оқытуда  универсалдылықты  қамтамасыз  ететін 
бірыңғай әдіснамалық негізге сүйену қажеттігін айтады; 

 
бұл талапты қанағаттандыратын шешуші біліктіліктер тұжырымдамасы 
негізінде құрылған оқытуды меңзейтін құзыреттілікке бағытталған білім беру; 

 
универсалды  қасиеттерді  (шешуші  құзыреттіліктерді)  қалыптастыруға 
бағытталу  оқыту  әдістерінің  өз  маңызын  арттырады.  Олар  білім  берудің 
мазмұны  секілді  маңызды  педагогикалық  амалдарға  айналады  (оқу  мазмұны 
анықтаушы  басым  рөлге  ие,  ал  оқыту  әдістері  -  көмекші  рөл  ойнайтын 
когнитивті бағытталған оқытудан өзгеше). 
Нақты  (ұлттық)  әлеуметтік  және  өндірістік  дәстүр  негізінде  қалыптасқан 
кәсіптік білім берудің дуальді жүйесі басқа қоғамдық-экономикалық шарттарға/ 
жағдайларға  ауыстыру  әжептеуір  қиын  екенін  атап  өткен  жөн.  Зерттеушілер 
атап  өткеніндей,  көптеген  елдер  жұмысшы  мамандар  даярлаудың  осындай 
моделін  өз  ұлттық-әлеуметтік  жағдайында  енгізуге  тырысып  көрді,  алайда  іс 
жүзінде бәрі сәтсіздікке ұшырады. 
Cонымен  қатар,  Кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді  оқытудың 
анықталған  болмыстық,  инвариативті  сипаттамалары  оның  кәсіптік  білім  беру 
жүйесін  (тек  барлық  деңгейдегі  бастауыш  қана  емес,  орта  және  жоғарғы 
деңгейдеде)ұйымдастырудың 
айрықша 
типті 
модель 
ретіндегі 
перспективтілігін, мақсаттылығын білдіретіні анық,   
Мұның  айрықша  мәнге  ие  болуы  бұл  жүйенің  кәсіби  мамандар  даярлау  
мәселесінде  өндірістік  және  білім  беру  саласында  айырмашылықты, 
алшақтықты,  келіспеушілікті  жеңуге  мүмкіндік  беретінінде.  Ал  бұл 
тәжірибекөрсетіп  отырғанындай,  екі  сала  дамуы  мен  қызметіне  да  жағымсыз 
әсерін  тигізіп  отырған  қазіргі  ресейлік  қоғамдық  жағдайдың  объективті 
шынайылығы  болып  табылады.  Бұл  алшақтықты  жеңу,  өндіріс  пен  білім  беру 
құрылымдары  арасында  мақсатты  және  келісілген  өзара  әрекеттестік  орнату  – 
өзекті  мәселе,  мамандар  дайындаудың  сапасы  мен  елдегі  өндірістік  саланың 
сапасы да оның шешіміне байланысты. 
Жоғарыда  айтылғанды  қорытындылай  келе,  кәсіптік  білім  берудің 
әдіснамалық  сипаттамасы  ретінде  дуалдылық  -  ұйымдастырылуы  жағынан 
әртүрлі  оқу  формалары  аясында  белгілібір  профиль  бойынша  мамандар 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау