85
Бұл материалды типтегі шешуші біліктіліктерге формальді шешуші
біліктіліктер қосылады. Оларды когнитивтік және психомоторлы деген екі
салаға жатқызуға болады.
Когнитивтік саладағы формальді шешуші біліктіліктер танымдық
қабілеттің бар болуын болжайды.
Бұл өз бетімен ойлану мен үйренуге, сараптау мен саралау,
шығармашылық, білім мен дағдыны кәсіптік іс-әрекеттің бір түрінен екіншісіне
ауыстыру, проблеманы шешу, бағалау, сыни ойлау қабілеттері.
Психомоторлы саладағы формальді шешуші біліктіліктерге мынадай
іскерліктер жатады: координациялық қабілет, төзімділік, реакцияның
жылдамдығы, қол икемдігі, концентрация ойын бір жерге шоғырландыру
қабілеті, материалдар мен құрал-саймандарды дұрыс өңдеу интуициясының
жоғары болуы.
Персоналды/ жеке басқа тән шешуші біліктіліктерге еңбек жолында
үйренген қасиеттер жатады. Бұлар – нақтылық, сенімділік, жауапкершілік
сезімі, жұмысты сапалы орындауға тырысу, адал еңбектену, борышын түсіну.
Мұнда сонымен қатар жеке сипаттағы қабілеттер де жатады: дербестік, сынды
қабылдай білу қабілеті, өзіне деген сенім, оптимизм, жұмыс ынтасы.
Әлеуметтік шешуші біліктіліктер топтық мінез-құлыққа бағытталған
қабілеттерді қамтиды. Оларға ынтымақтастыққа дайын болу, коммуникативтік
қабілет, толеранттылық (сыйлау, шыдамды болу), шынайылық, ұжымдасу рухы
жатады.
Шешуші біліктіліктерді меңгеру қажеттігін куәландыратын екі себепті
атауға болады. Біріншісі – техника қарқынды дамып жатқан заманда
біліктілікке қойылатын болашақ талаптарының айқын болмауы. Міне
сондықтан да 1970 жылдары шешуші біліктіліктер тұжырымдамасын
құрастыру қолға алынды. Шешуші біліктіліктер жаңа өмірге арналған «құрал-
саймандар» іспетті. Кең ауқымды радиусты әрекеттер біліктілігі – материалдық,
формальді, жеке бас және әлеуметтік типтегі шешуші біліктіліктер –
техникалық
даму
барысында
ескірмейді.
Орта
радиусты
әсерлі
біліктіліктерондаған жылдар бойына өмірден қалмайды, ал тар радиусты әсерлі
біліктіліктер бірнеше жылдан кейін ескіріп қалады. Сондықтан да техникалық
прогресс қарқынды дамып жатқан заманда шешуші біліктіліктерді кәсіби
қызметке қажетті ұзақ мерзімді іргетас деп қарастыру қажет. Радиусы кең
ауқымды біліктіліктерқарқынды таратылған сайын, қызметкерлер болашақта өз
бетімен білімдерін шыңдай түсіп, қойылып отырған талаптарға сай болатын
болады [93].
Екінші себеп заманауи кәсіби өмір талабынан туындайды. Егер заманауи
техникалар мен технологияларды қолданылуымен жүзеге асырылатын жоғары
білікті жұмыс еңбек қызметінің аса күрделі түрлеріне алып келетін болса, онда
бұл жаңа қызмет салалары бесаспап қабілеттер, яғни шешуші біліктіліктер бар
болған жағдайда едәуір оңай меңгерілетін болады. Когнитивтік ортада
формальді қабілеттер, сондай-ақ жеке және әлеуметтік қабілеттер айрықша
86
сұранысқа ие. Соған байланысты шешуші біліктілік тұжырымдамасы кәсіптік
білім берудің мақсаты мен міндеттерін жаңаша анықтауда маңызға ие.
Кәсіптік білім беруді зерттеуші неміс ғалымы Г.Грюнердің пікірінше,
кәсіптік мектеп өзінің тарихи даму үдерісіне негізгі төрт міндетті шешуге
бағытталған оқу орны ретінде қалыптасты.
1)
жалпы білімді жалғастыру;
2)
тәрбиелеу функциясын атқару;
3)
"мамандық үшін қажетті" қосымша білім беру;
4)
"мамандық арқылы" білім беру.
Шешуші біліктілік тұжырымдамасын осы білім беру міндеттерімен
салыстыру ол өзара бір-бірімен тығыз байланысты тәрбиелеу міндетін, сондай-
ақ мамандық үшін білім алу міндетін айқын көрсетеді [94].
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай динамикалық түрде өзгеріп
отыратын нарық жағдайларында орта деңгейдегі мамандарды кәсіби
даярлаумен байланысты теориялық көзқарастарды және практикалық
шешімдерді қайта қарастыруды талап етеді.
Мәселен, П.Ф.Анисимов [95], В.М.Демин [96] бір жағынан, орта кәсіптік
білімі бар мамандарды даярлау сапасына қойылатын талаптар арасындағы
сәйкессіздіктерге, екінші жағынан, оқу орнының бітірушілері алған кәсіби-
техникалық даярлық деңгейіне назар аударады.
Студенттердің практикалық даярлық жағдайын талдау кәсіптік білім беру
мектебінде келесі мәселелердің пайда болуын көрсетті [97, с. 123]:
—
практикалық даярлық кәсіптік білім беруде жалпы білім беру
жүйесінің бөлігі, яғни білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы
экономикалық және құқықтық қатынастардың принциптерін әзірлеуді қажет
ететін білім беру құрылымы – жас мамандарды тұтынушылар, ал бұл
нормативтік-құқықтық базаның жоқтығынан қиындық тудырады;
—
практикалық даярлық көбінесе ескірген жабдықтармен жүргізіледі;
қазіргі заманғы жабдықтар мен жаңа технологиялар, сондай-ақ тиісті ғылыми-
техникалық құжаттамалар, әдетте, кәсіпорынның коммерциялық құпияларына
немесе «ноу-хауына» байланысты практиканттардың қолына тимейді;
—
өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін практиканттар жүктеме болып
есептеледі, кәсіпорынға келген қысқа мерзім ішінде оларды жақсы жұмыс
істейтін технологиялық процеске қосу қиын; студенттер психологиялық түрде
кәсіпорында уақытша болуға бейімделеді және өздерін өндіріс процесінде
көрсете алмайды;
—
өндірістік практика орындарын табу қиындықтары; әртүрлі
дереккөздер деректері бойынша студенттердің жартысына жуығы практикадан
жұмыс орнында өтеді;
—
практиканттарды материалдық ынталандырудың төмен деңгейі;
—
кәсіпорындар оқу орындарының оқу-өндірістік базасын жетілдіруге
және қайта жабдықтауға жартылай ғана көмек береді және физикалық түрде
бұл қаражатты бөліп бере алмайды немесе қазіргі заманғы жабдықтармен
Достарыңызбен бөлісу: |