Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет36/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   74

78 
 
дайындау бойынша білім беру мен өндірістік салалардың бірыңғай әдіснамалық 
негізде құрастырылған өзара келісілген әрекеттестігі дегенді білдіреді. 
Дуальді жүйенің ерекшелігі кәсіптік оқытудың бұл түрі өндіріс саласымен 
тікелей  байланысты  екендігі  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  өндірістік 
оқыту  –  бұл  осы  жүйенің  басты  элементі,  ол  кәсіптік  мектепте  оқитын 
студенттердің білімдері мен дағдыларымен толықтырылады. 
Тиісінше,  оқу-өндірістік  білім  беру  мен  кәсіпорын  және  кәсіптік  мектеп 
ортасындағы  негізгі  айырмашылық:  үдерісті  ұйымдастырудың  мақсатымен, 
мазмұнымен,  әдістерімен  және  формасымен,  сондай-ақ  кәсiби  білім  беруді 
өндірісте және кәсiби мектептегі құқықтық реттеумен ерекшеленеді [79]. 
Оңайлатылған  түрде  өндірісте  кәсіби  білім  беру  кәсіби-практикалық 
ретінде  ұсынуға  болады.  Бұл  ескі  көзқарасты  білдіреді:  кәсіпорында  оқыту 
«Не?»  және  «Қалай?»,  ал  кәсіби  мектептегі  білім  беру  «Неге?»  және  «Қандай 
мақсатта?» деген сұрақтарға жауап береді [80, с. 52]. 
Бүгінгі күні кәсіптік мамандықтың кәсіби біліктілігіне, мысалы, өндірістік 
салалар  үшін  механика  және  электроника  теориялық  тұрғыдан  жүктеледі,  бұл 
ескі  көзқарас  барған  сайын  маңызды  болып  келеді.Өндірістік  салаға  жаңа 
техникалар  мен  технологияларды  енгізу  мамандарды  оқытудың  жаңа 
бағдарлаларының  қажеттілігін,  жаңа  мамандықтарға  сұраныс  артқанын,  кең 
профильді дайындаудың қажеттілігін анықтады. 
Неміс  кәсіпорындарын  жұмысты  ұйымдастырудың  жаңа  формаларына 
(икемді  өндірістік  желі,  жеке  жинақтау  және  т.б.)  бағдарлау  өндіріс  және 
кәсіптік  білім  беру  мектептеріндегі  кәсіптік  оқыту  мақсаттарына  елеулі 
түзетулер  енгізді.  Кәсіпорында  дағдылар  мен  білімдер  үнемі  өсіп  келе  жатқан 
«теориялық мазмұнмен толықтырылады» [81, с. 53] 
Керісінше,  меңгеру  қабілетіне  ие  болу  үшін  кәсіптік  мектептің  күрделі 
теориясының  әрекетпен  тікелей  байланысы  қажет.  Осылайша,  кәсіби- 
практикалық  сабақтар  мен  кәсіптік  білім  беру  және  кәсіби-теориялық 
даярлық  бірін-бірі өзара толықтырады. Бірқатар неміс ғалымдары (А.Шелтен, 
К.Штратманн,  т.б.)  дуальдық  жүйеде  екі  ортаның  қиылысу  саласы  бүгінгі 
күннің  өзінде  маңызды  болып  келе  жатқандығын  атап  көрсетеді.  Бұл  – 
лабораториялардың  түріне  сәйкес  жабдықталған  арнайы  бөлмелердегі 
тәжірибелік-конструкторлық дайындық. Мұнда технологиялық эксперименттер 
мен  қалыптастырушы  жаттығулар  өткізіледі.  Кәсіби  мектептер  әсіресе  шағын 
және  орта  кәсіпорындар  үшін  тәжірибелік-конструктивтік  дайындықты  өз 
міндетіне алады деп болжанады [79, s.  54]. 
Білікті  жұмысшыларды  даярлауға  арналған  кәсіби  мектептер  жұмыс  істеп 
тұрған  кезеңінде  олардағы  оқытудың  мақсаттары  мен  мазмұны  едәуір 
өзгерістерге  ұшырады.  Жалпы  білім  беру  үлгісіндегі  басымдыққа  ие  жүйеге 
кірігуде  кәсіби  білім  беретін  мектептердегі  кәсіптік  білім  беру  төменгі 
мәртебеге ие болды және көбінесе білім берудегі жетіспеушілікті тудырды, оны 
тығырыққа  тіреді.Осындай  жағдай  елдегі  кәсіптік-техникалық  білім  беру 
жүйесінде  қалыптасты.  Кеңес  одағының  педагогтары  арасында  жалпы  және 
кәсіби  білімнің  эквиваленты  туралы  көптеген  пікірталастар  болғанына 


79 
 
қарамастан,  кәсіптік-техникалық  училищелер  ұзақ  уақыт  бойы  мектепке 
қабылданбаған, маргиналды балалар үшін «артта қалу орны» болып саналды. 
Қазіргі Қазақстандағы  кәсіптік білім беру жүйесінде сананың деңгейі мен 
халықты 
демократияландыруға 
деген 
қажеттілік 
халық 
білімінің 
авторитаризміне сәйкес келмеген кездегі қайшылықтарға ие болды. Сондықтан, 
бүгінгі  таңда  кәсіби  білім  берудің  ең  өзекті  педагогикалық  мәселесі  кәсіптік-
техникалық  мектептердегі  педагогикалық  үдерістерді  демократияландыру 
жолдары мен құралдарын іздеу болып табылады. 
Кәсіби-теориялық білім берумен қатар, жалпы білім беруді жалғастыру да 
кәсіптік-техникалық  білім  беру  мектебіндегі  білім  беру  мақсаттарының  бір 
бөлігі болып табылады. 
1920  жылдары  социалистік  құрылыстың  талаптарын  жүзеге  асырудың 
құралы  ретінде  жалпы  және  кәсіби  білім  берудің  бірлігі  мен  өзара  байланысы 
кеңестік  мұғалімдер  Н.Крупская,  А.Луначарский,  М.Покровский  және  т.б. 
еңбектерінде  сөз  болды.  «Біздің  түсінігіміздегі  кәсіптік  білім  беру  үш 
элементтен  тұрады:  жалпы  білім  беру,  техникалық  және  арнайы  дағдылар 
және  саяси  білім  беру  [82].  Бірақ  кәсіби  және  жалпы  білім  беруді 
қолдайтындардың арасында оқу жоспарының осы циклдерінің өзара байланысы 
туралы  көзқарастың  бірлігі  болмады.  «Жалпы  білім  беру»  жақтаушыларының 
көзқарасы  бойынша,  жалпы  білім  беруді  өндіріс  үшін  маңызды  білім 
деңгейінде ғана шектеуді талап етті [83, с.184]. 
Кеңестік кәсіптік-техникалық училище тарихында, сондай-ақ дуальді жүйе 
бойынша  неміс  кәсіптік  мектебінде  кәсіптік  білім  берудегі  мамандану 
қағидаттарының 
басым 
болуымен 
бірге 
оқу 
жоспарлары 
мен 
бағдарламаларының  өндірістік  бағыттылығын  нығайтуға  ерекше  назар 
аударылды.Сонымен қатар, олар кішігірім кәсіптік даярлықты (теориялық және 
практикалық),  жан-жақтылықпен  жеңуді,  белгілі  бір  мамандықты  меңгеруді 
білдірді.Cондай  ақ  техникалы-  кәсіптік  оқу  орындарының  жұмыс  беруші 
ұйымдармен,  компаниялармен  серіктестік  ретінде  бірлесе  отырып,  нарық 
заманында  бәсекелестікке  төтеп  бере  алатын,  жаңа  инновациялық  - 
технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын мамандар даярлау [84]. 
Қазіргі  уақытта  тар  көлемдегі  кәсіби  дайындық  жағдайларынан  тезірек 
бейімделудегі  практикалық  дағдыларға  негізделген,  кәсіптік  оқытудан 
тереңірек  жалпы  білім  беру  негізіндегі  кең  мақсаттармен  дайындауға  көшу 
жүріп жатыр. Дуальді оқытуды кәсіптік мектептегі білім мазмұнын дамытуда 
жалпы  білім  беру  және  кәсіптік  циклді  механикалық  біріктіруден  олардың 
жалпы  білім  беру,  жалпы  техникалық  және  арнайы  пәндерді  біріктіруге 
дейінгі  айқын  айырмашылықтарымен  көшу  тенденциясын  белгілеуге  болады 
[85]. 
Соңғы  жылдары  байқалған  кәсіби  мектептердегі  кәсіптік  білім  беру 
сапасының  төмендеуінің  негізгі  себептерін  кейбір  зерттеушілер  оқу 
семинарларында  және  базалық  кәсіпорындарда  практикалық  оқытуға  дұрыс 
көңіл аудармаудан деп есептейді. 
Сонымен кәсіби білім беруде дуальді оқытудың ерекшеліктері 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау