Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет34/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74

74 
 
саласында  оқу  функционалдық  мақсатта  жүзеге  асырылады,  сондықтан  да 
оқытудың жүйелі компоненті едәуір қысқаруы мүмкін. 
Сондай-ақ  кәсіптік  мектептер  арасында  да  баршылық,  әсіресе 
материалдық-техникалық 
базасы 
мен 
штаттық 
оқытушылармен 
қамтамасыз етілуі жағынан сапалық айырмашылықтар бар. 
Кәсіпорындарда  оқыту  сапасының  әр  түрлілігіне  жауап  ретінде  жоғарыда 
сөз  болған  кәсіпорынаралық  оқу  орталықтарының  құрылуы  болып  табылады. 
Бұл  орталықтарда  алынатын  кәсіби-практикалық  білім  мен  дағдының 
жоғарылығы  сондай,  оны  кәсіптік  оқытуды  жүзеге  асыратын  кәсіпорындардан 
алу мүмкін болмайды. Алайда мұнда  үшінші оқу-өндірістік орта,яғни дуальді 
жүйе  пайда  болады,  Онда  мазмұндық  және  ұйымдастырушылық  жағынан 
келісу проблемасы арта түсері анық. 
3.  Соңында,  дуальді  жүйенің  проблемасы  ретінде    оқушыларды 
кәсіпорындарда  олардың  кәсіптік  оқуымен  еш  байланысы  жоқ  жұмыстарды 
орындауға  пайдалану  мүмкіндігі.  Тегін  немесе  арзан  жұмыс  күші  ретінде 
оқушыларды  пайдаланады,  ал  есесіне,  оқушы  өзіне  қажетті  кәсіптік  білімді 
жеткілікті  деңгейде  ала  алмайды.  Оқушыларды  өз  мақсаттарында  теріс 
пайдалану кіші-гірім кәсіпорындарға тән. Кәсіптік даярлықты жүзеге асыратын 
кәсіпорындар  неғұрлым  көп  болса,  жүйелі  білім  алу  мүмкіндігі  де  соғұрлым 
арта  түседі.  Ал  екінші  жағынан,  кәсіпорын  көп  болған  сайын,  бүгінде 
оқушылардың  өндіріске  араласуы  мен  кәсіптік  талапқа  сай  даярлықтан  өтуі 
соғұрлым қиындап барады. 
Ал оқушыларды «таза» жұмыс күші ретінде теріс пайдалану аргументі тек 
егер  жұмысты  орындау  барысында  оқушының  мүддесі  есепке  алынбаса  ғана, 
маңызға  ие  болмақ.  Бұған  қоса,  аталмыш  проблема  оқу  мамандығы  мен  оқу 
кәсіпорынының типіне қарай әр түрлі реңкке ие болады. Монотонды, қайталай 
беретін  және  күшті  сарқитын  іс-әрекет  түрлерін,  әдетте  оқушыларды 
кәсіпорындарда  осындай  жұмыстарға    тартады,  расында  да  кәсіптік  оқыту 
барысында үйрену керек. 
Дуальді 
жүйенің 
көптеген 
проблемаларына 
екі 
басты 
оның 
артықшылығын қарсы қоюға болады [77, s. 78]: 
1.  Артықшылықтың  бірі  –  дуальді  жүйеде  оқу  кәсіби  практикамен 
тікелей  байланысты.  Кәсіптік-практикалық  білім  мен  дағдыны  мектеп 
шеберханасында үйренуге де болады, алайда олардың практикалыққолднылуын 
мектепте  тек  көшіріп  қана  қояды,  ал  шындыққа  үйлесетін  іс  жүзінде  қолдану 
тек кәсіпорындағы ұйымдастырылған оқу барысында ғана мүмкін болмақ. 
Заманауи  өндірісте  болып  жатқан  технологиялық  өзгерістер  кәсіпорында 
дер  кезінде  ескеріліп,  кәсіптік  оқытуға  ендіріліп  отырады.  Кәсіпорындар 
өздерін  сақтап  қалу  үшін  рынок  сұранысына  сійкес  өнім  өндіруі  тиіс,  ал  бұл 
жаңа  техниканы  жылдам  қолданысқа  ендіруді  талап  етеді,  ал бұл  өз  кезегінде, 
кәсіптік  білім  беру  салаында  да  жылдам  енгізілуітиіс.  Мемлекеттік,  кәсіптік 
білім  берудің  таза  мектептік  жүйесі  технологиялық  өзгерістерге  оперативті 
түрде ілесе бермейді. 


75 
 
2.  Кәсіптік  білім  берудің  екінші  артықшылығы  –  жастар  ересектер 
әлеміне  ерте  енуде,  осылайша  мұндай  білімберуді  ұйымдастырудың  тәрбиелік 
мағызы  артуда.  Кәсіптік  білім  алу  барысында  кәсіпорында  жұмыс 
орнындатұрып,  жұмыс  бригадасында,  маңызды  өндірістік  ситуациялардағы  өз 
еңбегі арқылы өзі туралы, өзгелер туралы және өндірістік проблемалар туралы, 
өндірістің  өзі  туралы,  оның ұйымдастырылуы  және  т.б.  жайлы  жас  маман  көп 
үйреніп шығады. 
Кәсіпорында  оқушы  енді  жай  оқушы  емес,  жауапкершілікпен  және 
шығармашылықпен  әрекет  ететін  дербес  адам.    Оқу  процесі  барысында  ол 
шынайы  қарым-қатынасты  үйренеді,  ал  толық  оқу  аптасымен  мектеп  жүйесі 
оған  мұндай  мүмкіндікті  ұсына  алмас  еді.  Бұл    шынайы  қарым-қатынас 
функционалды  педагогикалық  тұрғыдан  әсер  етеді,  ал  мектеп  көбінее  тек 
интенциональды-педагогикалық тұрғыдан әрекет етуге қабілетті. 
Кәсіптік  білім  берудің  дуальді  жүйесінің  артықшылықтарына  басқа 
елдерде  білімберу  саласын  ұйымдастырушылардың  қызығушылығын  оятып 
отырған  мынадай  ерекшеліктерін  жатқызуға  болады:    жұмысшы  мамандарды 
кәсіби  дайындауға  кететін  шығынға  экономиканың  едәуір  ат  салысуы.  Тек 
қана мектеп жүйесі ғана бар елдерде кәсіптік-практикалық білім беруге кететін 
шығынды  тек  қана  мемлекет  көтеруі  тиіс.  Және  де  мұнда  мемлекет  қатал 
қаржылай  шектеулер  қоюға  дейін  барады,  әсіресе  бұл  кәсіптік  білім  беру 
саласына  жаңа  технологияларды  жылдам  енгізу  туралы  сөз  болғанда  немесе 
барлық  мүмкін  болған  мамандықтар  бойынша  кәсіптік  оқытуды  жүзеге  асыру 
қажеттігі туралы сөз қозғалғанда. 
Сондай  ақ

тапсырыс  берушімен  өзара  тығыз  байланыста  жұмыс  істейтін 
оқу  орны  оқыту  барысында  болашақ  мамандарға  қойылатын  талаптарды 
ескереді [78]. 
Тәрбие мекемесі ретінде кәсіптік мектеп жеке/персоналды және әлеуметтік 
типтегі шешуші біліктіліктерді беруі тиіс.Мамандық үшін білім беретін мекеме 
ретінде  кәсіптік  мектеп  шешуші  біліктіліктерді,  атап  айтқанда,  материалдық 
білім  мен  іскерліктер,  сонымен  қатар  когнитивтік  салада  формальды 
қабілеттерді  үйретуі  тиіс.  Зерттеушілер  атап  өткеніндей,  соңғысын  үйретуде 
кәсіптік мектептің рөлі айрықша маңызды: өз бетімен ойлануға және үйренуге 
қабілетті  болу  -  техникалық  прогрестің  талаптарын  орындауға  мүмкіндік 
беретін маңызды шарт болып табылады.Германияда кәсіптік оқытудың дуальді 
жүйесі  практикасында  шешуші  біліктіліктер  тұжырымдамасы  кәсіптік  білім 
берудің  жаңа  мақсаты  ретінде  кең  қолданыс  тауып  отыр.  Алайда  шешуші 
біліктіліктерді беру мен меңгеруді қалай тиімді жүзеге асыру керек деген өзекті 
мәселе  туындайды.  Бұл  үшін  кәсіптік  мектеп  пен  кәсіпорында  дәсүрлі, 
қолданыста бар формалармен қатар кәсіптік білім берудің мазмұнынын берудің 
жаңа  жолдарын  іздеу  және  меңгеру  қажет.  Яғни  заманауи  кәсіптік  маман 
даярлау  жүйесінде  оқыту  әдістемесі  оқу  мазмұнымен  пара-пар  маңызға  ие 
деген сөз. Оқыту әдістемесі кәсіптік білім берудің дербес мақсатына айналды. 
А.Шелтен  атап  айтқанындай,  формалды,  кәсіптік  және  әлеуметтік 
қабілеттер мектептік және кәсіпорындағы оқыту барысында ашық, кешенді оқу 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау