99
жоспарда қос серіктестердің белгілі бір жақындасуын қалыптастыруға болады.
Осылайша, кәсiби бiлiм беретiн мектептегі оқытудың күрделi теориясы
оқушылардың iскерлiкті игеруі мақсатында практикада тiкелей сынақтан
өткізуді талап етедi.
Ілеспе жоспар кәсіби мектептердегі оқыту мазмұны стандартты оқу
бағдарламалары арқылы реттеледі. Оқытудың барлық мазмұны үш үлкен
салаға бөлінеді: жалпы білім беретін пәндер, арнайы теория және арнайы
практика. Осы салалардың әрқайсысына бөлінетін уақыттың арақатынасы
кәсіптік мамандыққа, сондай-ақ қоса жүретін кәсіби мектептегі дайындық
уақытына байланысты болады.
Рейнланд-Пфальц қаласының кәсіби мектебінде «оптика» мамандығы
бойынша қолданылатын оқу кестесін егжей-тегжейлі қарастырайық [133].
Осы кестені бастапқы талдау кезінде жалпы білім беру арнайы пәндермен
салыстырғанда зерттеу уақытының үлкен бөлігін алатындай болып көрінеді.
Бірақ жаратылыстану пәндерін талдауда көрсетілгендей, оларда айқын кәсіби
бағдар байқалады. Бұл пәндердің мазмұны жаратылыстану ғылымдары мен
түсініктерді
мамандыққа
байланысты
есептеу
және
практикалық
тапсырмаларда тікелей қолдану арқылы зерттеуге негізделген. Мазмұнды
ұйымдастырудың бұл түрі жаратылыстану ғылыми пәндерінің практикалық
бағытын арттырады, осылайша өз мамандығына тереңірек дайындалады.
Сонымен бірге бұл қазіргі заманғы жұмысшы үшін қажетті ғылыми-теориялық
дайындықтың азаюына алып келеді.
Осылайша, жалпы білім беретін пән ретінде неміс тілі, дін, әлеуметтану,
спорт қалады. Олар үшін арнайы типтік оқу жоспары әзірленді. Кәсіби оқу
орындарына арналған оқу бағдарламалары жергілікті жердегі білім беруге
сәйкес жасалады және білім министрліктерімен жарияланады. Оларды
дамыту үшін, әдетте, әрбір кәсіби білім беру институты немесе Педагогикалық
орталық институтымен келісілген арнайы комиссиялар шақырылады.
Мамандықтың теориясы мен мамандық бойынша тәжірибелік сабақтарға
қатысты оқу жоспарын әзірлеудің негізі типтік оқу бағдарламалары болып
табылады. Кейбір елдерде еш өзгеріссіз қабылданатын және кәсіби мектептерге
арналған жергілікті бағдарламалары Білім және мәдениет министрлерінің
тұрақты конференциясында жарияланады.
Кәсіби оқытудың дуальді жүйесі кәсіби білім берудің Заңды құқықтық
негізінде қамтылған сараланған және сатылы емтихандар жүйесі арқылы
сипатталады. Ол келесі емтихандарды қамтиды:
1. - аралық емтихандар (барлық оқу мамандықтар бойынша);
2. - қорытынды емтихандар (барлық оқу мамандықтар бойынша);
3. - экстерно бітіретіндерге арналған емтихандар (қорытынды емтихандар
сипатында).
Оларға кеңірек мағынада мыналарды да жатқызуға болады:
4. - қолөнер саласындағы шебер дәрежесін алуға арналған емтихан;
5. - біліктілік деңгейін көтеру мақсатындағы емтихан (экономиканың
барлық салаларында, ең алдымен, сауда және өнеркәсіпте) [134].
100
Барлық емтихандар Кәсіптік білім туралы Заңға сәйкес құзыретті
мекемелер-палаталарда қабылданады. Олар емтихандар өткізу тәртібі
туралы ереже шығарады, кемінде үш адамнан тұратын емтихан комиссияларын
белгілейді. Емтихандық комиссия мүшелері жұмыс берушілер мен
қызметкерлер (екі жағынан тең сан) және кемінде бір кәсіби мектеп
мұғаліміне уәкілеттік беріледі. Ережеге сай, кәсіби мектептер қорытынды
емтиханды өздері өткізбейді. Кәсіптік-техникалық училищені бітіргеннен
кейін студенттер оқуды бітіргендігі туралы куәлік алады.
Әдетте, кәсіби білім берудің жүйесі – басқа білім беру түрлерінің
салыстырмалы
орталықтанбаған
атауы
болып
табылады.
Тиісті
орталықтанбаған басқару деңгейінің қаржыландыруында шартты түрдебес
типінбөліп қарастырады[135].Жоғарыда көрсетілгендей, салықтық төлеуден
түсетін үкімет қалыптастыратын бюджеттік қаржыландырудың негізгі үлгісі
болып табылады. Қаржы құралдарын басқару төмен деңгейдегі үкіметтің
қатысуы немесе орталықтанған жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіптік білім берудегі бағдарламаны іске асырудың құралы федералдық
үкімет арқылы қалыптасады, сосын кейін білім беру округіне жіберіледі.
Федералдық Үкімет пен жергілікті биліктің шығындарының қатынасы
(пайызбен) 80-нен 20-ға дейін. Осы үлгіде негізі қаржылық және ұйымдық
шешімдер мемлекеттік деңгейде қабылданады. Басқа органдар бақылау
қызметін атқарады.
Қаржыландырудың екінші үлгісі басқарудың әрбір деңгейіндегі қорға
сүйенеді. Құрылымдаудың механизмі тиісті білім беру бюджетінен бөлінетін
(федералдық, аймақтық және жергілікті) қорды толықтыру үшін жұмыс
берушілерді салық салу арқылы қор жинаудың орталықтанбаған әртүрлі
басқару деңгейінің құқығын ұсынады. Көп арналы қаржыландыру бір арналы
қаржыландырудың жолымен шешілуге келмейтіндерді басқарудың әрбір
деңгейінің мақсатын жүзеге асыру арқылы қол жеткізеді.
Үшінші үлгі жұмыс берушілерді үйлестіретін басқару ұйымының
мемлекеттік қоры негізінде құрылады. Мұндай үлгідегі үкімет кәсіптік білім
беру мен даярлау жүйесін қаржыландыру, кеңес беру, қалыптастыру өкілетін
ұсына отырып үкіметтік емес ұйым арқылы арнайы кәсіптік білім беру мен
даярлауды қаржыландырады, алайда оның қызметін бақыламайды немесе
бағыттамайды. Мұндай органдар қоғамдық-құқықтық беделіне ие, олар үкіметті
толық қаржыландырады.
Кәсіптік білім беру мен даярлаудың төртінші үлгісі оқытудың сапасына
байланысты тікелей құрылады.
Бесінші үлгі кәсіптік оқытудың дуальді формасында қолданылады.
Қаржыландыру сұрақтары келген шаруашылық саласында маңызды болып
табылады. Білім беруге олар кеңінен қарайды, өйткені бұл сала өндірістік емес
болғандықтан оны қаржыландыру үшін ұйымнан, мекемеден көмек күтеді.
Айтылған мәселе ГФР-да қатысты. Ол жердегі кәсіптік білім берудің дуальдіқ
формасын дамыту процесінде әртүрлі қаржыландыру үлгісі [136, 137]
диссертациялық зерттеуіміздің толық сарапталып, қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |