138
3. Ү
немдеуге кепілдік беру (Guaranteed Savings, Chauffage)
Үнемдеуден түскен табысты бөлу
Үнемдеуден түскен табысты бөлу əдісі тапсырыс беруші пайданы бөле алған
жағдайда қолданылады. ЭСКО жəне тапсырыс беруші бұл жағдайда, келісілген мерзім
ішінде энергияға жұмсалған шығындарды үнемдеуден түскен табысы бөледі.
Үнемдеуден түскен табыстың мөлшері нақты жасалуы тиіс, оны есептеу əдісі
анық əрі тексеруге мүмкіншілігі болуы тиіс. Шетелдік тəжірибеге сəйкес, тапсырыс
берушінің үлесі 50% əлдеқашан төмен жəне əдетте шамамен 20% құрайды.
ЭСКО өз табысының бір бөлігінен қарызды төлеуі тиіс жəне өз шығындарын өтеуі
тиіс, ал табыстың қалған бөлгі оный пайдасын құрайды.
Үнемдеуден түскен табысты бөлу тапсырыс берушімен қайта қаралуы мүмкін.
Оның басты кемшілігі, ең əуелі жоба бағасы белгісіз. Тым шұғыл болған жағдайда, ЭСКО
дəстүрлі əдістерді қолданған жағдайға қарағанда бірнеше есе артық төлей алады. Екінші
жағынан, ЭСКО жобаның сəтсіз болғандағы тəуекелін өз мойнына алады. Шарт мезгілі
аяқталғаннан кейін тапсырыс беруші жобаның барлық шығына өтелген не өтелмегендігіне
қарамастан ештеңе төлемейді.
Бұл əдіс шетел шарттарында өте сирек қолданылады. Əдетте жылдам өтемділік
əдісі немесе екі əдістің қиыстырылуы қолданылады.
Жылдам өтемділік (First-Out, First Pay-Оut)
Жылдам өтемділік əдісі (First-Out) кезектілік қағидасына негізделген, оған сəйкес
инвестордың шығындары ең бірінші орында өтеледі. Жылдам өтемділік əдісін қолданған
кезде, ЭСКО жобаны іске қосумен байланысты барлық шығындарды төлемейінше
еңбекпен табылған үнемдеудің барлық 100% алып отырады. Табыстарды үнемдеуден
бөлуден айырмашылығы бұл əдісте алдын-ала жобаға кеткен барлық шығындар егжей-
тегжейлі өзгешеліктері анықталуы тиіс.
Егер жоба төтенше жағдайларда тоқтатылған болса, онда шығындар төтенше
тəртіп бойынша төлену тиіс (First Payоut қағидасы). Ынтымақтастық шарттың мерзімі
аяқталған жағдайда немесе барлық шығындар төленген жағдайда аяқталады, бұл ертерек
болуы да мүмкін. Алайда барлық шығындар ресурстарды үнемдеуден өтелуі тиіс.
Кебір ЭСКО-лар «Үнемдеуден түскен табысты бөлу (Shared Savings)» əдісін жəне
«Жылдам өтемділік (First-Out, First Pay-Out)» əдісін қиыстырады. Сонымен бірге екі
əдістің да қолайсыздығынан арылуға болады. Тапсырыс берушінің төлеуі бірінші сатыда
сыртқы инвесторға қарызды төлеу жəне ЭСКО шығындарын өтеу болып табылады.
Осындай жүйе ЭСКО мен Тапсырыс берушінің арасындағы келісушілік бойынша жүзеге
асырылады [49].
Үнемдеуді кепілдендіру (Guaranteed Savings, Chauffage)
Осы əдісті қолданған кезде ЭСКО тапсырыс берушінің алдында энергияға
жұмсалатын шығында төмендетуге сөз береді. ЭСКО энергия үнемдеу жобасын
енгізгеннен басқа тапсырыс берушінің энергетикалық шыраушылығына тексеру жүргізеді.
Жобаны іске қосқаннан кейін тапсырыс берушінің төменірек шығындары болжалданады.
Шарттың қолданыс мерзімі ішінде ЭСКО өзіне энергияның ақырғы
жеткізушілерінің шығындарын жабу жауапкершілігін алады.
Тапсырыс беруші энергия үшін тікелей жткізушіліердің шотына төлемей, ЭСКО-
ға ай сайын делдалдық үшін ай сайын төлеп отырады, бұл əдетте тапсырыс берушінің
энергиясына бастапқы шығынның 85-90% құрайды. Нақты алынған үнемдеушіліктің
шамасы тапсырыс берушінің төлемдеріне тікелей əсер етпейды.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі