135
Бақылау сұрақтары.
1. Инвестиция дегеніміз не??
2. Активтер дегеніміз не??
3. Капиталды инвестиция дегеніміз не?
4. Қолданыстағы кəсіпорынды кеңейтуден қайта құрудың айырмашылығы
қандай?
5. Инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі қандай
6. ТЭН ИЖқұрылымы қандай?
7. Энергия үнемдеу жобасының тиімділігін экономикалық бағалаудың
көрсеткіштері қандай?
8. Экономикалық эффект дегеніміз не?
9. Экономикалық тиімділік дегеніміз не?
10. Энергия үнемдеу шарасының экономикалық тиімділігін бағалау үшін қандай
əдістер қолданылады?
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
136
10-ТАРАУ. ЭНЕРГИЯЛЫҚ СЕРВИС КЕЛІСІМШАРТЫ
Энергиялық сервис шарт (келісімшарт) – мəні, тапсырыс берушінің энергиялық
ресурстарды пайдаланудың энергетикалық тиімділігін арттыру жəне энергия үнемдеуге
бағытталған əрекеттерді орындаушының жүзеге асыруы болып табылатын шарт
(келісімшарт) [5; 15].
10.1 Энергиялық сервис қызметтің маңызы, рөлі мен мағынасы
Ресей жəне қазақстандық экономикаларға барлық секторларда, өнеркəсіптік жəне
коммуналдықты қоса алғанда, отын-энегетикалық ресурстарды (ОЭР) тиімсіз пайдалану
тəн, бұл əсіресе дамыған елдермен салыстырғанда өнімнің едəуір жоғары энергия
сыйымдылығымен көрінеді. Мысалы, Ресейдің жалпы өнімінің энергетикалық құрауышы
дамыған елдердің осындай көрсеткішінен 2-3 есе артық болады. ОЭР құнының ұдайы
артуы жағдайданда, бұл өнімнің өзіндік құнының артуына алып келеді, жəне осының
салдарынан оның қабілеттілігі төмендейді [49].
Коммуналдық секторда бүгінгі күннің өзінде энергоресурстарға төленетін
төлемдер халыққа жəне барлық деңгейдегі бюджеттерге ауыр салымақ болып келеді. Бұл
тұрғын үй ұйымдарының жəне муниципалитеттердің энергетикалық кəсіпорындарының
алдындағы, ал соңғыларын – отын жеткізушілерінің алдындағы дебиторлық берешегінің
өсуіне алып келе жатыр.
Бағалар мен тарифтер жөніндегі болжамдар олардың болашақтағы өсу
мүмкіндігін айғақтайды. Сіресе бұл газға қатысты. Бұл жағдайларда жағдайды
жақсартудың жалғыз мүмкіндігі энергия тиімділігі жобасын іске асыру болып табылады.
Мұндай жобалардың ең маңызды ерекшелігі энергоресурстарды, олардың өткізу
нəтижесінде пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады. Осылайша, энергия үнемдеу
жобасын іске асырғаннан кейін, нысанның меншік иесі қаражаттардың едəуір
үнемделгендігін сезінетіндігі айқын. Дəл осы жағдай шетелде кең таралған энергия
үнемдеу жобаларының мамандандырылған энергиялық сервис компаниялар (ЭСКО) құру
жолымен энегрия үнемдеу жобаларын іске асыру тəжірибесінің негізі болды.
Жалпы, ЭСКО перформанс келісімшарттарына негізделген жобаларды дайындау,
орнату жəне қаржыландыруға тартылған компанияны білдіреді. Олар əдетті 7-10 жылдың
ішінде іске қосылады жəне энергоресурстарды пайдаланудың тиімділігін жақсартуға
бағытталған. ЭСКО өзінің жеке немесе жұмылдырылатын қаражатынан іске асырады, ал
нысанның меншік иесі жобаны іске асыруды энергия үнемдеу жобасын енгізу нəтижесінде
үнемделген қаражаттардың есебінен төлейді.
Ұсынылатын ЭСКО стандартты қызметтер жиынтығына келесі кіреді:
1.
Энергияны пайдаланудың тиімділігін жəне энергияны үнемдеу мүмкіндігін
анықтау үшін түрлі ауқымдағы энергетикалық тексерулер, Энергиялық аудит жүргізу.
2.
Энергетикалық тиімділікті арттыру бойынша бағдарлама дайындау.
3.
Энергия жəне ресурсты пайдалануды жақсарта түсу бойынша техникалық
ұсыныстарды дайындау жəне оларды енгзудің мақсатқа сəйкестігін техникалық-
экономикалық бағалауы.
4.
Келісімшартты жəне қаржылық құрылымды дайындау, олардың көмегі
арқылы жақсартуларға қол жеткізіледі.
5.
СТК форматындағы энерготиімді іс-шараларды енгізуді басқару, келесі
қызметтер жиынтығын қоса алғанда:
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
137
энергия үнемдеуші іс-шараларды іске асыру жобасын қаржыландыру;
џ
жабдықты жəне іске қосу мен жөндеу жұмыстарының жеткізілуін,
монтаждалуын қамтамасыз ету;
џ
энергия үнемдеу мониторингі жəне кепілдемесі;
џ
енгізілген энергия үнемдеуші жабдықты пайдалану əрі қызмет көрсету жəне
істен шыққан жабдықты қажетті ауыстырумен қамтамасыз ету;
џ
жаңа жабдықты пайдалану үшін Клиенттің қызметкерлерін даярлау.
10.2 Қазақстанда, Ресейде жəне алыс шетелдегі энергиялық сервис қызметтері
нарығының жағдайын талдау
АҚШ-та 70 жəне 80-ші жылдардың қарсаңында пайда болған алғашқы ЭСКО, үш
түрлі топтардан пайда болды:
џ
ғимараттарды тексеру, энегетикалық жүйелерді жобалау жəне қызмет етуін
жақсартуды қоса алғанда,инженерлік қызметтерді көрсететін компаниялар;
џ
ғимараттар мен кəсіпорындар үшін энергияны реттеуші жабдықты жобалаған
бақылау жүйелерінің өндіруші компаниялар;
џ
коммуналдық кəсіпорындардың DSM (Demand Side Management –Ұсыныс
тарапынан менеджмент) бағдарламасын кəсіпорындардың өздерімен немесе
инвесторлармен дамытуымен байланысты құрылған компаниялар. ЭСКО-ный
бұл нұсқасы əдетте электр энергиясын үнемдеумен байланысты жəне электр
энергиясының көтерме нарығының болуымен шартталған.
џ
ЭСКО-ның жылдам өсуі үш фактормен анықталды:
џ
80-ші жылдардың басындағы мұнай жəне электр энергияның құнының өсуімен
џ
ынталандыру салықтарымен, əсіресе, энергоконсервацияға арналған
энергетикалық салық кредитімен (1983 ж. дейін) жəне айналым капиталына
қолданылған инвестициялық салық кредитімен (1986 ж. дейін)
џ
коммуналдық саласына арналған DSM бағдарламаларға инвестициялармен
(негізінде, электр энергия секторына).
Сонымен бірге, сол уақыттарда құрылған энергиялық сервис компаниялардың
барлығы дерлік ойсырап қалды. Бұл ең бастысы, олардың тапсырыс берушілермен өзара
əрекеттесуін регламенттейтін заң шығару базасының жетілмегендігінің салдарынан
болды. Бүгінгі уақытта осындай түрдегі компанияның қызметі жаңа заң шығару базасына
негізделген. Мұнан басқа, олардың шығаруда ең белсенді қатысушылар ірі фирмалар,
энергетикалық жабдық өндірушілер жəне банктер қатысушысы болып табылады. Осының
барлығы осы компаниялардың өркендеуін алдын ала болжады. Бүгінгі уақытта АҚШ-та
шамамен 100 энергиялық сервис компаниялар жұмыс істейді. ЭСКО-ға арналған нарық
көлемі жылына шамамен 6 млрд. долларды құрайды, сонымен бірге нарық маңызды
бөлігінде ПҚШ Үкметімен қаржыландыратын энергияны пайдалану тиімділігін арттыру
бағдаламасының есебінен қалыптасады [49].
10.3 Энергиялық сервис қызметті іске асырудың негізгі модельдері
Шетелдік тəжірибеден, ЭСКО-ның келесі қызмет ету модельдері жиі
қолданылады:
1. Үнемдеуден түскен табысты бөлу (Shared Savings)
2. Жылдам өтемділік (First-Out, First Payоut)
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
Достарыңызбен бөлісу: |