123
Бақылау сұрақтары.
1. Энергияны үнемдеуге қандай іс-шараларды жатқызуға болады?
2. Энергия үнемдеудің негізгі түрлері қандай??
3. Энергия үнемдеудің іс-шараларды не үшін қажет?
4. Ғимараттар мен құрылыстар үшін энергияны үнемдеудің шаралардың
мысалдарын келтіріңіз?
5. Ұйымдастырушылық энергия үнемдеу шараларының мысалдарын
келтіріңіз?
6. Энергияны үнемдейтін үнемді жəне арзан шаралардың мысалдарын
келтіріңіз?
7. Энергия үнемдейтін ауқымды шаралардың мысалдарын келтіріңіз?
Энергия үнемдеу жəне
энергия тиімділігі
124
9-ТАРАУ. БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ ЖƏНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУДІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
9.1 Негізгі анықтамалар
Инвестицялар
– болашақта табыс табу немесе өзге пайда түрін табу мақсатында
кəсіпкерлік қызметіне активтер салу.
Активтер
– бұл кəсіпкерлік қызметіне салынатын ақшалай қаражаттар, бағалы
қағаздар жəне материалдық емес активтерді қоса алғандағы мүліктер .
Күрделі қаржы жұмсалымы
- бұл материалдық активтерге салынатын
инвестициялар;
- бұл жаңа құрылысқа, қайта құруға, кеңейтуге жəне техникамен қайта
жарақтандыруға жұмсалатын бір жолғы шығындар.
Инвестициялар
– бұл өзіне күрделі қаржы жұмсалымын қамтитын өте кең
түсінік.
Жаңа құрылыс
- бұл, толық жобалық қуатқа енгізгеннен
кейін аяқталған болып
саналатын жаңа өнеркəсіптік кəсіпорындар құрылысын салу.
Қолданыстағы кəсіпорынды
дегеніміз– бұл, негізгі жəне қосалқы
кеңейту
өндірістің қолданыстағы цехтарын кеңейту немесе жаңасының құрылысын салуды
білдіреді. Бұл жаңа құрылыс салумен салыстырғанда қысқа мерзімде жəне минималды
шығындар жұмсай отырып, өндіріс қуатын арттыру мақсатында жүргізіледі.
Қолданыстағы кəсіпорынды
- бұл, табиғи тозған жəне сапалық
қайта құру
ескірген жабдықты жаңарта отырып толық немесе ішінара қайта құру. Қайта құру кезінде
ғылыми-техникалық прогрес жетістіктерін, енгізу, номенклатураны жəне шығарылатын
өнімнің сұрыпталымын кеңейту, оның бəсекеге қабілеттілігін жоғарылату нəтижесінде
өндірістік қуаттар артуы тиіс.
Техникалық қайта жарақтандырудың негізгі бағыттары болып табылатындар:
өндірістік техникалық деңгейін жоғарылату; негізгі технологиялық жабдықтың
қолданыстағы жиынтығын жаңарту; негізгі технологиялық жабдық жиынтығын тар
жерлерін жою арқылы түйіндесуін қамтамасыз ету. Ол қолданыстағы өндірістік қуаттарды
арттыру, өндірістің жəне оның өнімінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында
жасалады [61 - 64].
9.2 ИЖ техникалық-экономикалық негіздемесінің қысқаша сипаттамсы (немесе
ТЭН)
Техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) – бұл құрылатын инвестициялық
жобаның экономикалық тиімділігін зерттеу, экономикалық көрсеткіштерін талдау жəне
есептеу. Жоба мақсаты ретінде техникалық нысанды құру немесе қолда бар ғимаратты
қайта құру немесе құрылысын салу болуы мүмкін.
ТЭН құру кезіндегі негізгі міндет – инвестициялық жобаға жұмсалған
шығындарды жəне оның нəтижелерін бағалау, жобаның өтелімділік мерзімін талдау болып
табылады.
Жобадан не күтуге болатындығын түсіну үшін, ТЭН-ні кəсіпкердің өзі құрғаны
жөн, ал инвестор үшін инвестиция сұратып отырған кəсіпкердің ТЭН салынған
қаражаттың өтелімділік мерзімін түсіну үшін қажет.ТЭН даярлау мамандар тобына
(күрделі жобаларда) табысталуы мүмкін, сондай-ақ кəсіпкердің өз бетінше құрылуы
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
125
мүмкін.
ТЭН мен бизнес-жоспардың арасындағы негізгі айырмашылық неде?
Əдетте ТЭН əлдеқашан қолда бар кəсіпорындарда жаңа жобаларға арнап
құрылады, сол себептен маркетингтік зерттеулер, нарықты талдау, кəсіпорынның жəне
өнімнің сипаты сияқты блоктар мұндай ТЭН-де сипатталмайды.
Алайда, кейбір жағдайлар орын алған кездері ТЭН-де қосымша технологиялар
мен жабдықтарды талдау жəне оларды таңдау себептері туралы егжей-тегжейлі деректер
беріледі.
Осылайша, ТЭН толық бизнес-жоспарға қарағанда қысқарақ жəне мазмұнды
құжат болып табылады [61 - 64].
ТЭН құруға қойылатын талаптар.
ТЭН құру кезінде бөлімдердің келесі түрдегі жүйелілігіне рұқсат етіледі:
1. Жалпы мəліметтер жəне шарттар (Түйіндеме).
2. Коммерциялық бөлім.
2.1 Өнім нарығын зерттеу.
2.2 Маркетингтік стратегия.
2.3 Жобаның келісімшарттық пысықталымы.
3. Техникалық (энергияны үнемдеушілік) бөлім жəне жоба бойынша сатып алу
бөлімі.
3.1. Жобаның орналасқан жерін таңдауды негіздеу.
3.2. Технологияның сипаттамасы.
3.3. Жабдықтың сипаттамасы.
3.4. Кəсіпорындағы сапа жүйесі жəне жобаның патенттік тазалығы.
3.5. Өндірістік нысандар құрылысы.
3.6. Кəспорынның техникалық қызметкерлері.
4. Экологиялық бөлім.
5. Институционалдық бөлім.
6. Қаржылық бөлім.
6.1 Өндірістік, жалпы жəне əкімшілік шығындар.
6.2 Табыстар.
6.3 Қаржылық міндеттемелер.
6.4 Ақшалай қаражаттар ағыны.
6.5 Жоба тиімділігінің көрсеткіштері.
7. Элеуметтік-экономикалық бөлім.
7.1 Жобаны іске қосудан түскен пайдалар.
7.2 Экономикалық шығындар мен пайдаларды салыстыру.
8. Жобалық тəуекелдер жəне оларды төмендету жөніндегі іс-шаралар.
9.3 Энергия үнемдейтін жобаның тиімділігін экономикалық бағалау
көрсеткіштері
Күрделі қаржы жұмсалымын жоспарлау - бизнес-жоспардың (ТЭН) құрамдас
бөлігі [61 - 64]. Энергия үнемдеу саласындағы инверсиялық жобалардың тиімділігін
негіздеу үшін келесі сипаттамалар есептеледі:
а)
– жобаны іске асырудың оның тікелей
қаржылық тиімділігінің көрсеткіштері
қатысушыларына қаржылық салдарлары ескеріледі;
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі