143
енгізуге жұмсалған шығын мөлшерін, экономикалық əсерге қол жеткізу (қол
жеткізбеу), кепілдендірілген жинақтарды алу мəселелеріне қатысты дау
туындаған жағдайда тəуелсіз сарапшылар ұйымын тарту тəртібі;
џ
ЭСКО-ның тапсырыс берушінің кəсіпорынындағы технологиялық процесті
жəне жаңа жабдықты пайдалануды қадағалауға құқығын іске қосу тəртібі,
жинақтарды мерзімді анықтап отыру үшін өзіндік құнның қалыптасуын
бақылау, энергиямен жабдықтайтын ұйымдармен барлық өзара
əрекеттесулерді бақылау;
џ
Кепілдендірілген жиынтық мөлшерлерінің өзгеру жағдайлары мен тəртіптері
(тарифтердің едəуір өзгерулері, инфляция, заңнаманың өзгеруі жəне т.с.с.),
бастапқыда есептелген сомадан үстеме алынған үнемді үлестіру тəртібі [49].
10.8 Энергиялық сервис шарттар жасауға жəне орындауға арналған негізгі
мəселелер мен кедергілер (жүйенің кемшіліктері)
Қазақстандағы ЭСКО даму жолындағы негізгі кедергілерді айта кетуге болады:
џ
энергоресурстарға төмен тарифтер энерготиімділікке инвестиция құюға
кедергі келтіреді, себебі тұтынушыдағы энергия үнемдеу бағасы тым төмен
болады;
џ
төлемдердің нашар төленуі тұтынушының өз тұтынуын төмендету ынтасынан
айырады;
џ
жоғары кредиттік тəуекелдер / тапсырыс берушілер мен ЭСКО-ның шектелген
қаржылық тарихы;
џ
банктердің тəуекелдерді кепілдендіруге ниет танытпауы;
џ
институционалды сектордағы жеткілікті қаржының жоқтығы;
џ
тапсырыс берушілердің ЭӨК саласындағы жеткілікті білімінің жоқтығы;
џ
техникалық өкілеттіліктің жоқтығы
сонымен бірге, энергиялық сервис шарттарды қолданудың айқын
тартымдылығына қарамастан, бүгінгі уақытта энергиялық сервис шарттарды қолданудың
белгілі бір қиындықтары мен тəуекелдерінің болу мүмкіндігі.
Негізгі тəуекелдерге жататындар:
џ
Ресурстардың (энергияның) бағасының өзгеру қауіпі;
џ
Энергия тұтынушының банкроттыққа ұшырау (төлем қабілетсіздігі) қауіпі;
џ
Өндірістік жоспарды қате есептеу қауіпі;
џ
Жоғары қаржылау қауіптер;
џ
Энергиялық сервис компанияларға ақшалай қаражаттарды қайтармау немесе
толық қайтармау қауіпі;
џ
Өнеркəсптік кəсіпорындардың адалдық қауіпі;
џ
Серіктес банктің энергиялық сервис сызбаны қаржыландырудың тартымсыз
шарттарын ұсыну қауіпі;
џ
Энергиялық сервис компанияның қауіпі;
џ
Əкімшілік-реттегіш қауіп;
џ
Энерготиімді жобаны енгізу нəтижелеріне меншік құқығының белгісіздік
қауіпі;
џ
Шартты мерзімінен бұрын тоқтату қауіпі [35].
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
144
Бақылау сұрақтары.
1. Энергетикалық қызметтің мəні, рөлі мен маңызы қандай?
2. ЭСКО ұсынатын қызметтердің стандартты жиынтығына не кіреді?
3. Энергия қызметтері жобаларын қаржыландырудың негізгі үлгілері қандай?
4. Энергетикалық қызмет көрсету туралы келісімшарттарды іске асырудың
мақсаттары, міндеттері мен артықшылықтары қандай??
5. Энергетикалық қызмет көрсету туралы келісімшарттардың түрлері қандай?
6. Энергетикалық қызмет көрсету туралы келісімшарттардың артықшылықтары
қандай?
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
145
2-БӨЛІМ. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
11-ТАРАУ. ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНУ ГРАФИКТЕРІН ТАЛДАУ
Электрлік жүктемелер, заманауи өнеркəсіптік кəсіпорынды электрмен жабдықтау
кезіндегі пайда болатын техникалық жəіне экономикалық тапсырмаларды шешуге
арналған бастапқы деректер болып табылады. Электрлік жүктемелерді анықтау электрмен
жабдықтаудың кез келген жүйесінің бірінші сатысын құрайды жəне тоқжіберуші
элементтерді жəне қыздыру трансформаторларын таңдау жəне тексеру мақсатында жəне
экономикалық түсінікпен, кернеудің ауытқуы мен тербелістерін есептеу, теңелтуші
қондырғыларды, қорғаныс құрылғыларын жəне т.б. таңдау жүргізіледі.
Электрлік жүктелім – жекелеген қабылдағыштар немесе электр энергиясын
тұтынушылардың қуатты тұтынуын сипаттайтын шама.
Өнеркəсіптік кəсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйесін жобалау жəне
пайдалану кезінде жүктелімдердің негізгі үш түрі бар: белсенді қуат Р, реактивті қуат Q
жəне ток I.
Белсенді, реактивті немесе тоқ жүктелімінің өзгеру қисығы уақыт аралығында,
сəйкесінше белсенді қуат бойынша, реактивті қуат бойынша немесе ток бойынша жүктелім
графигі деп аталады.
Сол себептен жүктелім графиктерін келесілерге бөлу қабылданған:
џ
тəуліктік,
џ
маусымдық,
џ
жылдық.
Сондай-ақ жүктелім графиктері келесілерге бөлінеді:
џ
дербес – электр энергиясын жеке қабылдағыштарға,
џ
топтық – электр энергиясын қабылдағыш топтарына.
Жүктелім графиктері электр қондырғыларын талдау үшін, электрмен жабдықтау
жүйесін жобалау үшін, электр тұтыну болжамдарын құру үшін, жөндеу жұмыстарын
жоспарлауға, сондай-ақ қалыпты жұмыс режимін жүргізу үшін қолданылады [41].
Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау кезінде
біз күтілетін жүктелім графигін ескеруіміз қажет. Мұндай график перспективті
деп аталады. Оны құру үшін бірінші кезекте электр қабылдағыштарының орнатылған
қуаты туралды мəліметтің білу қажет, ол дегеніміз олардың жиынтық номиналды қуаты.
Белсенді жүктелім үшін :
Тұтынушы қосалқы станцияларындағы шиналардағы жалғастырылған қуат:
мұндағы - тұтынушылар электр қондырғыларының орташа ПƏК;
–номиналды жүктелімдегі жергілікті желінің орташа ПƏК .
11.1 Электр жүктелімдерінің тəуліктік графиктері
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
Достарыңызбен бөлісу: |