Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет55/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83

146
Пайдалану  тəжірибесінде,  əдетте  тұтынушылардың  шынайы  жүктелімі 
орнатылған  қуаттан  төмен.  Бұл  жағдайды  бір  мезгілдік  k
о
  жəне  жүктеу  k
3

коэффициенттерімен ескереді жəне оларды бір коэффициентке – сұраныс коэффициентіне 
k
спр
 біріктіріп отырған. 
Бұл жағдайда тұтынушылардың максималды жүктелімі былайша анықталады:
Сұраныс коэффициенттерін бір типті тұтынушыларды пайдалану тəжірибесінде 
анықтайды жəне анықтамалық əдебиетте беріледі.
Максималды жүктелімдегі анықталатын мəн жылдағы ең үлкені болып табылады 
жəне əдетте қысқы максимум жүктелім кезеңіне сəйкес келеді.
Графикті тұрғызу үшін P
max
 басқа тұтынушы жүктелімінің уақыт аралығындағы 
өзгеру сипатын білу қажет, ол жобалау кезінде əдетте типтік графикпен тұрғызылады.
Нəтижелерді  талдаудың  қолайлылығы  үшін  график  баспалдақты  түрде 
орындалады.  Тəуліктегі  ең  жоғарғы  жүктелім  100  %  деп  алынады,  ал  қалған  график 
баспалдақтары берілген тəулік уақытына жүктелімнің салыстырмалы мəнін көрсетеді. 
P
max
  мəлім  болған  жағдайда  типтік  графикті  берілген  тұтынушының  жүктелім 
графигіне ауыстыруға болады.
мұндағы n – типтік графиктің сəйкес сатысындағы ордината.
P
ст
=
n
100
∙ P
max
,
11.1 - сурет – Тұтынушы жүктелімдерінің тəуліктік графиктері
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


147
Əдетте əрбір тұтынушыға бірнеше тəуліктік график беріледі, олар оның əртүрлі 
апта күндеріндегі жəне əртүрлі жыл мезгіліндегі жұмысын сипаттайды. 
Бұл қысқы жəне жазғы жұмыс күндеріндегі типтік графиктер, демалыс күнінің 
графигі. 
Əдетті  қыстық  жұмыс  күндерінің  графигі  негізгі  болып  табылады.  Оның 
максималды жүктемесі  100% деп саналады, ал қалған басқа графиктердің координаттары 
дəл осы мəннің пайызымен беріледі. 
Белсенді  жүктеме  графиктерінен  басқа  реактивті  жүктеме  графиктерін 
пайдаланады. Реактивті тұтынудың типтік графиктері де баспалдақты ординаталары бар, 
абсолюттік максимумның.
мұндағы            -              мəні бойынша анықталады, ол берілген тұтынушыға 
бастапқы параметр ретінде белгіленуі тиіс. 
Барлық  қуаттың  тəуліктік  графигін  қолданыстағы  белсенді  жəне  реактивті 
жүктемелер графиктерін пайдалана отырып алуға болады. 
11.2-сурет – Белсенді, реактивті жəне толық қуаттың тəуліктік графиктері
Жылдық  график  түрлі  жүктелімі  бар  қондырғының  жыл  бойындағы  жұмыс 
ұзақтығын көрсетеді. Ординат осі бойынша жүктелім белгіленеді, абсцисс осі бойынша – 
сағаттар: 0-ден 8760 сағатқа дейін. Графиктегі жүктелімдер төмендейді P
max
 -   -тен P
min
-ге 
дейін.
Жүктелім ұзатқтығының жылдық графигін тұрғызу мəлім қысқы (183 күн) жəне 
жазғы (182 күн) тəуліктік графиктердің негізінде жүргізіледі. 
11.2 Жүктемелер ұзақтығының жылдық графигі 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


148
11.3-сурет – Қысқы жəне жазғы күндердегі тəуліктік графиктер.
қыс
жаз
11.4-сурет – ЭЭЖ жүктелімінің жылдық графигі .
Жүктеме  ұзақтығының  жылдық  графигі  қондырғының  техникалық-
экономикалық көрсеткіштерін есептеу, электр энергиясының жоғалтуларын есептеулерде, 
жабдықты жыл бойы пайдалануды бағалау кезінде қолданылады.
Белсенді  жүктелім  графигінің  қисығымен  шектелген  аудан,  қарастырылып 
отырған кезеңдегі электр қондырғысымен өндірілген жəне тұтынылған энергияға сандық 
жағынан тең. 
мұндағы P
i
 – белсенді жүктелімдер сомасы;
 T
i
– қарастырылып отырған уақыт кезеңі.
Жұмыс графигінің ауытқымалы дəрежесін толтыру коэффициентімен бағалайды:
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


149
k
зп
  коэффициенті  –  қарастырылып  отырған  кезеңдегі  электр  энергиясының 
шығарылған  (тұтынылған)  мөлшері,  егер  қондырғы  макималды  қуатпен  жұмыс  істеген 
жағдайдағы уақытта шығарылуы (тұтынылуы) мүмкін энергия мөлшерінен қанша есе аз 
екендігін көрсетеді. 
Толтыру коэффициентін есептеудің мысалы. Кəсіпорын үш ауысымдық жұмыста 
(24 сағат) бір тəулікте 30,0 мың кВ·А шығындады. Тəулік ішіндегі максималды жүктелім 
Рmax - 1500 кВт тең болды:
Тағы  да  бір  жиі  қолданылатын  шама  –  максималды  жүктелімді  пайдалану 
ұзақтығы:
Бұл шама, қарастырылып отырған кезеңде Т (əдетте бір жыл), осы кезең ішінде 
электр энергиясының шынайы мөлшерін шығаруы үшін қондырғы өзгеріссіз максималды 
жүктелімде жұмыс істеу керектігін көрсетеді [56].
11.3 Электр қабылдағыштардың жұмыс режимі бойынша жіктемесі
Ұзақ мерзімді жұмыс режимі.
 Ұзақ өзгеріссіз немесе аз өзгеретін жүктелімі бар 
номиналдық  режимде  жұмыс  істейтін  электрқабылдағыштар.  Бұл  режимде  электр 
аппараты  (машина)  ұзақ  мерзім  жұмыс  істей  алады,  оның  бөліктерінің  температурасы 
белгіленген мəнге дейін жетуі мүмкін, рұқсат етілген температурадан асырмастан. 
Мысал:  Сорғылардың,  сығымдағыштардың,  желдеткіштердің  электрлік 
қозғалтқыштары. 
Қысқа мерзімді жұмыс режимі.
 Электрқабылдағыштың (электрқозғалтқыштың) 
қысқа мерзімді жұмыс режимі, ЭҚ оның температурасы белгіленген мəнге дейін жетуге 
үлгермейтін  уақыт  ішінде  номиналды  қуатпен  жұмыс  істейтінімен  сипатталады.  Оны 
өшірген  кезде  (ЭҚ  жұмыс  істемейді)  оның  температурасы  қоршаған  ортаның 
температурасына дейін төмендеп үлгереді. 
Мысал:  Қосалқы  механизмдердің,  гидротығындардың  жəне  т.б.  электр 
қозғалтқыштары.
Қайталанбалы-қысқа  мерзімді  жұмыс  режимі.
  Электрқабылдағыштың  қысқа 
мерзімді  жұмыс  режимінде  (ҚЖР)  белгілі  бір  жүктелімі  бар  қысқа  мерзімді  жұмыс 
кезеңдері  кідірістермен  кезектеседі  (ЭҚ  өшірулі).  Жұмыс  кезеңдері  мен  кідірістердің 
ұзақтығы,  ЭҚ  жекелеген  бөліктерінің  қызуы  қоршаған  ортаның  өзгеріссіз 
температурасында  белгіленген  мəнге  жететіндей  жоғары  емес.  Қайталанбалы-қысқа 
мерзімді жұмыс режимі қосудың салыстырмалы ұзақтығымен (ПВ, % - паспорттық шама) 
немесе қосу коэффициентімен (kВ) сипатталады. Қосу коэффициенті ЭҚ жүктелім графигі 
бойынша, қосу уақытының (tВ) тұтас циклдің уақытына (tЦ) қатынасы ретінде есептеледі 
k
В
= t
В
/t
Ц
,
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау