93
Энергия үнемдеу жəне ОЭР пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-
шаралар
ТЭН əзірлеу барысында алынған энергия үнемдеу жəне ТЭО пайдаланудың
тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың деректері келтіріледі
Қорытынды
Қорытындыда ТЭО, ауаны, суды жəне басқа да ресурстарды тұтыну, оларды
пайдаланудың тиімділігі жөніндегі талдаудың жалпыланған деректері қысқаша түрде
келтіріледі. Энергия тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынылған шаралар жөнінде
энергия үнемдеу əлеуетінің жалпыланған бағалауы келтіріледі.
Қосымшалар
Отын-энергетикалық ресурстарды тұтынушының энергетикалық паспортына
қосымшалар (кесте нысандары түрінде) энергетикалық ресурстарды тұтынудың
теңгерімін, кəсіпорынның шаруашылық қызметі барысында оларды пайдаланудың
тиімділігінің көрсеткіштерін, энергия үнемдеу əлеуетін, сондай-ақ энергия үнемдеу
шаралары туралы мəліметтерді көрсететін құжаттардың жиынтығы болып табылады [48].
6.1 Ғимараттар мен имараттар
Энергетикалық тексеруді растайтын ресми құжат энергетикалық паспорт болып
табылады. Тұрғын жəне қоғамдық ғимараттардың энергетикалық паспорты энергетикалық
тиімділік көрсеткіштерінің жəне ғимараттың жылу техникалық көрсеткіштерінің осы
нормаларда белгіленген көрсеткіштерге сəйкестігін растауға арналған [6; 9].
Жылу қорғау жəне жылумен, сумен жəне электрмен жабдықтау нормативтері
негізінен тұрғын (қоғамдық) ғимарат жобасының энергетикалық паспортына жатқанымен,
алайда энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігін ағымды арттыруға септігін
тигізетін ғимараттың энергетикалық паспортының үлгісі ретінде қарастыруға болатын
бөлімдері де бар. Нормативтік құжат сегіз бөлімнен тұрады: 1 бөлім - «Қолдану аясы», 2
бөлім – «Заңнамалық негізі жəне нормативтік сілтемелер», 3 бөлім – «Ғимараттардың
жылуын қорғау», 4 бөлім – «Тұрғын ықшамаудандар мен ғимараттарды жылумен, сумен
жабдықтау», 5 бөлім – «Ғимараттың энергия сыйымдылығының жылу техникалық
көрсеткіші», 6 бөлім – «Тұрғын жəне қоғамдық ғимарат жобасының энергетикалық
паспортына қойылатын талаптар», 7 бөлім – «Ғимараттарды электрмен жабдықтау жəне
ғимараттардың электр жабдықтары» жəне 8 бөлім – «Ғимараттарды жасанды
жарықтандыру».
Ғимараттың үлгі энергетикалық паспортының жалпы құрылымы 6.1 суретте
көрсетілген.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі