Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет44/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83

117
болады, өйткені аталған шырағдандар егер газразрядты шаммен салыстырсақ, токты 3 есе 
аз тұтынады.
Жарықдиодтық  шырағдандардың  өзіндік  құнын  азайту  дайын  өнімді  өткеру 
көлемдерін ұлғайтқан кезде мүмкін болады [49].
Электрондық іске қосу-реттеу аппаратурасы
Электр магниттік іске қосу-реттеу аппараттарын (балласттарды) (ІРА) аса сенімді 
жəне үнемді электрондық іске қосу-реттеу аппараттарына (ЭІРА) айырбастау. Іске қосу-
реттеу  аппараты  (ІРА)  –  оның  көмегімен  разрядтық  шамның  тұтануы,  жағылуы,  жануы 
жəне жұмыс істеуінің қажетті режимдері қамтамасыз етілетін шамның электр желісінен 
қоректендірілетін құрылғы. 
ІРА-сыз қағидатты түрде бірде бір разрядтық шамдардың жұмысын қамтамасыз 
ету мүмкін емес. 
Электрондық балласт:
-  асқын  кернеуден  қорғау  есебінен  люминесценттік  шамдардың  пайдалану 
мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді;
- шамның мезетінде іске қосылуына қол жеткізуге көмектеседі («ыстық старт»деп 
аталады);
- люминесценттік шамдар іске қосылғанда жыпылықтауын болдырмауға;
-  стандарттық  электр  магниттік  ІРА-ға  қарағанда  жұмыс  барысында  шуыл 
шығармайды;
- энергияны аз тұтыну есебінен электр энергиясын үнемдейді (20% дейін);
- ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз етеді (техникалық деректерге сай орташа 
алғанда 50 мың сағ,);
-  желідегі  кернеу  өзгерген  жағдайда  тұрақты  жарық  ағынын  қамтамасыз  етеді, 
жарықтың берілуін жақсартады;
- шамдағы ақауды немесе оның жоқтығын анықтау мүмкіндігін жəне жүйені іске 
қосудың күшін жоюға мүмкіндік береді. 
Электр  магниттік  іске  қосу-реттеу  аппараттары  өзінің  танымал  кемшіліктері 
себепті  (жарықтың  жыпылықтауы,  желідегі  кернеу  өзгергенде  жарықтандырудың 
тұрақсыздығы,  жоғары  шуыл  деңгейі,  қуаттың  аз  коэффициенті,  жарықты  басқару 
мүмкіндігінің  жоқтығы)  люминисценттік  шамдарды  пайдаланып,  жарықтандырудың 
барлық мүмкіндіктерін толығымен ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді. Электрондық іске 
қосу-реттеу  аппараттары  (ЭІРА)  осы  кемшіліктерді  жоюға  жəне  энергия  үнемдеудің 
қосымша мүмкіндіктеріне ие болуға септігін тигізеді, оның екінші атауы - электрондық 
балласттар. 
Қазіргі заманғы электрондық балласттар мыналарды қамтамасыз етеді:
   шамдарды мезетте (жыпылықтауы жоқ жəне шуылсыз) жағылуын; 
   жоғары жиілікті диапазонда жұмыс істеуінің арқасында жайлы жарықтандыру 
(стробоскопиялық  əсерлерсіз  жағымды  жыпылықтамайтын  жарық  жəне  шуылдың 
жоқтығы);
    желідегі кернеудің өзгеруіне қарамастан тұрақты жарықтандыру; 
    ақауларды  бақылаудың  электрондық  жүйесі  ажырататын  ақаулы  шамдардың 
жыпылықтауы мен жарқылдауы жоқ; 
   тұтынатын электр энергиясының жоғары сапасы – фазалық нөлдік өзгеруі бар 
синусоидалдық токты тұтынуының арқасында қуат коэффициенті бірлігіне жуық. 
Электрондық балласттар жеткілікті қымбат құрылғылар болып табылады, алайда 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


118
бастапқы шығындар олардың жоғары үнемділігімен өтеледі, ол мыналармен сипатталады:
- жоғары жиілікте шамның жарық қайтарымын арттыру жəне электр магниттік 
ІРА-мен  салыстырғанда  ЭІРА  ПƏК  аса  жоғары  болуы  есебінен  энергияны  20  %  аз 
тұтынуымен (жарық ағынын сақтай отырып); 
- аялауыш жұмыс жəне іске қосу режимінің арқасында шамдардың қызмет мерзімі 
50% ұлғаюымен; 
-  айырбасталатын  шамдар  санының  азаюы  жəне  стартерлерді  айырбастау 
қажеттігінің болмауы есебінен пайдалану шығындарының азаюымен; 
- жарықты басқару жүйелерінде жұмыс істегенде энергияның 80% дейін қосымша 
үнемделуімен [49]. 
Қимыл-қозғалыс жəне қатынасу инфрақызыл датчиктері 
Адамның  қозғалуына  немесе  объектілер  датчигінің  көріну  аймағындағы 
температураның  күрт  өзгеруіне  байланысты  датчиктің  сезімтал  элементінің  қабылдау 
алаңында жылу (инфрақызыл) ағынның өзгеруіне қарай адамды анықтау. 
Тек  үлкен  қимыл-қозғалысты  (жүріп  келе  жатқан  адамдарды)  анықтау  алатын 
датчиктер қимыл-қозғалыс датчиктері деп аталады.
Адамдардың  ұсақ  қимыл-қозғалысын,  соның  ішінде  отырған  немесе  тұрған 
адамдарды анықтайтын датчиктер қатынасу датчиктері деп аталады. 
Инфрақызыл  датчиктердің  көпшілігі  соңғы  тіркелген  қимыл-қозғалыстан  кейін 
жарықты өшірудің кідірген уақытына қарай сол немесе басқа режимде жұмыс істей алады. 
Табиғи  жарықты  мониторингтеу  функциясы  бар  датчиктер  бар  –  датчик 
жарықтылықты  ұдайы  табиғи  жарықпен  өлшейді  жəне  егер  табиғи  жарықтылық  тіптен 
егер  датчиктің  көру  аймағында  адамдар  болса  да,  берілген  табалдырық  мəннен  асатын 
болса, шырағдандарды қоспайды (немесе қатынасу датчигі үшін өшірмейді).
Адамдар келген уақытта шырағдандар автоматты түрде жанып-өшеді:
- əрі-бері өтетін үй-жайларда (көппəтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерінде жəне 
баспалдақ торшаларында);
-  оқу  жəне  əкімшілік  ғимараттардың,  медициналық  мекемелердің  дəліздерінде, 
баспалдақтарында, рекреацияларында жəне қосалқы үй-жайларында;
- санитариялық-гигиеналық үй-жайларда жəне шешіну бөлмелерінде;
-  тұрақты  жұмыс  орындарынсыз  өндірістік  үй-жайларда  –  қоймаларда,  тиеу-
түсіру терминалдарында, қазандықтарда, трансформаторларда жəне т.т.;
- кеңсе кабинеттерінде;
- аудиторияларда жəне оқу кластарында.
Тұрақты жұмыс орындары бар оқу аудиторияларында жəне үй-жайларында электр 
энергиясын үнемдеу – 50% дейін. 
Тұрақты жұмыс орындарынсыз үй-жайларда – 85% дейін.
Адамдар ағыны көп əрі-бері өтетін үй-жайларда – 55-60% дейін. Адамдар ағыны 
аз əрі-бері өтетін үй-жайларда – 95% дейін [49]. 
Сынап  шамдары  жəне  қыздыру  шамдары  бар  шырағдандарды  аса  тиімді 
натрийлі шамдарға (ДНаТ) айырбастау
Көше жарықтандыруы жүйелерінде жаңа технологиялардың пайда болуы үлкен 
экономикалық  нəтижеге  ие  болуға  мүмкіндік  береді.  Тəжірибе  оларды  ендірген  кезде 
электр  энергиясын  үнемдеу  əлеуеті  көше  жарықтандыруының  көбінде  50  %  астамды 
құрайтынын көрсетеді. 
ҚР  аумағының  көпшілігінде  жарықтандыру  жабдықтарының  қатты  физикалық 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау