Қазақстан Республикасы



жүктеу 161,81 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі161,81 Kb.
#1733


Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы « __ » _________

№ бұйрығына

9 - қосымша

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1.«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) Мемлекеттік корпорация;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация және порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір күн бұрын ұсынады):

1) жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:

пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт үшінші жұмыс күнi берiледi;

жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт бесінші жұмыс күнi берiледi;

жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт жетінші жұмыс күнінде беріледі;

жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорт көрсетілетін қызметті алушы жүгiнген күннен бастап оныншы жұмыс күні берiледi.

Осы тармақшаның 1 және 2 – абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, бірінші күрделік санатына жататын жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт бесінші жұмыс күні беріледі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9173 тіркелген) бекітілген жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу нұсқаулығына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісінің бірінші күрделілік санатына төрт үй-жайдан кем емес тікбұрышты құрылыс нысанынан құрылатын құрылыстар жатады.

Мерзiмдi одан әрi ұзарту көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің келiсiмі бойынша объектiнiң күрделiлiк санатына қарай жүргiзiледi, бұл ретте жалпы мерзiм көрсетілетін қызметті алушы жүгiнген күннен бастап екі айдан аспауға тиiс;

көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының телнұсқасы.

Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерi мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының техникалық паспортты берген үшін қосымша ақыны төлегенін растайтын құжатты ұсынған кезде береді, ал қызмет көрсету үшін шарт жасалған кезде, көрсетілетін қызметті алушы озі қол қойған орындалған жұмыстардың актісін қосымша ұсынады.

Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік кызмет нәтижесін алу орны мен күні көрсетіле отырып, оның дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем уәкілетті орган бекітетін www.adilet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурсында орналастырылған Бағалар прейскурантына (бұдан әрі – Бағалар прейскуранты) сәйкес айқындалады және көрсетілетін қызметті берушінің есеп айырысу шотына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда енгізіледі.

Ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) порталы арқылы да жүргізіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, Мемлекеттік корпорация белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен, портал арқылы электрондық кезекті броньға қоюға болады, бұл ретте құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі, құқық иеленушісі) не оның өкілі: заңды тұлға үшін өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариат куәландырылған сенімхат бойынша жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттардың тізбесі:

Мемлекеттік корпорация:

1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификациялау үшiн берiледi), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшiрмесi;

3) жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын ол болған жағдайда және (немесе) жер учаскесiне идентификациялық құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар;

4) техникалық паспорт бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат екі кезеңде ұсынылады:

мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш берген кезде ақы төлеу Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша көрсетілетін қызметтің базалық құны түрінде жүргізіледі;

жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт алған кезде Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық ақы төлеу (қосымша ақы) жүргізіледі.

Порталда:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын ол болған жағдайда және (немесе) жер учаскесiне идентификациялау құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшірмесі;

3) ЭҮТШ арқылы жасалған төлемді қоспағанда, техникалық паспорты бергені үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі екі кезеңде ұсынылады:

мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш берген кезде ақы төлеу Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша көрсетілетін қызметтің базалық құны түрінде жүргізіледі; жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт  алған кезде  Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмысқа толық ақы төлеу (қосымша ақы) жүргізіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, «Электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы жүргізілген ақы төлеуді және қызметкері көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация берушінің тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «Электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету жағдайында көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген кезде Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде не оның өкілінің: заңды тұлға үшін өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариат куәландырылған сенімхат бойынша қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбесе, Мемлекеттік корпорация олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.

Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алу үшін бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорация жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салу жасайды. Көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде жолдайды, одан кейін Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.



3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс мекенжайы, 8 (7172) 74-07-37 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады;

2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.

Қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы Мемлекеттік корпорация кеңсесіне келіп түскен шағымды қабылдаудың растауы оның тіркелуі (мөртабан, тіркеудің кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорация мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немес қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүру, бейімделу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұратын жеріне бара отырып, 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен жүргізеді.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz , «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) Мемлекеттік корпорация – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жөніндегі байланыс орталығы: 1414.

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымша


Нысаны
_______ техникалық паспортты беруге өтініш

«Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК бөлімшесі

Жеке тұлғалар үшін:


Азамат (ЖСН)________________атынан, сенiм білдірілген адам (ЖСН)_____

__________________________________________________________________


(Тегі, аты және болса  әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) туған жылы)

_____________________________________________________________________негізінде


                                 (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

______________________________________________________ атынан әрекет етеді.


Заңды тұлғалар үшін:
Заңды тұлғаның толық атауы ________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі ____________________________
Мемлекеттік тіркеу күні ____________________, БСН _________________
Заңды мекенжайы __________________________________________________
Т.А.Ә. (басшының немесе уәкілетті өкілдің)_______________________________
__________________________________________________________________
___________________________________________________________негізінде
                          (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
______________________________________________________ атынан әрекет етеді.
              

Тексерілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:__________________


_____________________________________________________________________________
Қабылданған құжаттардың тізбесі: (атауы, сериясы, қашан және кім берді):
1. Төлем туралы құжат: түрі __________________№__________күні___________
сомаға ________________(жазбаша)___________________________________

2. Қолда бар техникалық паспортты (бар болса) және жер учаскесiне


идентификациялық құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн (құқық растайтын) құжаттар (түпнұсқада)
__________________________________________________________________

3. Өзге де құжаттар* _______________________________________________


4. Байланыс телефоны _______________________________________________

Мынадай жұмыстарды орындауды:


- жылжымайтын мүлiк объектiсiне мемлекеттік техникалық ттексеру жүргізуді өтінемін.

Ескертпе __________________________________________________________


Жұмысты бітірген соң төлемнің толық төленуіне (қосымша ақы) кепілдік беремін.
Өтініш берушінің қолы __________, _____жылы, күні «___» ______________
Қабылдады ________________________________________________________

(маманның, инспектордың Т.А.Ә. және қолы)

жылы_______________, күні «_____»________ уақыты: ____ сағат.___минут.
Маманның шығу күні _______________________________________________

Құжаттарды беру күні _____________ Тізілімдік нөмір ___________________

*бұл баған қосымша құжаттар болған жағдайда толтырылады

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.


______________ 20__ж. ___, __________

( қолы)

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне

техникалық паспортының телнұсқасын беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысаны
(Тегі, аты, болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.),

не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)

_________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)


Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы


15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация № ___ филиалының бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атаулары:

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ….

Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа біреуден жасалды.



Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

Телефон ______________________

Алдым: ___________________________________________________________

көрсетілетін қызметті алушының қолы/Т.А.Ә. қолы


20___ жылғы «___» ____________
жүктеу 161,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау