28
3 ТАРАУ. ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ.
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ. ISO СТАНДАРТЫ БАЗАСЫНДАҒЫ
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
3.1 Жалпы қағидалар
ISO 50001:2011 «Энергетикалық менеджмент жүйелері – Талаптар мен қолдану
жөніндегі нұсқаулық», ҚР СТ ISO 50001:2012 «Энергетикалық менеджмент жүйелері –
Талаптар мен қолдану жөніндегі нұсқаулық» стандартына сəйкес, энергетикалық
менеджмент жүйесі (ЭМЖ) (energy management system (EnMS)) – бұл энергетикалық
саясатты жəне энергетикалық мақсаттарды, сондай-ақ осы саясатқа жəне мақсаттарға
қолжеткізу процестерін əрі рəсімдерін анықтайтын өзара байланысқан жəне өзара
əрекеттесуші элементтердің жиынтығы.
Əлемдік практикада бүгінгі таңда келесідей ISO 50000 сериялы стандарттар
əзірленген [23 - 27]:
ISO 50002:2014 Энергетикалық аудиттер. Оларды өткізу бойынша талаптар мен
нұсқаулық.
ISO 50006:2014 Энергетикалық менеджмент жүйелері - Энергия тұтынудың
базалық деңгейлері мен энергия тиімділігі көрсеткіштерін пайдалана отырып, қол
жеткізілген / қол жеткізілетін энергия тиімділігі деңгейін өлшеу. Жалпы қағидалар мен
нұсқаулық
ISO 50003:2014 Энергетикалық менеджмент жүйелері - энергетикалық
менеджмент жүйелеріне аудит жəне сертификаттау өтізетін органдарға қойылатын
талаптар
ISO 50004:2014 Энергетикалық менеджмент жүйелері - энергетикалық
менеджмент жүйелерін ендіру, сүйемелдеу жəне жақсарту жөніндегі нұсқаулық;
ISO 50015:2014 Энергетикалық менеджмент жүйелері - Ұйымның энергия
тиімділігінің қол жеткізілген / қол жеткізілетін энергия тиімділігін өлшеу мен анықтау.
Жалпы принциптер мен нұсқаулық.
3.2 Кəсіпорындағы энергетикалық менеджменттің рөлі
Кəсіпорында энергетикалық менеджмент жоқ болған жағдайда мынадай
құбылыстар орын алуы мүмкін [69]:
энергия тиімділігіне əсер ететін жекелеген аспектілер мен элементтерге ғана зер
салу (фрагментарлы жəне шектеулі тəсілдеме);
жекелеген аспектілер мен элементтерге көңіл аудармау жəне есепке алмау энергия
үнемдеу процесіндегі жұмыс іркілістеріне əкеледі жəне персонал тарапынан түсінбеушілік
туғызады;
қиын тексерілетін (аудиттенбейтін) процесс тексеріс нəтижелерімен əрдайым
объективті бола бермейді;
энергия үнемдеу тек қана бұны басшылық немесе мемлекеттік органдар оны
сондай деп есептегенде ғана жүзеге асырылады;
энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі саласында қол жеткізілген нəтижелерді
кез келген тарапқа объективті түрде көрсету мүмкіндігі бола бермейді;
өзіндік практиканы басқа компаниялардың ұқсас практикасымен салыстыруға
мүмкін емес.
Энергия үнемдеу жəне
энергия тиімділігі
29
Жоғарыда мазмұндалғаннан айрықша, ISO 50001:2011 «Энергетикалық
менеджмент жүйелері – Талаптар мен қолдану жөніндегі нұсқаулық», СТ РК ISO
50001:2012 «Энергетикалық менеджмент жүйелері – Талаптар мен қолдану жөніндегі
нұсқаулық» стандартына негізделген жүйелік тəсілдеменің кəсіпорындағы энергетикалық
менеджмент үшін маңызды рөл атқаратын келесідей негізгі сипаттамалары бар [69]:
ол энергия тиімділігіне əсер ететін барлық аспектілерді қарастыруды нысанаға
алады, жəне де ұдайы жақсартуға бағытталған;
ол ішкі əрі сыртқы аудиторлар тарапынан энергия үнемдеудің тексерілетін
(аудиттелетін) процесін білдіреді;
бұл сертификатталған процесс, стандартқа сəйкестікті барша əлемге көрсетуге
болады;
бұл белгілі бір есептеу бастаулары (базалық желілер) жəне құжаттамаланған
энергиялық мақсаттар түріндегі айқын перспективалары бар энергия үнемдеудің үздіксіз
(уақыт аралығында үзілмейтін) əрі жоспарланатын процесі;
бұл ең үздік компаниялардың əлемдік практикасына негізделген тəсілдеме.
3.3 Энергетикалық менеджменттегі Деминг циклі
ISO 50001 халықаралық стандарты «тұрақты жақсару циклы» «Plan — Do —
Check — Act» (PDCA) ретінде белгілі əдіснамасына негізделеді (мысалды 1-суреттен
қараңыз) [69]:
Plan (Жоспарлаңыз):
Тұтынушылардың саясатына жəне ұйымның саясатына сəйкес, нəтижелерге қол
жеткізуге қажетті мақсаттар мен үдерістерді белгілеу.
Do (Жасаңыз):
Үдерістерді ендіру.
Check (Тексеріңіз):
Саясатқа, мақсатқа, жəне өнімге қойылатын талаптарға қатысты мониторингті
жəне өлшеу үдерістерін іске асыру.
Act (Əрекет жасаңыз):
Үрдістің орындалуын үздіксіз жетілдіру əрекетін қолданыңыз.
3.1 – сурет. Деминг циклі «Plan — Do — Check — Act» (PDCA)
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
30
3.4 Кəсіпорынды басқарудың жалпы жүйесіндегі энергетикалық менеджмент
жүйесі
ISO 50001 стандартының негізгі тағайындалуы [69]:
џ
Энергия тиімділігі деңгейін арттыруға, шығындарды қысқартуға жəне энергия
тиімділігінің сапасын арттыруға бағытталған басқару стратегияларымен
мемлекеттік жəне жекеменшік секторды қамтамасыз ету
џ
Қолданыстағы энергия тұтынатын активтерді жақсы пайдалануға ықпал етеді
џ
Энергия ресурстарын басқаруға қатысты айқындылық коммуникацияларға
ықпал ететін болады
џ
Жаңа энергиялық тиімді технологияларды ендіру кезінде, кəсіпорындарға
басымдықтарды бағалау мен орналастыруға ықпал етеді
џ
Жылыжай газдарының лықсымасын қысқартуға бағытталған жобалары іске
асыруға қатысты энергетикалық менеджмент сапасын арттыру үдерісін
жеделдетеді
џ
Қоршаған ортаны қорғау, сапа, денсаулық пен қауіпсіздік сияқты ұйымдағы
басқа басқару жүйелерімен ықпалдасуға мүмкіндік береді
Энергетикалық
саясат
Энергожоспарлау
Жүзеге асыру жəне
пайдалану
ЭМЖ ішкі аудиті
Сəйкессіздіктер, түзету, түзетуші
жəне
алдын алу сипатындағы
ісшаралар
Мониторинг, өлшеу
жəне талдау
Басшылық талдауы
Ұдайы
жақсарту
3.2 – сурет. Энергетикалық менеджмент жүйесі
Қоршаған ортаны қорғау, сапа, денсаулық жəн қауіпсіздік сияқты ұйымдағы
кейбір салалық жүйлермен біріктіру мынадай схема түрінде келтіруге болады (сурет
төменде берілген) [66; 69]:
3.5 ЭнМЖ басқа менеджмент жүйелерімен бірігуі
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі