Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет12/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83

26
Шетелде  кəсіпорынның  энергетикалық  менеджментін  біртіндеп  жетілдіру 
энергетикалық  менежмент  бойынша  ұлттық  стандарттар  жасауға  əкелді.  Мұндай 
стандарттар  Ұлыбританияда  (BS  8207:1985),  Данияда  (DS  2403:2001),  Ирландияда               
(I.S. 343:2005),АҚШ-та (ANSI/IEEE 739:1995, ANSI/MSE 2000) пайда болды. 
Энергетикалық  менеджмент  саласында  стандарттарды  əзірлеу  оның  түрлі 
процедураларын  орындау  үшін  нормативтік  қамсыздандыруды  қалыптастыруға 
бағытталған.  Жоғарыда  атаған  мысалдардан  басқа,  үшінші  мыңжылдық  асуында 
энергетикалық менеджмент саласында түрлі стандарттар пайда болды: Австралияда - AS 
3595:1990 жəне AS 3596:1992 Energy Management programs, Швецияда - CS 627750:2003 
Energy Management Systems, Германияда - VDI 4602-1 Energiemanagement [66-67].
Беларусь Республикасында Мемстандарттың 06.04.2009 жылғы қаулысымен СТБ 
1777-2009 «Энергия тұтынуды басқару жүйесі. Олдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық» 
қабылданды, стандарт 01.09.2009 ж. бастап қолданысқа енгізіледі. Осы стандарт ұйымға 
энергия тұтыну тиімділігін тұрақты арттыруда жүйелі əдісті қолдануға мүмкіндік беретін 
энергия  ттынуды  басқару  жүйесіне  қойылатын  талаптарды  анықтайды.  Стандарт 
талаптары  сапа  менеджменті  жүйесі,  экологиялық  менеджмент,  еңбекті  қорғау,  қаржын 
немесе  тəуекелдерді  басқару  сияқты  ұйымды  басқарудың  басқа  жүйелріне  кіруі  немесе 
олармен қатар пайдаланылуы мүмкін. 
Украина  энергетикалық  менеджменті  саласында  қызметті  реттейтін  ұлттық 
стандарттар қатарына келесілер жатады: 
ДСТУ  4472:2005  Енергозбереження.  Системи  енергетичного  менеджменту. 
Загальні вимоги;
ДСТУ  4715:2007  Енергозбереження.  Системи  енергетичного  менеджменту 
промислових підприємств. Склад та зміст робіт на стадіях розроблення та впровадження;
ДСТУ  5077:2008  Енергозбереження.  Системи  енергетичного  менеджменту 
промислових підприємств. Перевірка та контроль ефективності функціонування.
ДСТУ  4713:2007  Енергозбереження.  Енергетичний  аудит  промислових 
підприємств. Порядок проведення та вимоги до організації робіт.
EN  16001:2009  "Энергетикалық  менеджмент  жүйелері  –  Қолдану  жөніндегі 
талаптар  мен  басқарушы  нұсқаулар"  (Energy  Management  Systems  –  Requirements  with 
guidance  for  use)  еуропалық  стандарты  қолданыстағы  ұлттық  стандарттар  мен 
бастамаларды  ескере  отырып,  энергетикалық  менеджмент  саласындағы  соңғы 
жетістіктерді  тұжырымдайды.  Ол  энергетикалық  менеджментті  ұйым  менеджментінің 
жалпы  жүйесіне  ықплдастыруды  қамтамасыз  етеді,  мұның  өзі  осы  ұйымдарға  энергия 
шығындарын  азайтуға  жəне  ЭИЭР  арттыруға  жəне  бизнес  жүргізуге  мүмкіндік  береді. 
Стандарт ЭМЖ жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді, мұның өзі ұйымға саясатты 
əзірлеу мен ендіруге, энергия ресурстарын маңызды тұтыну салаларын сəйкестендіруге 
жəне  энергия  ресурстарын  тұтынуды  қысқартудың  мақсатты  көрсеткіштерін  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Алайда,  стандарт  өздігінен  энергетикалық  тиімділікке  қойылатын 
абсолюттік талаптарды белгілемейді. EN 16001:2009 стандарты ISO 9001 жəне ISO 14001 
сияқты менеджмент жүйесіне арналған стандарттардың талаптары мен құрылымдарына 
негізделген.  Сондай-ақ  стандартқа  онда  жазылған  талаптарды  қолдану  жөніндегі 
басқарушы нұсқаулар енгізілген. Осы нұсқаулар, негізінен, басқару аспектілеріне қатысты 
болып келеді. 
2.3 Энергиялық менеджмент саласындағы стандарттау
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


27
Көрсетілгендерден басқа, сонымен қатар Еуропада энергетикалық менеджментке 
жуық салаларда бірқатар басқа стандарттар пайдаланылады. Оған келесілерді жатқызуға 
болады: 
EN 15900:2010 Energy efficiency services. Definitions and requirements; 
EN 16247 Energy Audit (бес бөлімде);
EN 16231:2012 Energy efficiency benchmarking methodology;
EN 16212:2012 Energy Efficiency and Savings Calculation, Top-down and Bottom-up 
Methods;
ISO/WD 17570 Energy Baseline General Principles and Guidance.
2011  жылы  халықаралық  стандарттау  ұйымы  ISO  50001:2011(E)  «Energy 
management systems — Requirements with guidance for use» [21] халықаралық стандартын 
қабылдайды.  Осы  стандарттың  мақсаты  –  ұйымдарға  энергетикалық  тиімділікті, 
энергияны  пайдалану  мен  тұтынуды  қоса  алғанда,  энергетикалық  нəтижелілікті 
жақсартуға  қажетті  жүйе  мен  үдерістерді  əзірлеуге  мүмкіндік  береді.  Осы  стандартты 
ендіру атмосфераға жылыжай лықсымаларының жəне қоршаған ортаға əсер ететін басқа да 
заттардың шығарылуын азайтуға, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды басқару арқылы 
энергияға  жұмсалатын  шығынды  азайтуға  əкеледі  деп  болжануда.  Осы  стандарт 
географиялық, мəдени немесе əлеуметтік сипаттағы жағдайларына байланысты кез келген 
үлгідегі  жəне  мөлшердегі  ұйымға  арналады.  Табысты  ендіру  ұйымның  барлық 
функцияларымен  жəне  деңгейлерімен  қабылданатын  міндетемелерге,  əсіресе,  жоғары 
басшылыққа байанысты.
Осы  стандарт  ЭнМЖ-ге  қойылатын  талаптарды  анықтайды,  соы  негізде  ұйым 
энергетикалық  саясатты  əзірлей  жəне  ендіре  алады,  энергияны  маңызды  пайдаланумен 
байланысты аспектілерге қатысты заңнамалық талаптар мен ақпаратты ескере отырып, іс-
шаралар жоспарын əзірлейді, оның мақсаты мен міндеттерін іске асырады. Энергетикалық 
менеджмент  жүйесі  ұйымға  саясатта  тұжырымдалған  міндеттемелерді  орындауға, 
энергетикалық  нəтижелілікті  жақсартуға  қажетті  шаралар  қолдануға  жəне  өз  жүйесінің 
осы  стандарттың  талаптарына  сəйкестігін  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Осы  стандарт 
ұйымның  бақылайтын  жəне  басқаратын  қызмет  түрлеріне  қолданылады,  ұйымның 
жүйесінің ерекшеліктерін, құжаттама мен ресурстарды басқару дəрежесін қоса алғанда, 
оның спецификасын ескеретін ұйым талаптарына сəйкес келетіндей етіп қолданылуы тиіс.
Бақылау сұрақтары.
1.  Қазақстан  Республикасының    Энергетика  даму  стратегиясының  негізгі 
бағыттары қандай?
2.  Қазақстан  Ресбуликасының  нормативтік  энергия  үнемдеу  жəне  энергия 
тиімділігін арттыру саласындағы базасына не кіреді?
3.  Халықаралық  деңгейдегі    энергия  үнемдеу  жəне  энергия  тиімділігін 
техникалық реттеу дегеніміз не?
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау