20
ал 2018 жылдан бастап барлық магистралдық жолдарға қолданылатын болады. Еуро VI
көлік құралдары үшін ақы алудың жеке санаты белгіленеді.
Жол-жүк тасымалдарында жүріс негізінде автомагистральдар мен магистралдық
жолдарды пайдалану ақысы жүк тасымалын темір жолдарға көшіруге түрткі жасайды,
лықсыма сыныптарын қоса алғанда, көлік құралдарының толық шамада пайдаланылуын
қамтамасыз етеді, ауаны ластайтын нақты лықсымалары аз жүк автомобильдерінің
пайдалануына қолдау көрсетеді. Ол осы ретте флоттың біртіндеп ауыстырылуын СО
2
лықсымаларын азайтатын төмен тұтыну деңгейіне ие қазіргі заманғы технологиялардың
пайдаланылуын көтермелейді. Бастапқыда бұл сан макималды жүктелу салмағы 7,5
тонналық балық көлік құралдарына немесе қосымша 1100 шақырым магистралдық жолға,
ал 2018 жылдан бастап барлық магистралдық жолдарға қолданылатын болады. Еуро VI
көлік құралдары үшін ақы алудың жеке санаты белгіленеді.
Коммерциялық көлік құралдарының тиімділігін арттыруға бағытталған
шараларды нарыққа ендіруді жеделдету мақсатында, Германия үкіметі көлік
құралдарының энергияны тұтынуына негізделген кезеңдік алымдарды бейтарап
болатындай етіп іске қосуға ұмтылып келеді. Үкімет осыған қажетті жағдайлар жасаумен
шұғылданатын болады.
Темір жол жүк тасымалдары маңызды шамада нығайтады, өйткені жүк
тасымалдарын темір жолдарға көшіру жылыжай газдарының лықсымаларын одан əрі
қысқартуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы себепті темір жол инфрақұрылымын
жаңғыртуға капитал салымдарының көлемі едəуір жоғары болады. Құрамдастырылған
тасымалдарды қаржыландыру жоғары деңгейде жүргізілетін болады, бюджетте өзін ақтай
алатын құралдарға қолжетімділік деңгейі қарастырылады. Темір жол тасымалдары үшін
аса қолайлы жағдайлар темір жол жүк тасымалдарының инфрақұрылымында, əсіресе,
Рейндегі темір жол дəлізінде жəне жағалау доктарында/Солтүстік теңізде, сондай-ақ
кішігірім ірі инфрақұрылымдық шараларда (электрлендіру, жаңа тараптар, тораптарды
оңтайландыру) тар орындарды жою арқылы құрылатын болады.
2015 жылға аналған көлік инфрақұрылымының федералдық жоспарында
айтылған басымдықтарды белгілеу стратегиясы темір жол желісіндегі тар орындарды жою
басымдықтардың бірі болуы тиіс екенін қарастырады, сондай-ақ алуан көлік түрлеріне
қаржы құралдарын бөлген кезде осыны ескереді. Бұл темір жолдарды одан сайын бəсекеге
қабілетті етеді.
Ілеспе шара ретінде ішкі су көлігі нығайтылады. Бұл табиғатты қорғау
аспектілерін ескере отырып, ішкі су жолдарына жүк тасымалдарын көшіру үшін түрткі
жасау арқылы іске асырылады. Инфрақұрылымды жасау бойынша мақсатты шаралар
қолданылады жəне арна желісіне капитал салымы іске асырылады.
Шамасына қарай, жағалауды электрлендіру жаңғыртылатын көздерден
жеткізілетін болады. Электр энергиясын тұтынуға салық мөлшерлемесі бұрынғысынша
жағалауды электрлендіру бойынша төмен болады. Үкімет ықпал аясына қатысты
сұйылтылған табиғи газ (СТГ) инфрақұрылымын кеңейтуге қолдау көрсететін болады.
Үкімет сұйылтылған табиғи газдың жəне оны жаңа кемелердегі стандарт ретінде бейімдеу
көмегімен ішкі жүзу кемелерін жаңғыртуды қолдайтын болады. Жылыжай газдарының
теңгерімі метанды ескере отырып біртұтас бүтін ретінде қарастырылады. Лықсымаларды
қысқарту шараларына инвестициялау үшін қосымша ынталар жасау мақсатында, ішкі кеме
шаруашылығында пайдаланылған газдар көлемі кем қозғалтқыштар үшін
қаржыландырудың басқарушы принциптері қайта қаралады. Құрамдастырылған
Энергия үнемдеу жəне
энергия тиімділігі
21
тасымалдарды қаржыландыру жоғары деңгейде қала береді, бюджетте өзін ақтайтын
қаражаттарға қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырылады.
Жолаушылар тасымалы үшін қолайлы климатты қамтамасыз ету
Жолаушылар тасымалын барынша экологиялық қауіпсіз əрі климатты қолайлы
ету үшін бірқатар шаралар қабылданады. Олар жергілікті қоғамдық көлік пен жолаушылар
тасымалын үлкен қашықтыққа нығайтуға жəне велосипед жəне жаяу көлікті нығайтуға
бағытталатын болады. Сонымен қатар мобильділікті басқару жүйелері көтермеленетін
болады. Қоғамдық көлік саласында федералдық үкімет бөлісу туралы заңнамаға жəне
жергілікті көлікке қаржыландыру бойынша федералдық үкіметтің қызметін реттейтін
заңнамаға сəйкес өңірлендіру қорлары түрінде жерлер мен жергілікті билік органдарына
қаржылық қолдау көрсетеді, сөйтіп, едəуір экологиялық мобильділікке ықпал етеді.
Жерлер мен жергілікті билік органдарының негізгі міндеттерінің бірі қоғамдық көліктің
жергілікті инфрақұрылымы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағдарлануын қамтамасыз
ету болып табылады.
Коалициялық келісімде айтылғандай, бұл федералдық үкімет пен жер үкіметі
арасындағы қаржы қатынастарын қайта ұйымдастыру туралы ағымдағы келіссөздердің
мəні болып табылады. Ортақ ымыраға келу шеңберінде федералдық үкіметтің жергілікті
көлік инфрақұрылымына қолдау көрсету туралы жоғарыда аталған заңнама үшін сенімді
одан əрі қаржыландыруды мүлтіксіз қамтамасыз ету қажет. Жергілікті қоғамдық көлікте
балама жинақтағыштарды насихаттау климат саласындағы ұлттық бастама есебінен
қаржыландырылатын бағдарламаларды қоса алғанда, ағымдағы субсидиялау
бағдарламаларына сəйкес жалғасатын болады.
Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер, əсіресе, қысқа жəне орта қашықтықтарда
СО
2
лықсымаларын қысқарту үшін маңызды мүмкіндіктерге ие. Соңғылары электрлік
велосипедтер мен педелекстерді дамыту есебінен қолдау табады. Магистралдық жолдарда
жəне федералдық су жолдарында (троптарды жаңғырту) велосипед жолы кеңейтіледі. Атап
айтсақ, велосипед жəне жаяу көлік үшін субсидиялар беру бағдарламасы əзірленетін
болады, бұл жағдайда қозғалыс көлемін тиімді ұлғайту үшін велосипед жолдарын салуға
федералдық қаражат бөлу бағдарламасы əзірленеді жəне қаржыландырудың жаңа
құралдары да дайындалады. Интермодальды тасымал нұсқалары насихатталады жəне
көліктің экологиялық қауіпсіз түрлері бекітіледі (оларға жол көлігін бөлу кезінде
преференциялық режимді ұсынуды қоса алғанда). Жол қозғалысының қауіпсіздігін
арттыру үшін, жергілікті билік органдары жылдамдыққа шектеу қою бойынша едəуір кең
өкілеттіктерге ие болуы тиіс.
Жылыжай газдарының лықсымалары корпорацияның мобильділігін басқаруды
көтермелеу арқылы болдырылмауы мүмкін, мұның өзі жергілікті қоғамдық көлікті кеңінен
пайдалануға жəне қала маңындағы ағында автомобильдер
санының ұлғаюына ықпал етуі
мүмкін. Қазіргі таңда қаржыландыруды басқару нұсқаулықтарына ие жеке ынталандыру
бағдарламасын қоса алғанда, мобильділікті басқаруды ынталандыру жүйесі əзірленуде.
Отын үнемдеу мақсатында жүргізу əдістері жаңа машина сатып алатын адамдар
үшін отын үнемдеу мəселелері бойынша оқу курстарына ваучер беру арқылы
көтермеленетін болады. Тағы бір идея тұтынуды жəне беріліс реттегіштерін немесе жүк КҚ
үшін жылдамдықты қашан ауыстыруды көрсететін басқару пультін іске қосу үшін, отын
үнемдеу мəселелері бойынша оқу курсын аяқтаған жүргізушілерге
өте төмен сақтандыру
сыйлықтарын ұсынудан көрінеді. Германия үкіметі осы идеялар бойынша автомобильдік
жəне сақтандыру салаларымен келіссөздер өткізетін болады.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі