22
Үлкен жəне кіші қалаларда автомобильдерді бірге пайдалануды көтермелеуге
бағытталған заңнама енгізіледі. Автомобильдерді бірге пайдалану бойынша
преференциялық режим ұсыну үшін жеке заң шығарылатын болады. Жол қозғалысы
кодексіне преференциялық келісімдерді енгізе отырып, түзетулер ендіруге де болады. Осы
бір жаңа заңнама автомобильдерді бірге пайдалану үшін жеке бөліктердің жасалуын
қарастыратын нормативтік құжаттарды шығару бойынша тəуелді өкілеттіктерден, сондай-
ақ бірге пайдалануға арналған автомобильдердің автотұрақ алымынан босатылу
мүмкіндігінен тұрады. Мұнда сонымен қатар жалпы пайдаланылатын көлік құралдарын
анықтау мен сəйкестендіру ережелері орын алады.
Көлік құралдарында электр жетектерін барынша кеңінен пайдалану
Жолаушылар мен жүк тасымалдарында көлік құралдарын электрлендіруді
күшейту орта жəне ұзақ мерзімді перспективада көлік секторында CO
2
лықсымаларын
қысқарту үшін негізгі мəнге ие болады. Қысқарту əсері нарыққа электромобильдердің
кіруіне байланысты болғандықтан, Германия үкіметі оларды нарыққа жылдам қосуға
қолайлы шаралар жасайды, 2020 жылға қарай бір миллион электромобиль жасау
мақсатына қол жеткізіледі. Бұл болжалдық баяндамада айтылғанда, CO
2
лықсымаларының
қысқаруына əкеледі, баяндамада 2020 жылы 600 000 электромобиль пайдаланылады деп
болжанып отыр. Негізгі қарастырып отырған нұсқалардың бірі – федералдық үкімет пен
жер үкіметі бірге қаржыландыратын коммерциялық электромобильдерге арналған
амортизация жөніндегі арнайы құрал. Мобильділік пен отын саласындағы өз стратегиясын
жылжыту жəне тасымалдауға арналған таза энергия туралы директиваны іске асыру
бойынша өз күштерін жұмылдыру шеңберінде, үкімет қуаттандыру үшін станциялардың
тиісті санын жасауға ықпал ететін болады. Осы заңнама кезеңі ішінде ол Қоршаған орта,
табиғат қорғау жəне ядролық қауіпсіздік мəселелері жөніндегі федералдық министрліктің
ENUBA жобасының жалғасы ретінде ауыр коммерциялық көлік құралдарындағы
электромобильдерде далалық сынақ өткізетін болады.
Көлік секторындағы кросс-секторлық шаралар
Мақсат федералдық мемлекеттік əкімшілікте климаттың өзгеру жағдайында
мобильділікті қамтамасыз ету ынталарынан көрінеді. Мұның өзі оң əсерге ие болар еді,
өйткені федералдық жəне үкіметтік жер мекемелері ғана емес, сондай-ақ жекеменшік
сектор мен коммерциялық емес ұйымдар осыны ұстануы тиіс. Қоғамдық көлік пен
велосипедтерді кеңінен пайдалануға арнаған ынталар шынайы нұсқалар болып табылады.
Табиғи газ бен сұйылтылған мұнай газы 2018 жылға дейін салық жеңілдіктерін
иеленеді. Коалициялық келісім мен үкіметтің ұтқырлық пен отын саласындағы
стратегиясы осы кезеңнен кейін ұзартылуы тиіс осы салық жеңілдіктері туралы
қағидалардан құралады.
Əуе көлігінде климаттың өзгеру салдарларын жұмсарту шаралары
«Еуропаның біртұтас аспаны» бастамасы негізгі параметрлер үшін мақсатты
көрсеткіштерді белгілейді жəне бақылайды. Олар əуежайдан кеткеннен белгіленген
пунктке дейінгі барынша тікелей Ұшу бағыттарынан құралатын экологиялық тиімділіктен
құралады.
Халықаралық теңіз тасымалдарында климаттың өзгерісін жұмсартуды қолдау
Халықаралық теңіз тасымалдарында климат өзгерісінің салдарларын жұмсарту
шаралары лықсымаларды қысқартудың ұлттық мақсатты көрсеткіштерінде ескерілуі
мүмкін. Дегенмен, іс-қимыл бағдарламасы оларды санамалап атап өтеді, өйткені олар
жаһандық климат қызметінде маңызды рөл ойнайды. Негізгі мақсаттардың бірі ЕО
Энергия үнемдеу жəне
энергия тиімділігі