43
мі
ндеттерге қарай Энергиялық аудиторлар анықтауы тиіс.
4.1.9.3 Өлшеулер жүргізуге қойылатын талаптар
- Жоқ ақпараттың орнын толтыру үшін немесе статистикалық, құжаттық жəне
техникалық ақпаратты толықтыру үшін неме
се ОЭР тиімді пайдаланылуын жəне энергия тиімділігінің əлеуетін бағалауға
қажетті ұсынылған ақпараттың дəйектілігіне күмəн туындағанда өлшеулер жүргізілуі тиіс.
Аталған өлшемдерді іске асыру үшін ОЭР тұтынатын объектіде энергия ресурстарын
есепке алу мен бақылау жүйелері, бақылау-өлшеу техникасының стационарлық жəне
тасымалдау құралдары қолданылады.
- Бақылау мен өлшемдер қалыпты жұмыс режимі үшін репрезентативті
жағдайларда жəне тиісті ауа райы жағдайларында өткізілуі тиіс.
- ЭЭА өткізу кезінде шешілетін міндеттерге қарай өлшемдер келесілерге бөлінеді:
а) бір реттік – белгілі бір режимде жұмыс істеу кезінде жеке объектінің энергия
тиімділік деңгейін бағалау жағдайында;
б) теңгерімдік – жеке тұтынушылар, ОЭР тұтынатын өндіріс учаскелері, объект
бөлімшелері арасында ОЭР тарату теңгерімін жасау жағдайында;
в) тіркеуші – ОЭР тұтыну режимінің кез келген параметрін анықтау жағдайында.
- Өлшеулер жүргізу кезінде объектіде энергия ресурстарын есепке алу мен
бақылау жүйесін, ОЭР тұтынатын объекті қызметінің өлшеу техникасы құралдарын
барынша пайдалану қажет. Əлдебір физикалық шамаларды өлшеу əдістерімен құралдарын
таңдау ұсыным бойынша іске асырылады.
- ЭЭА өткізу үшін құрамына келесілер кіретін өлшеу техникасы құралдарының ең
төмен жинағына ие болу керек:
а) электрмеханикалық өлшемдер үшін:
- тестер (мультиметр) жəне/немесе ток, кернеу, қуаттылық, қуаттылық
коэффицентін өлшеуге арналған тиісті дəлдік сыныбындағы аспаптар;
- электр сигналдарының талдағышы (осциллограф немесе басқалары, оның
ішінде компьютерлендірілген аспаптар);
- технологиялық жабдық жүктемелерінің графиктерін алуға арналған жабдық;
- тахометр;
- люксметр;
- секундомер;
б) жылу, сұйықтық, ауа, газ параметрлерін өлшеу үшін:
- газдалдағыш немесе отынның толық жануын, сондай-ақ қоршаған ортаға зиянды
лықсымаларды талдау мүмкіндігін беретін басқа жабдық;
- түрлі датчиктері бар термометрлер жинағы: ауа, сұйықтық (тереңдетілген),
беттік (қаптама, байланыстық) жəне т.б. датчиктер;
- манометрлер;
- Пито түтікшесі;
- сұйықтықтар мен газдардың шығыс өлшеуіштері;
- анемометр;
- гигрометр;
- секундомер.
- ЭЭА спецификасына қарай өлшеу техникасы құралдарының жинағы келесі
аспаптармен толықтырылуы тиіс:
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі