Денсаулық сақтауға байланысты бала құқығы және ата-ана міндеттері
1. Әр бала:
1) денсаулық сақтау жүйесінің заманауи әрі тиімді қызметі мен ауруды емдеу құралдарын пайдалануға және денсаулығын қалыпқа келтіруге;
2) денсаулық сақтау саласында білім алуға;
3) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық тексеруден өтуге, динамикалық бақылауда болуға, емделуге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуге және сауығуға құқылы;
2. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:
1) үш жасқа дейінгі балаларды, сонымен қатар жасы одан үлкен, бірақ дәрігердің қорытындысы бойынша қосымша күтімді қажет ететін дерті ауыр балаларға анасына (әкесіне) немесе балаға күтім көрсетуші басқа тұлғаға медициналық ұйымда баламен бірге болуына мүмкіндік беріледі және еңбекке уақытша жарамсыздық парағы рәсімделеді;
2) бір жасқа толмаған баласын емізетін аналар медициналық ұйымдарда болған кезеңінде ақысыз тамақпен қамтамасыз етіледі.
3. Стационарлық және қалыптастырушы ем қабылдау кезеңінде мектеп жасындағы балалар стационар, санаторий, оңалту орталықтарында үздіксіз білім алуға құқылы.
Балалардың стационарлық бөлімшелерінде және балалардың мамандандырылған стационарлық медициналық ұйымдарында емделуші балалардың ойын ойнауына, демалуына және тәрбиелік жұмыстар жүргізуге жағдайлар жасалған.
4. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қатысты заңнамаларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балалар, сонымен қатар АИТВ жұқтырғандар, ЖИТС науқастар білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық-педагогикалық коррекциялаушы қолдау алуға құқылы.
АИТВ жұқтырған балалар сәбилер үйінде, сонымен қатар жалпыға ортақ басқа да медициналық ұйымдарда және оқыту-тәрбие беру ұйымдарында болуға құқылы.
5. Балаларды сәби үйіне, білім беру ұйымдарына, жетім балаларға арналған, ата-анасынан айрылған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық тұрғыда қарсы көрсеткіштер тізбесі.
Баланың ата-анасының міндеттері
Мына баптардың негізінде:
– ҚР Конституциясының 27-бабының 1,2 тармақтары – «Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында. Баланы күту және тәрбилеу – ата-ананың табиғи құқығы мен міндеті»;
– «Неке және отбасы туралы» № 62 ҚР заңының 1-бабы – «Ата-ана бала-шағасының денсаулығын қамқорлыққа алуға міндетті»;
– «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» ҚР заңының 8-бабының 1-тармағы – «Әр бала өз денсаулығының қорғалуына құқылы»;
– «Баланың өмір қауіпсіздігін және денсаулығын қамтамасыз ету бойынша» ҚР Қылмыс кодексінің 138-бабы;
– «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындамау» туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 137-бабы
Достарыңызбен бөлісу: |