9. Жол-патруль қызметін атқару тәртібі
63. Бекетке (патрульдеу бағытына) келген соң жол-патрульдік қызметтің қызметкері:
1) техникалық реттеу құралдарының, арнайы құралдардың, байланыс құралдарының ақаусыздығын, жолдар мен көшелердің жай-күйін, олардағы жөндеу-құрылыс және басқа жұмыстарды жүргізу жағдайларын тексеруге немесе өзі ауыстыратын қызметкерден тиісті ақпарат алады;
2) саптық бөліністің кезекші бөліміне бекеттің және патрульдеу бағытының қабылданғаны және анықталған кемшіліктері туралы баяндауға, ал бекеттің алыстығы және ақпаратты берудің мүмкін болмауы жағдайында журналда тиісті жазба жасайды;
3) қызметті атқару кезінде жол полициясының қызметкері қозғалыстағы бөгеттерді жоюға, жолдың жүріс бөлігін түнде қалдырылған көлік құралдарынан босатуға, бекеттегі немесе патрульдеу бағытындағы қауіпті учаскелерді белгілеуге шаралар қолдануы тиіс немесе мүмкін болмаған кезде шараларды қолдану қажеттілігі туралы ішкі істер органдарының таяудағы кезекші бөліміне, тиісті жолдық, коммуналдық органдарға хабарлайды. Жол қозғалысы қатысушыларына қатысты қылмыстық іс-әрекеттер жайлы жүргізушілерден сұрастыру нәтижесінде алынған деректер туралы жол полициясы инспекторы ауысым аяқталған соң жеке баянатпен басшылыққа мәлімдеуге және қажет болған жағдайда ішкі істер органдарының жедел бөліністеріне белгілеген тәртіппен ақпарат жібереді.
64. Патрульдеу бағытында (бекетінде) қызмет атқару кезінде жол полициясының инспекторы қозғалыс процесіне ықпал етуі тиіс. Бұл ретте жол қозғалысын қадағалау мұнда көлік құралдарының себепсіз тоқтатылуы мен ұсталуын болдырмастан, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері болып табылатын өрескел тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталуы тиіс.
65. Құрамында екі немесе одан көп жол полициясы қызметкері бар жасақша қызмет атқарған кезде жасақшаға жетекші тағайындалады.
66. Жасақша басшысы қызметті атқару кезінде жасақшаның іс-қимылына басшылық жасайды және:
1) жасақшада тұрған жол полициясы қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыруға, қалыптасқан жағдайға қарай оларды орналастыруға және олардың қызмет өтеу тәртібіне қажетті өзгерістер енгізу туралы командирге, бөлініс бойынша кезекшіге баяндайды;
2) жол полициясы қызметкерлерінің қызметті атқаруына бақылау жасауға және оларға міндеттерін орындау кезінде практикалық көмек көрсетеді;
3) қызмет құжаттамаларын жүргізудің дұрыстығын, жол көлік оқиғалары мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі материалдарды ресімдеудің сапасын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
4) жедел-техникалық және арнаулы құралдардың дұрыс пайдаланылуын бақылауға алады;
5) тиісті байланыс құралдары болған кезде өзінің тұрған орны мен қызмет өткеру учаскесіндегі жағдай туралы кемінде сағатына бір рет командирге баяндап тұрады.
67. Патрульдік автомобильде (мотоциклде) қозғалысты бағалаған кезде жүргізуші Жол қозғалысы ережелерін бұзған көлік құралдарын тоқтату үшін жарықпен және дыбыспен берілетін арнаулы белгілер, дыбыс күшейткіш қондырғы, қолмен немесе таяқпен жасалатын белгілер пайдаланылады.
68. Көлік құралдарын тоқтату барынша қысқа мерзімде және қозғалысқа бөгет болмайтын жерде жүзеге асырылады. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайлардан басқа, жүру бағыттарында қалалық қоғамдық көлікті (автобустарды, бағыттық таксилерді, троллейбустарды, трамвайларды) тоқтатуға болады.
69. Бағытта жол қозғалысына бақылауды рұқсатсыз жүзеге асырушы полиция қызметкерлерінің патрулі байқалған кезде, жол полициясының қызметкерлері бұл туралы кезекшіге баяндайды және соның нұсқауына сәйкес әрекет жасайды. Кезекші бөлімге хабарлаудың мүмкіндігі болмаған жағдайда, қызметкерлердің жеке басы, бөлінісі анықталады және қызмет аяқталған соң жеке баянатпен баяндалады.
70. Жол полициясының патрульдік автомобильдері ерген, сондай-ақ арнайы жарықпен және дыбыспен белгі беріп келе жатқан колонналар немесе жеке автомобильдер өткен кезде жол полициясының инспекторы бекет немесе патрульдеу бағыты бойынша олардың қауіпсіз, бөгетсіз өтіп кетуіне шаралар қабылдайды.
71. Жол полициясының қызметкері ішінде қылмыс жасауда күдікті адам болған не болмаса жүргізушісі жол-көлік оқиғасының орнынан қашып кеткен немесе өзінің әрекеттерімен қозғалыстың басқа қатысушыларына қауіп төндіретін не болмаса полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамаған көлік құралдарына қудалау жасайды. Егер аталған адамдар қарулы болса, бұл туралы саптық бөліністің немесе ішкі істер органының кезекші бөліміне хабарлайды, бұдан әрі кезекшінің нұсқауы бойынша немесе қалыптасқан жағдайға қарай әрекет етеді.
72. Жеке басының немесе қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол полициясының қызметкері қудалау кезінде:
1) патруль көлігіндегі арнаулы дыбыс және жарық белгілерін ұдайы қосылған күйінде ұстауға;
2) нақты жағдайларға қарай қозғалыстың жылдамдығын таңдап алуға;
3) қудаланушылар мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының әрекеттеріне мұқият болуға;
4) саптық бөліністің және ішкі істер органының кезекшісіне өзінің жүрген жері мен қозғалысының бағыты туралы баяндап отыруға;
5) жол қозғалысының басқа қатысушыларына мұқияттық пен сақтық шараларын сақтау туралы хабарлап отыруға міндетті.
73. Ірі көлемді, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді тасудың ережелері бұзылғаны анықталған кезде жол полициясының қызметкері саптық бөліністің басшылығынан немесе кезекшіден тиісті нұсқау алғанға дейін аталған көлік құралдарын жол үстінен шығаруға немесе шешім қабылдағанға дейін оларды жол полициясының таяудағы бекетіне, тұрағына дейін алып бару жөнінде мүмкіндігінше шаралар қабылдап, аталған көлік құралдарының бұдан әрі қозғалуына тыйым салады. Қауіпті жүкті тасымалдаушы автомобильдерді мүмкіндігінше жолдан тысқары қою қажет.
74. Патрульдеу бағытында немесе бекетте қызметті атқару кезінде жол полициясының қызметкері автомобиль жолының жабдықталуына және жай-күйіне, техникалық реттеу құралдарының (бағдаршамдардың, жол белгілерінің және т.б.) ақаусыздығына, сондай-ақ жол үстіндегі жұмыстардың жүргізілуіне бақылау жасайды. Бағдаршамдар объектілерінің жұмысының тиімділігін анықтау мақсатында көлік құралдары ағымына сырттай бақылау жасайды.
75. Кемшіліктер анықталған кезде жол полициясының инспекторы бұл туралы бөлініс бойынша кезекшіге хабарлайды, ол бұларды осы нұсқаулықтың 14-қосымшасындағы формасына сәйкес көшелер мен жолдардың жай-күйіндегі кемшіліктердің, техникалық реттеу құралдары ақауларының есебі журналына жазып қояды. Ақаулар мен қозғалыс бөгеті жойылғанға дейін қажеттігіне қарай реттеу жүргізеді, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
76. Жол полициясының қызметкері:
1) көршілес учаскелерде қозғалыстағы кедергілер мен қауіптерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қабылдануы;
2) ұсталған азаматтарды кезекші бөлімге және көлік құралдарын сақтау орнына жеткізу қажеттігі;
3)) қызметтік міндеттерді орындауға байланысты кезек күттірмейтін іс-шараларды орындауға полицияның басқа жасақшалары, басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері жәрдем көрсетуі;
4) адамдардың және көлік құралдарының осы нұсқаулықтың 71-тармағына сәйкес қудалануы;
5) жол-көлік оқиғаларында, қайғылы оқиға және басқа да жағдайда зардап шеккендерге жәрдем көрсетілуі;
6) оқиға болған орынды қорғау қажеттігі;
7) өртті және табиғи апаттардың салдарын жоюға шаралар қолданылуы;
8) кенеттен ауырып қалу;
9) белгіленген уақытта тамақтану жағдайларында саптық бөлініс командирінің, оның орынбасарларының және бөлім кезекшісінің шешімімен немесе нұсқауымен ғана патрульдеу бағытынан немесе бекеттен кете алады.
77. Патруль көлігінде қызмет атқару кезінде:
1) бөтен азаматтар мен жүктерді тасымалдауға, сондай-ақ патруль көлігін қараусыз қалдыруға;
2) белгілі бір қызметтік міндеттерді орындау қажеттігіне байланысты жағдайлардан басқа, қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыруға, егер бұл қызметтік қажеттілікті тудырмаса, белгіленген бағыттан өз бетімен бұрылып кетуге және қызметті өткерудің тәртібін өзгертуге;
3) басқа адамдарға патрульдік көлікті жүргізуге беруге;
4) ұсталған адамдарды патрульдік көлікте қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
10. Жол полициясы қызметкерлерінің жол-көлік оқиғалары
кезіндегі әрекеттері
78. Жол полициясының қызметкеріне белгілі болған барлық оқиғалар туралы, оның өз бекетінен немесе патрульдеу бағыттарынан тысқары жасалған жағдайларды қоса, ол саптық бөліністің (ішкі істер органының) кезекші бөліміне баяндайды және бұдан әрі берілген нұсқауларға сәйкес әрекет етеді.
79. Оқиға туралы хабарды тікелей алған кезде жол полициясының қызметкері мәлімет берушіні мұқият тыңдауға және:
1) оқиға туралы хабарлаған адамның тегін, аты-жөнін, мекенжайы мен телефон нөмірін, басқа да куәгерлер мен куәлардың деректерін;
2) оқиғаның орнын, болған уақытын, түрі мен жағдайларын;
3) зардап шеккендер туралы мәліметті;
4) зардап шеккендерге медициналық жәрдем көрсетілуі туралы мәліметті;
5) зардап шеккендерді қандай емдеу мекемесіне және кімнің жібергенін;
6) зардап шеккендерді алып кеткен көлік құралдарының түрін, маркасын, түсін және мемлекеттік тіркеу белгісін;
7) аталған оқиғаға қатысы бар көлік құралдары туралы мәліметті жазып алуға міндетті.
80. Адамдар зардап шеккен оқиға болған жерге келген соң, жол полициясының қызметкері жедел-тергеу тобы келгенге дейін:
1) зардап шеккендердің санын анықтайды, олардың жағдайының ауырлық дәрежесін салыстырмалы түрде бағалайды, жедел жәрдемді шақырады, ол келгенге дейін немесе шақыру мүмкін болмаған жағдайда алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдем көрсетеді және қажет болған кезде, медициналық мекемеге жеткізуді ұйымдастырады, зардап шеккендердің тегін, аты-жөнін, тұрғылықты жерін (жұмыс орнын) анықтайды;
2) оқиғаға қатысқан жүргізушілерді, көлік құралдарын және оған қатысы бар басқа да адамдарды анықтайды, оқиғаға қатысушылардан жүргізушінің құжаттарын белгіленген тәртіппен қайтарып алады;
3) жедел-тергеу тобы келгенге дейін аталған адамдардың оқиға болған жерде болуын қамтамасыз етеді;
4) оқиғаның куәгерлерін анықтайды және олардың деректерін жазып алады;
5) оқиғаларға қатысы бар заттай айғақтардың, іздердің, мүлік пен басқа да заттардың сақталуына және белгіленуіне шаралар қабылдайды;
6) оқиғаға қатысты адамдар мен куәгерлер оқиғалардың орнына келген жедел-тергеу тобының басшысына (анықтауды жүзеге асыратын прокурорға, тергеушіге, қызметшіге) мәліметтерді баяндайды, заттай айғақтарды тапсырады және бұдан әрі солардың нұсқауы бойынша әрекет етеді;
7) қажетті жағдайларда көліктің айналып өтуін ұйымдастырады, ал мұны істеу мүмкін болмаса - екі куә мен оқиғаға қатысушының көз алдында көлік құралдарының тұрған орнын, оқиғаның іздерін және оған қатысы бар басқа да заттарды белгілейді, содан кейін қозғалысты қалпына келтіру үшін шаралар қабылдайды;
8) егер көлік құралындағы жүргізуші оқиға орнынан жасырынып кетсе, оның қозғалысының ықтимал бағытын, көлік құралының маркасын, түрін, мемлекеттік тіркеу белгісін, түсін, сондай-ақ ерекше белгілерін және жүргізушісін анықтайды. Оқиға болған жерді қарау және куәгерлерден сұрау кезінде алынған жасырынған көлік құралы мен жүргізуші туралы деректерді жол полициясының қызметкері саптық бөліністің немесе ішкі істер органының кезекшісіне дереу баяндайды, бұдан әрі солардың нұсқауларына сәйкес әрекет етеді;
9) иммунитеттер мен артықшылықтарды пайдаланатын адамдарды алып жүрген (егер олар медициналық жәрдемді қажет етпесе) көлік құралының оқиғасы бойынша материалдарды ресімдеген кезде, жол полициясының қызметкері жүргізушіге аталған оқиғалар жөніндегі материалдарды қарау кезінде қатысуды ұсынады, егер жүргізуші немесе жолаушылардың біреуі материалдарды қарау кезінде қатысуды қаламайтынын білдірсе, ол оқиғаға қатысушылар туралы материалдарды жазып алады және олардың кетуіне рұқсат береді. Мұндай жағдайларда оқиға болған жерді қарау туралы хаттамаға жүргізушінің болмау себебі туралы жазба жасалады және хаттаманы толтырушы мен екі куәгердің қолдары қойылады.
81. Жол-көлік оқиғасы болған орында бастапқы іс-әрекеттерді жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабында көзделген қылмыс белгілері жоқ болған және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар болған кезде қызметкер материалдарды рәсімдеген жағдайда ІІМ-нің 2011 жылғы 15 ақпандағы №52 бұйрығына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орынның сызбасы жасалады.
11. Көлік құралдарын іздестіру
82. Жол полициясының қызметкері айдап әкетілген, ұрланған көлік құралдарын, жүргізушілері жол-көлік оқиғалары орындарынан қашып кеткен көлік құралдарын іздестіру, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға байланысты өзге де қылмыстарды ізін суытпай ашу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
83. Патрульдеу бағыттарында және бекеттерде қызмет атқару кезінде жол полициясының қызметкері маркасы, түсі және сипатты белгілері іздестіруде жүрген, ұқсас көлік құралдарын тоқтатып, тіркеу құжаттарында жазылған олардың түрін, моделін, мемлекеттік тіркеу белгісін, сәйкестендірілген нөмірін, шассидің (раманың), қораптың және қозғағыштың нөмірін (тіркеу туралы куәлікті, техникалық паспортты, талонды, көлік құралының паспортын) салыстырады және ішкі істер органдары бөліністерінің кезекші бөлімі немесе қолда бар автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйелері арқылы іздеудегі көлік құралының, бөлінген және жоғалған арнаулы өнімдердің есебі бойынша тексерілетін нөмірлі агрегаттардың деректемелері мен тіркеу құжаттарын тексереді.
84. Іздеудегі көлік құралын байқаған жағдайда жол полициясының қызметкері бұл туралы саптық бөліністің немесе ішкі істер органының кезекші бөліміне дереу баяндайды, оны және ондағы адамдарды ұстауға шаралар қолданады. Бұл ретте жеке қауіпсіздікті, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі барлық қажетті шаралар, сондай-ақ қылмыстың іздерін, құралдарын, өзге де заттай айғақтарын сақтау үшін шаралар қабылданады.
85. Іздеуде жүрген көлік құралдары мен қылмысты әрекет жасаған адамдарды ұстаған кезде, сондай-ақ құжаттардың, мемлекеттік тіркеу белгілерінің қолдан жасалғаны, көлік құралдарына зауыттарда соғылған маркілердің өзгертілгені және жойылғаны, агрегаттар нөмірлерінің тіркеу құжаттарына, есептік деректерге, жоғалды (ұрланды) деп саналған құжаттарға сәйкес келмейтіні байқалса, материалдарды ресімдеу қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес жүргізіледі. Жиналған бастапқы материалдар, ұсталған адамдар мен көлік құралдары заң бұзушылық байқалған (жасалған) орын бойынша ішкі істер органына тапсырылады.
86. Шұғыл «Тосқауыл» жедел-іздестіру іс-шаралары немесе ішкі істер органдарының басқа да жедел жоспарлары енгізілген кезде жол полициясының жасақшалары қоршалған бекеттерде қайтадан орналастырылады және белгілері іздестіруде жүргендерге ұқсас, өтіп бара жатқан көлік құралдарына тексеру жүргізеді.
87. Жол полициясының кіші жедел уәкілдері Департаменттердің жол полициясы басқармаларының жедел-іздестіру бөлімдерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып, барлық техникалық қызмет көрсету станцияларын, қылмыс жасалған орынға тікелей жақын орналасқан гараж кооперативтері мен автотұрақтарды тексеруді жүргізеді.
12. Жол қозғалысына қатысушылармен өзара қарым-қатынас жасау
88. Жол полициясы қызметкерлерінің жол қозғалысына қатысушылармен өзара іс-қимылы заңдылықты қатаң сақтауға, өзіндік міндеттемелерді нақты орындауға, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуде қатаңдықты, батылдық пен принципшілдікті ұштастыра білуге, азаматтарға ілтипатты, ізгілікті және сыйласымды қарым-қатынасқа негізделуі тиіс.
89. Жол қозғалысына қатысушылармен қарым-қатынас жасасу кезінде жол полициясының қызметкерлері оң қолын бас киіміне апарып өзін таныстыруы, өз лауазымын, арнаулы атағы мен аты-жөнін атауы, көлік құралын тоқтатуының себебі туралы айтуы тиіс. Азаматтар өтініш жасаған жағдайда, қызметкерлер өз құзыреті шегінде бұл талаптарды орындай отырып, көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауға, ал қажет болған жағдайларда қойылған мәселені шешу үшін қайда жүгінуге болатынын түсіндіреді.
90. Азаматтармен әңгімелескен кезде жол полициясының қызметкерлері сабырлылық пен ұстамдылық көрсетуге міндетті, дауласпай, өзін-өзі ұстап, дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермейді.
91. Жол полициясы қызметкерлерінің іс-әрекеті жол қозғалысына қатысушыларға түсінікті болуы, ал басқа көлік құралдарының қозғалуы үшін олар амалсыздан бөгет жасамауы (кенеттен тежеуді қолдану, орын ауыстыру) үшін жүргізушілерге уақытында белгілер беріп отыруы тиіс.
92. Жол полициясы қызметкері көлік құралын тоқтатқан жағдайда дереу жүргізушіге келіп тоқтату себебін түсіндіреді.
93. Жүргізуші немесе жолаушылар қылмыс жасауда күдікті деп танылған жағдайларда жол көлігін тоқтатудың шын мәніндегі себебі туралы айтуға болмайды. Бұл ретте жол полициясының қызметкері өз ниетінің шынайы сипатын ашпастан-ақ, жүргізушімен әңгімелесу үшін сылтау табуы тиіс.
94. Өкімді, оларға қатысы бар азаматтардың қате немесе екі мағынада түсінуін болдырмай, қысқа және айқын беру керек.
95. Тәртіп бұзушыға оның әрекеттері құқыққа қарсы екендігі туралы түсіндіргенде ақыл айтпай, жол қозғалысы ережелерінің тиісті талаптарына сыпайылықпен және нақты түсінік беру тиіс.
96. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан кезде полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларға олардың әкімшілік құқықтары туралы қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген:
1) істің материалдарымен танысу, түсініктеме беру, айғақтар ұсыну, ұсынымдар жасау;
2) істі қараған кезде адвокаттардың заңгерлік көмегін пайдалану;
3) ана тілінде сөйлеу және егер іс жүргізілетін тілді білмесе, аудармашының қызметін пайдалану;
4) іс бойынша қаулыға шағым жасау жөніндегі олардың құқықтарын түсіндіреді.
97. Жанжалды жағдайлар, наразылықтар пайда болған кезде немесе жол қозғалысына қатысушының талабы бойынша ол омырау белгісінің нөмірін айтады және қолынан шығармастан қызметтік куәлігін көрсетеді, өз іс-әрекетіне шағым жасау құқығы мен тәртібін түсіндіреді, азаматқа өзінің келіспеушілігін жазбаша түрде беруді ұсынады. Бұл жөнінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамада жазба жасалады және қосымша материалдар жалпы материалдарға тіркеледі.
98. Құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде жол полициясының қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жол берілген құқық бұзушылықтың ауырлығы және болуы мүмкін салдары жөнінде өзіне жүктелген міндеттерді басшылыққа алуы тиіс.
99. Жол полициясының қызметкерлері қажетті жағдайларда азаматтарға:
1) жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде және оларды емдеу мекемелеріне жеткізуді;
2) олардың өмірі мен денсаулығын заңсыз қол сұғушылықтан қорғауда және олардың меншігін сақтау жөнінде;
3) қызмет көрсетілетін бағыттың аумағы бойынша жүріп өтудің тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіруде;
4) көлік құралдарының техникалық ақауларын мүмкіндігінше түзеуде және бұзылған көлік құралдарын тасымалдауда жәрдем көрсетуге міндетті.
14. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары
100. Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асырған кезде жол полициясының қызметкері жеке қауіпсіздікті сақтаудың мынадай негізгі шараларын:
1) қызмет өтеу орынын жол қозғалысына қатысушылар айқын көрініп тұратындай және құқық бұзушылықтың дер кезінде жолын кесуге мүмкіндік болатындай етіп таңдап алу;
2) тәуліктің қараңғы уақытында және көрудің шектеулі жағдайларында қызметті жолдардың жарық учаскелерінде өтеу, жарық беретін таяқ пен жарық шағылыстыратын жарақтың болуы;
3) тәуліктің қараңғы уақытында көлік құралдарын тоқтату үшін жолдың неғұрлым жарық учаскесін таңдап алу, оған мүмкіндік болмаса - патрульдік көлік шамының жарығын пайдалану;
4) тоқтатылған көлік құралының қатарында, есіктерді шұғыл ашқан кезде немесе кенеттен жүре бастағанда жүргізушінің жол полициясы қызметкеріне соққы беруін болдырмайтындай етіп тұру;
5) егер бұл көліктің қозғалысына бөгет жасаса немесе жеке қауіпсіздікке қатер туғызатын болса, жолдың жүріс бөлігінде құқық бұзушылыққа талдау жүргізуге жол бермеу;
6) жол қозғалысына қатысушы көлік құралдарын тоқтатқан кезде жүріп келе жатқан патрульдік көлікте арнайы жарық белгілерін қосып қою жөніндегі негізгі шараларды сақтауға;
7) көлік құралын тексерген кезде патрульдік көлікті тоқтатылған көліктің артына қою керек, тоқтатылған көлік құралының алдында немесе артында тұруға болмайды;
8) құжаттарды тексеру процесінде жол полициясының қызметкері өзі мен жүргізушінің арасында қауіпсіз қашықтықты ұстауы тиіс, оған арқасын қаратып бұрылуға және көлік құралында немесе қатар тұрған адамдарға бақылау жасауға болмайды, жасақшаның құрамында жүрген басқа қызметкерлер өзара сақтықты қамтамасыз ететіндей жерде тұруы тиіс;
9) іздестірудегі көлік құралдары немесе қылмыс жасауда күдікті адамдар байқалған жағдайда жасақшада жүрген қызметкерлер нақты жағдайға қарай, қаруды анықтау және алып алу мақсатында көлік құралын тінтуді жүргізу немесе ұсталғандарды жеке тінту кезінде қажетті сақтық шараларын қабылдайды;
10) көлік құралын тінтуді автомобильдің салонынан жүргізуші мен жолаушылар шығып кеткен соң және жасақша қызметкерлерінің біреуі олардың мінез-құлқын бақылап тұрған кезде жүргізу керек;
11) белгіленген патрульдеу бағытынан ауытқуға мәжбүр болған немесе бекетті ұзақ уақыт тастап кететін кезде жол полициясының қызметкері бұл туралы саптық бөліністің кезекші бөліміне, ал мұндай мүмкіндік болмаса таяудағы бекетке міндетті түрде баяндайды;
12) оқиға болған жерді қарау кезінде жол қозғалысы ережесінде көзделген апатты белгі беру құралдарының орнатылуын қадағалау, қажет болса қосымша белгілерді қою, сондай-ақ арнайы жарық белгілерін қосу, өзара сақтықты қамтамасыз ету тиіс.
14. Ерекше жағдайларда жол полициясы бөліністерінің
қызметін ұйымдастыру
101. Бұқаралық іс-шараларды жүргізуді және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуді «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 5 шілдедегі № 475 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1938 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес және ішкі істер органдарының арнаулы жоспарлары негізінде жүзеге асырады. Жоспарланған шараларды жүргізу кезінде жол полициясының күштері мен құралдарын орналастыруды саптық бөліністерінің басшылығы жедел жоспарларға сәйкес жүргізеді.
102. Санкцияланбаған, оның ішінде жолдар мен басқа да объектілерді қоршауға қатысты бұқаралық іс-шаралар кезінде, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздік кезінде жол полициясы жасақшаларының қажетті санын ішкі істер органының басшысы (жедел штабтың басшысы) белгілейді. Мұндай жағдайларда негізгі назар:
1) төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін бақылау-өткізу бекеттерін жедел орналастыру және жабдықтау, оларға полиция қызметкерлерін қою және ішкі әскерлер жасақшаларымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
2) ұсталған көлік құралдары үшін уақытша тұрақтардың жұмысын ұйымдастыру және оларды сақтаудың тәртібін айқындау;
3) көлік құралдары қозғалысын ұйымдастырудың жаңа кестесін әзірлеу мәселелеріне аударылуы тиіс.
103. Орналастырылатын бекеттер мен патрульдеу бағыттарында жол полициясының қызметкері:
1) полиция қызметкерлерін, әскери жасақшаларды, сондай-ақ апаттық-құтқару қызметтерінің көліктік құралдарын тасымалдауды жүзеге асырушысы көліктік құралдардың бөгеліссіз өтуіне жағдай жасайды, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға атсалысады;
2) қызмет жүргізілетін аумақтың аймағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстардың, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге шаралар қабылдайды, адамдардың мінез-құлқына бақылау жүргізеді;
3) жасақшаның басшысына (кезекші бөлімге) жедел жағдайдың барлық өзгерістері мен орын алған құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;
4) құқық бұзушылықтардың жолын кесуде полицияның басқа бекеттеріне көмек көрсетеді;
5) полицияның басқа бөлімдерімен бірлесіп, санкцияланбаған іс-шараларды жүргізуге байланысты салдарды жою және ең алдымен, көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қалпына келтіру жөніндегі жұмысты жүргізеді.
104. Қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге жауапты басшының келісімімен патрульдеу бағыттары мен бекеттерді орналастыруға түзетулер енгізіледі.
105. Табиғи апаттар, індеттер, ірі өндірістік апаттар, өрттер мен басқа да төтенше оқиғалар кезінде жол полициясының қызметкерлері жедел, апаттық-құтқару қызметтерінің автомобильдері бөгетсіз өтуіне жәрдемдеседі, қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру және қолдау, адам мен мүлікті құтқару, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету, қараусыз қалған мүліктерді сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
106. Табиғи апаттардың салдарынан пайда болған жол қозғалысындағы қиыншылықтар кезінде жол полициясының қызметкері бұл туралы кезекшіге баяндайды, жүргізушілерді қауіп туралы хабардар етуге шаралар қолданады. Қажет болған жағдайда қозғалысты уақытша шектейді немесе оған тыйым салады, көлік құралдарын қауіпті учаскені айналып өтуге бағыттайды, зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастырады.
15. Бақылау-өткізу пункттерінде қызмет өткеру
107. Бақылау-өткізу пункттері өткізу режимін қамтамасыз етуге, құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қолдауға, құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесуге және құқық бұзушыларды ұстауға (қозғалысты шектеуге, реттеуге және көлік құралдарын тінтуге) арналады. Одан басқа, бақылау-өткізу пункттерінің жасақшалары белгілі бір аумаққа енудің және одан шығудың ерекше режимін қамтамасыз ету, төтенше жағдай режимін қолдау және арнайы операциялар жүргізу үшін тартылуы мүмкін.
108. Бақылау-өткізу пункттерін басқару тәртібі арнайы мақсаттың ерекшеліктеріне және шешілетін міндеттердің құрамына байланысты болады. Олардың іс-қимылына басшылықты ішкі әскерлердің тиісті бөлімдері қолбасшылығының қатысуымен аумақтық ішкі істер органдары, ал төтенше оқиғалар жағдайында - соңғысы аумақтық ішкі істер органдары басшыларының қатысуымен жүзеге асырады.
109. Жекелеген міндеттерді шешу кезінде жол полициясы қызметкерлері жедел мәліметтерді алу үшін көзбен бақылауды және жол қозғалысына қатысушылармен қарым-қатынасты жүзеге асырады.
110. Жол полициясы бөліністерінің кезекші бөлімдері жанынан штабтық топтар құрылады, олар бақылау-өткізу пункттері жасақшаларынан және патрульдік топтардан келіп түскен мәліметтерді жинақтайды, қорытындылайды және оларға талдау жасайды, жедел мәліметтер мен өзге де ақпараттарды дайындайды, қалыптасқан жағдайдағы жол қозғалысының ұйымдастырылуына баға береді; көлік құралдары мен олардың иелерінің тиесілігі туралы, қылмыс жасауда және қоғамдық тәртіпті бұзуда күдікті адамдар туралы мәліметтерді жедел тексеріп отырады.
16. Көлік құралдарына ілесіп жүру
111. Ілесіп жүру түрлі-түсті боялған, ажырату белгілері бар, арнайы дыбыс және жарық белгілерімен жабдықталған патрульдік көлікте жүзеге асырылады.
112. Ілесіп жүруге тапсырма алған саптық бөліністің командирі:
1) ілесіп жүру үшін қажетті патрульдік көліктің санын белгілейді;
2) колоннаның жүретін бағытын, қозғалысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін, патруль жасау бекеттері мен бағыттарын орналастыру жағдайларын, байланыс жүйесін және ілесіп келе жатқан патруль көлігінің экипажымен олардың өзара байланысын зерделейді;
3) ілесіп жүрудің құрамы мен басшысын тағайындайды, оларды тағылымдамадан өткізеді (ілесіп жүретін патруль көлігінің экипажы, әдетте, екі қызметкерден тұрады);
4) ілесіп жүру үшін бөлінген және радиобайланыс құралдары, арнайы жарық және дыбыс белгілерін беретін қондырғылары бар көлік құралдарының ақаусыздығын тексеруді ұйымдастырады.
113. Ілесіп жүретін көлік құралдарының жүргізушілерін тағылымдамадан өткізуді аға жолбасшы жүргізеді. Бұл ретте балалардың ұйымдастырылған тобын тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралына ілесіп жүру басталар кезде құжаттарды тексеруді жүргізеді, оның ішінде көлік құралының ақаусыздығын растайтын онысырттай көзбен шолып қарау жүргізіледі, бұдан әрі ілесіп жүретін адамдар, тасымалданатын балалар саны, көлік құралдарының саны туралы ақпарат береді.
Балалардың ұйымдасқан тобын қалааралық тасымалдауды жүзеге асыру түнгі уақытта (кешкі сағат 22-ден бастап таңғы сағат 06.00-ге дейін), тұман, көктайғақ және басқа да қолайсыз жағдайларда жол берілмейді.
Балалардың ұйымдасқан тобын тасымалдауға тартылған көлік құралының техникалық жай-күйін тексеруді жүзеге асырған кезде көлік құралындағы балалардың екеуден кем болмауына, сары түсті жарқылдақ маякшалардың, «Балаларды тасымалдау» жол белгілерінің барына назар аудару керек.
114. Бір патрульдік көлік құралымен ілесіп жүрген кезде соңғысы олардың қозғалу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қашықтықта, әдетте, осы бағытта қозғалуға арналған сол жақтағы шеткі жолақ бойынша еріп келе жатқан автомобильдердің алдында жүруі тиіс.
115. Екі патрульдік көлік құралымен ілесіп жүрген кезде олардың біреуі қозғалып, екіншісі осы бағытта қозғалу үшін бір ғана жолағы бар жолдарда және басқа да қауіпті жерлерде басқа көлік құралдарының одан озып кетуін болдырмау үшін, еріп келе жатқан колоннаның соңында жүреді.
116. Үш патрульдік көлік құралымен ілесіп жүрген кезде олардың біреуі (басшысы) еріп келе жатқан көлік құралдары колоннасының алдында ілесіп жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қашықтықта, екіншісі (белгі берушісі) - қауіпсіз және бөгетсіз жүріп өтуді қамтамасыз етуге шаралар қабылдау, ілесіп келе жатқан көлік құралдарының жақындағаны туралы жасақшаларға хабар беру және қозғалыстың жағдайлары туралы патрульдік көлік құралдарын алып келе жатқан экипажды хабарландырып отыру мақсатында, жетекші автомобильдің алдында осы бағытта жүруге арналған шеткі сол жақтағы жолақ бойынша 200-400 метр аралықта жүріп отырады. Үшінші патрульдік көлік құралы (соңындағысы) колоннаның соңында жүреді.
117. Алып жүру кезіндегі қозғалыстың жылдамдығын жолдағы жағдайларға, көлік құралдары мен жаяулар қозғалысының қауырттығына, ілесіп келе жатқан көлік құралдарының сипаттарына қарай аға жолбасшы белгілейді. Бұл жылдамдық күзетілетін адамдар мен ресми делегациялардың автомобильдерін ілесіп жүру жөніндегі нұсқаулықта көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінде белгіленген шектерден аспауы тиіс.
118. Егер ілесіп келе жатқан колоннаның қозғалу жылдамдығы жол қозғалысы ережесінде рұқсат етілгенінен кем болса, ал жолдағы жағдайлар басқа көлік құралдарының одан озып кетуіне мүмкіндік бермесе, аға жолбасшы оның соңында жиналып қалған көлікті өткізіп жіберу үшін шаралар қабылдайды.
119. Көлік құралдарын жол полициясының патрульдік көлік құралдарымен алып жүру тиісті бюджеттерде көзделген қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.
17. Жол-патрульдік қызметтің жұмысын бағалау
120. Жол-патрульдік қызметтің саптық бөліністері кезекші бөлімдерінің және әрбір қызметкердің жұмысы мынадай:
1) заңдылықты сақтау;
2) заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді, жедел жағдайды, өзінің құқықтары мен міндеттерін білу;
3) қылмыстарды ашуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, жол-көліктік және басқа оқиғаларға жедел ден қою;
4) басшылықты жасақшаға тартылған күштермен және құралдармен жедел қамтамасыз ету;
5) іздестіру және басқару ақпаратын өңдеудің және тапсырудың сапасы;
6) қылмыстар мен оқиғалар туралы келіп түскен хабарларды, өтініштерді есепке алудың уақтылығы;
7) қызметтік құжаттамалардың дұрыс жүргізілуі;
8) азаматтар өтініштерінің нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің заңдылығы мен негізділігі;
9) техникалық құралдарды пайдаланудың тиімділігі;
10) қарудың, оқ-дәрілердің, жедел-техникалық және арнайы құралдардың, байланыс, қорғау құралдарының, жедел және криминалистикалық техниканың, қызметтік құжаттаманың сақталуы;
11) азаматтармен және ішкі істер органдары қызметкерлерімен қарым-қатынас мәдениеті;
12) кезекші ауысым қызметкерлерінің сыртқы сымбаты, кезекші бөлімге тапсырылып берілген қызметтік үй-жайлардың, көліктің және басқа мүліктің жай-күйі;
13) кезекші бөлім жасақшаларының іс-әрекетіне қатысты негізделген шағымдардың болуы жөніндегі негізгі бағыттармен бағаланады.
121. Жол-патрульдік қызмет қызметкерлерінің жұмысын олардың тікелей командирлері (бастықтары) мынадай:
1) жол полициясының қызметін реттейтін нормативтік құқық актілерін, жедел жағдайды, өзінің құқықтары мен қызметтік міндеттерін білу;
2) қызмет жүргізілетін аумақтағы апаттылық жағдай, әкімшілік-құқықтық қызметтің жол-көлік оқиғаларының болуына негізгі себеп болып табылатын жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылыққа бағытталуы;
3) заңдылықты, жол қозғалысын қадағалау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Ішкісминінің, Ішкісмині Жол полициясы комитетінің бұйрықтары мен нұсқауларының талаптарын сақтау;
4) қызметтің өткерілуін тексеру кезінде қызметкердің тәртіпті, заңдылықты бұзушылыққа жол беру саны;
5) қызметкер үстінен түскен шағымдар саны, соның ішінде дәлелденгендері;
6) тәртіптілік, азаматтармен қарым-қатынастағы мінез-құлық мәдениеті;
7) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың ресімделу сапасы;
8) жол-көлік жағдайы күрделенген кездегі кәсіби іс-әрекеттері;
9) жол қозғалысын қимылдар көмегімен реттей білуі;
10) қылмыстарды, әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмауға және жолын кесуге, қылмыстарды ашуға, қылмыскерлерді ұстауға қатысуы;
11) бекітіліп берілген патрульдік көлікті, жедел-техникалық және арнайы құралдарды ақаусыз күйде ұстауы, оларды пайдалана білуі;
12) қызметтік және дене шынықтыру дайындығы;
13) саптық бой түзеу, сыртқы сымбат жөніндегі негізгі көрсеткіштер бойынша бағалайды.
122. Жол-патрульдік қызметтің саптық бөліністерінің іс-әрекеті мынадай:
1) қызмет жүргізілетін аумақтағы апаттылық жағдай, әкімшілік-құқықтық қызметтің жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталуы;
2) тәртіп жағдайы және саптық бөліністер қызметкерлерінің заңдылықты сақтауы;
3) төтенше мән-жайларда және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайын болу;
4) әлеуметтік сауалнамалардың, шағымдар мен талдаулардың және т.б. нәтижелері бойынша саптық бөліністердің іс-әрекетіне халықтың көзқарасы;
5) патрульдік көлікті ақаусыз күйде ұстау және арналған мақсаты бойынша пайдалану (техникалық дайындық коэффициенті), жедел-техникалық және арнайы құралдарды қолданудың нәтижелілігі жөніндегі негізгі бағыттар бойынша бағаланады.
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулыққа 1-қосымша
Формасы
Бекітемін
________________________
(лауазымы, атағы, Т.,А.,Ә.)
20____жылғы "___"__________
Бекеттер мен патрульдеу бағыттарының орналасуы
________________________________________________________
(бөліністің атауы)
р/с
№
|
Бекет,
бағыт
№
|
Бекет, бағыт
түрі (тұрақты,
бір ауысымды,
екі ауысымды,
үш ауысымды)
|
Патрульдеу
бағытының,
бекетінің
орналасуы
|
Жасақша түрі
|
Ерекше
міндеттері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
1. 2-бағанда әрбір патрульдеу бағыты үшін оның ұзындығы, шекаралары мен орталығы көрсетіледі.
2. 3-бағанда бекеттің түрі (жылжымалы, тұрақты) және патрульдеу түрі (авто-, мото- және жаяу), патрульдік автомобильдің (мотоциклдің) нөмірі, шақыру белгісі көрсетіледі.
3. 4-бағанда патрульдеу бағыты өзі жүріп өтетін қалалардың, елді мекендердің, көшелердің, алаңдар мен автомобиль жолдарының атауымен белгіленеді.
4. 6-бағанда ерекше міндеттермен қатар кезекші бөліммен, басқа бекеттер және патрульдеу бағыттарындағы жасақшалармен байланыс жасаудың тәртібі, сондай-ақ радиобайланыс тұрақсыз болатын аймақтар көрсетіледі.
Командир ________________________
(саптық бөлініс)
20__жылғы "___" __________ (атағы, Т.,А.,Ә.)
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулыққа 2-қосымша
Формасы
Бекітемін
Командир (бастық)
____________________________
(бөлініс)
____________________________
( атағы, Т.А.Ә.)
20__жылғы "___"__________ взводтың (бөліністің) жасақшаларын орналастырудың бекеттік ведомосі
1. Күш-құралдар есебі
Жеке құрам бойынша
|
Саны
|
Автокөліктерді және арнайы техниканы пайдалану
|
Саны
|
Тізім бойынша
|
|
Автомобильдер, барлығы
|
|
Міндетті нормалар
|
|
Міндетті нормалар
|
|
Нақты пайдаланылатыны
|
|
Нақты пайдаланылатыны
|
|
Қызмет бабынан тыс жерде
|
|
Мотоциклдер
|
|
а) кезекті демалыста
|
|
Міндетті нормалар
|
|
б) іссапарда
|
|
Нақты пайдаланылатыны
|
|
в) оқуда
|
|
Радиостанциялар
|
|
г) сырқатталғандар
|
|
Міндетті нормалар
|
|
д) демалыста
|
|
Нақты пайдаланылатыны
|
|
е) басқа жұмыстармен
|
|
Жылдамдық өлшеу құралы
|
|
|
|
Міндетті нормалар
|
|
|
|
Нақты пайдаланылатыны
|
|
Жасақшаларды ауысымдар бойынша орналастыру:
№ р/с
|
Автомото көліктер
|
Инспек
тордың Т.,А.,Ә.
|
Шақыратын
|
Беріл
ген қару
|
Патруль
деу учаскесі
|
Үзіліс уақыты
|
Нұсқама алуы туралы қолы
|
ЖП аға инспекторының жұмыс ауысымынан кейінгі қолы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. «Тосқауыл» арнайы жоспар қосылған кезде жасақтардың орналасу:
Қызмет атқару орны
|
1-ші ауысымдағы ЖПИ Т.А.Ә.
|
1-ші ауысымдағы ЖПИ Т.А.Ә.
|
1
|
2
|
3
|
|
|
|
4. Бағдар
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
5.Нұсқау беруді өткізушілер:________________________________________
(лауазымы, т.а.ә.)
____________________________________________________________________6. Қызмет атқаруды тексеру ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Жасақтардың орналасуының өзгеруі:
________________________________________________________________________________________________
8. Жұмыс кестесі: 1-ші ауысым: сағат ___ ден ____ дейін;
2-ші ауысым: сағат ___ ден ____ дейін;
3-ші ауысым: сағат ___ ден ____ дейін.
9. Жеке құрам жұмысының есебі:
№
|
ЖПИ тегі а.ә.
|
Келгені туралы белгі
|
Барлығы ЖҚЕ бұзу
|
Оның ішінде ҚРӘҚК баптары бойынша
|
Арнайы тұраққа жеткізілген
|
АІІБ жеткізілген
|
М/а жеткізілген
|
Ескертпе
|
461 б.1
|
461
б.2
|
461
б.3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Взвод командирі (бөлімше)
____________________________
(атағы, т.а.ә., қолы)
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулыққа 3-қосымша
Формасы
№ _________ бекеттің (патрульдеу бағытының)
карточкасы
Автожол ____________________________________________________
"_________" км-ден бастап "_________" км-ге дейін
2. Қызмет атқару түрі ___________________________________________
3. Жол-көлік оқиғалары шоғырланған орындар (қиылыстар, елді мекендер, жол учаскесі және т.б.) белгіленетін бағыт сызбасы
4. Бағыттың сипаттамасы;
1) 20____ жылдағы апаттылықтың ахуалы __________________________
2) апат орындары ______________________________________________
3) бары: ______________________________________________________
4) қиылыстар __________________________________________________
5) жол белгілері, бағдаршам объектілері ____________________________
6) орналасуы __________________________________________________
7) ішкі істер органдарының кезекші бөлімдері _______________________
8) ПКҚ бекеттері _______________________________________________
9) медициналық мекемелер _______________________________________
10) жол ұйымдары ______________________________________________
11) кәсіпорындар _______________________________________________
12) оқу орындары ______________________________________________
13) мектеп және мектепке дейінгі мекемелер __________________________
14) сауда орындары _____________________________________________
15) ойын-сауық және спорт мекемелері _____________________________
5. Патрульдеу бекетінің (бағытының) ерекшеліктері: радиобайланыс тұрақсыз болатын аймақтар, таяу жердегі ПКҚ бекеттері, ішкі істер органдары (полиция бөлімшесі) кезекші бөлімінің телефоны, полицияның учаскелік инспекторы, медициналық мекеме, таяу жерде орналастырылған таксофондар және полиция аппараттарының бекеттері.
Командир ________________________
(саптық бөлініс)
20___жылғы "___" __________ (атағы, Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулыққа 4-қосымша
Формасы
Стационарлық бекеттін тиесілік табелі
1. Арнаулы есептер деректерінің базасымен жалғасқан
модемдік байланысы бар компьютер 1 кешен
2. Стационарлық радиостанция 1 кешен
3. Тасымалдағыш радиостанция 2 дана
4. Дыбыс күшейткіш белгі беру қондырғысы 1 дана
5. Телефон аппараты 1 дана
6. «Кірпі» көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған
құрылғы 2 дана
7. Әрбір штаттық бірлікке оққағар, қорғану шлемі,
оқ өтпейтін шлем
8. Қол кісендер 2 дана
9. Жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын
тіркеу туралы куәліктерді қолдан жасауды
анықтауға арналған "Confirm-3M" құралы 2 дана
10. ОЛД-41 типті ультракүлгін сәулелер көзі 1 дана
11. Жол белгілері
3.2. 2 дана
4.1.1. 2 дана
12. Қалта фонары 2 дана
13. Жарқылдайтын қызыл фонарь 2 дана
14. Түйір лупа 4,5* 1 дана
15. Метрлік рулетка (10 метрлік) 1 дана
16. Жедел-техникалық құралдарды сақтауға
арналған шкаф 1 дана
17. Дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдар
салынған медициналық қобдиша 1 кешен
18. Медициналық зембіл 1 дана
19. Жеңіл баспалдақ-басқыш 1 дана
20. Фотожарқылдағышы бар фотоаппарат 1 кешен
21. Автономды электрқоректендіргіш 1 кешен
22. Тасымалдағыш радиостанциялардың батареяларына
қуат беру құрылғысы 1 кешен
23. Патрульдік автомобиль немесе
мотоцикл бір бекетке 1дана
|
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулыққа 5-қосымша
Формасы
Жол полициясының патрульдік автомобилін
жабдықтаудың тиесілік табелі
1. Автомобильдік стационарлық радиостанция 1 кешен
2. Сандық бейне жазу жүйесі 1 кешен
3. Арнайы жарық беру және дыбыс шығару қондырғысы 1 кешен
4. "Спирттік ішімдікті қолданбағандығын тексеру" түтікшесі 1 кешен
5. Дәрі-дәрмектер салынған медициналық қобдиша 1 кешен
6. Жеңіл автомобиль кузовының нөмірін қолдан
соғуды анықтауға арналған портативті прибор 1 дана
7. Жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу
туралы куәліктерді қолдан жасауды анықтауға арналған
портативті прибор 1 дана
8. Қалта фонары 2 дана
9. Жарқылдайтын қызыл фонарь 2 дана
10. Жол белгілері 2 дана
11. Борттық журнал 1 дана
|
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулыққа 6-қосымша
Формасы
Қозғалыс жылдамдығының өлшеу құралдарын пайдалануды есепке алу
ЖУРНАЛЫ
_______________________________________________
(атауы)
зауыттық № _____
Күні
|
Аспап
ты қол
дан ған
қызметкердің
тегі
|
Аспап
тың нақты сағаттағы
жұмыс
істеу
ұзақтығы
|
Анықталған жол қозғалы
сы ережелерін бұзу саны
|
Аспап
тың анық
талған ақау
лығы
|
Қайда және
қашан
жөндеуге
тапсырыл
ды
|
Ақаулық
тарды жою туралы белгі және тексеру күні
|
Ескертпе
лер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулыққа 7-қосымша
Формасы
Азаматтардың өтініштерін қабылдау және есепке алу
ЖУРНАЛЫ
№
|
Күні мен
уақыты
|
Өтініш берушінің тегі, аты әкесінің
аты, өтініштің
қысқаша
(ауызша, жазбаша)
фабуласы
|
Өтініш, хабарлама кімге берілді, аты-жөні, тегі, лауазымы
Күні, қолы
|
Ескерт
пелер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулыққа 8-қосымша
Формасы
Жол-патрульдік қызметтің саптық бөлінісінің кезекші
бөлімінде болуы қажет қызметтік анықтама материалдары мен
басқа да қызметтік құжаттамалардың
ТІЗБЕСІ
1 Қызметтік құжаттама
Жол қозғалысының қауіпсіздігі, ішкі істер органдары кезекші бөлімдерінің қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
Саптық бөлініс кезекші бөлімінің ІІМ, ІІБ-нің, қалалық және аудандық ішкі істер органдарының, әскери жол полициясының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органдарының, төтенше оқиғалар жөніндегі аумақтық органдарының кезекші бөлімдерімен, жол, коммуналдық, автокөліктік ұйымдармен, медициналық мекемелермен байланыс сызбасы.
Іздеу және қоршау іс-шараларының жоспарлары.
Дабыл бойынша жеке құрамды хабардар ету және жинау сызбасы.
Эпизодтық іс-шараларды өткізу кезіндегі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарлары.
Қазақстан Республикасының облыстарына және қалаларына бекітілген автокөлік құралдарына нөмірлік белгілер серияларының тізбесі.
Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының автомобильдеріне нөмірлік белгілерді бекіту тізбесі.
8. Халықаралық автомобильдік қатынас үшін ашылған автомобиль жолдары және учаскелерінің тізбесі.
9. Бекеттер мен патрульдеу бағыттарының (бағыттардың) орналасуы.
10. Кіріс және шығыс жеделхаттар, телефон хабарламалары папкасы.
11. Бекеттік ведомостер кітабы.
12. Көлік құралдарының шығу және қайтып келу журналы.
13. Қару-жарақты және арнайы техникалық құралдарды беру және қабылдау журналы.
14. Көшелер мен жолдар жағдайындағы кемшіліктерді, жол қозғалысын реттеу техникалық құралдардың бұзылуын есепке алу журналы.
15. Арнайы техникалық құралдардың ақаусыздығын және олардың бұзылуын тексеруді есепке алу журналы.
16. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды есепке алу журналы.
17. Жедел кезекшінің жазбалар дәптері.
18. Жол-көлік оқиғасын есепке алу журналы.
19. Азаматтардың өтініштерін қабылдау журналы.
20. Келушілерді есепке алу журналы.
21. Іздеу салынған көлік құралдарын есепке алу журналы.
22. Кезекші бөлімге жеткізілген адамдарды есепке алу кітабы.
23. Ұсталған көлік құралдарын беру журналы.
24. Кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабы.
25.Жол-көлік оқиғаларын және жол қозғалысы ережелерін бұзуды ресімдеу үшін белгіленген бланкілер кешені.
2. Картотекалар және анықтамалық материалдар
1. Патрульдеу бағыттары және бекеттердің картотекалары. Жол полициясы бөлінісінің жеке құрамы мен басшы құрамының мекенжайлары және телефон нөмірлері көрсетілген алфавиттік тізімі (картотекасы).
2. Кезекшінің: жол-көлік оқиғасы кезіндегі; оқиға болған жерден қашып кеткен жүргізушілер мен көлік құралдарын іздестіру және ұстау жөніндегі; айдап әкетілген және ұрланған көлік құралдарын, іздеу жарияланған қылмыскерлерді іздестіру жөніндегі; қоғамдық тәртіпті топтасып бұзудың қаупі туындаған кездегі; қар басу, көктайғақ, тұман түсу, су тасқыны кезіндегі; өрт, эпидемия, эпизоотия, жер сілкіну кезіндегі және басқа да төтенше жағдайлардағы іс-әрекет жасаудың тізбесі бар картотека.
3. Патрульдеу бағыттары мен бекеттердің, сондай-ақ радиобайланыс нашар өтетін аймақтардың орналасуы көрсетілген қызмет көрсету аумағының картасы.
4. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуінің, облыстың, қаланың автомобиль жолдары және темір жолдары көрсетілген картасы.
5. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуінің анықтамалығы, облыстық, қалалық (аудандық) мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың мекенжайы, телефондары көрсетілген анықтамалық; алаңдардың, көшелердің, кенттердің, қоғамдық көліктің бағыттары және басқа да мәліметтер көрсетілген атаулары, облыстық, қалалық (аудандық) телефон желісі абоненттерінің атаулары.
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулыққа 9-қосымша
Формасы
Көлік құралдарын пайдалануды есепке алу
ЖУРНАЛЫ
____________________________________________
(бөліністің атауы)
20____ж. "___" __________ басталды.
20____ж. "___" __________ аяқталды.
№ р/р
|
Автомотокөліктің
маркасы,
моделі
|
Мемлекеттік тіркеу
белгісі
|
Шығу
уақыты
|
Қайтып келу
|
Автомотокөлік
бекітіліп
берілген қызметкердің тегі, аты-жөні
|
Ескертпе
лер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулыққа 10-қосымша
Формасы
Қару-жарақ, жедел-техникалық және арнайы
құралдарды беру мен қабылдап алу журналы
Достарыңызбен бөлісу: |