Шағын жинақталған мектептерде біріккен 7-8 сыныптарда физика пәнінің білім сапасын арттыру жолдары
Еліміздегі әлеуметтік –экономикалық , көші-қон және демографиялық жағдайлар шағын жинақталған мектептердің күннен-күнге көбеюіне себебін тигізіп отыр. Бүгінгі таңда мұндай мектептер еліміздегі жалпы білім беретін білім ұяларының 50 пайызына жуығын құрайды.
Шағын жинақталған мектептер негізінен ауыл мектептері екені белгілі. Ауыл мектебін қазақтың ұлттық мектебінің негізін құраушысы деуге болады. Өйткені қазақ балаларынң басым көпшілігі осы ауылдық шағын мектептерде оқып, тәрбиеленіп жатыр. Сол себепті ауылдық шағын білім ұяларының тағдыры , оның болашағы –бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Атап айтқанда :
бала саны аз болғандықтан , әр түрлі жастағы бірнеше сыныптың оқушылары бір мезгілде қосылып оқытылады;
мұндай жағдайда мұғалімге 45 минуттық сабақ үстінде бірнеше сыныптың жеке пәндерін қатар оқытуға тура келеді;
соның нәтижесінде сабақтың құрылымы өзгереді;
Әрине , бұл мәселелер оқушылардың білім деңгейіне әсер етпей қоймайтыны белгілі.
Әрбір тұлғаның тәрбиесі отбасынан басталады.Отбасында тәрбиеленіп жатқан болашақ ұрпақтары біліммен , ұлттық тәрбиемен тәрбиеленсе келешекте бұл ұрпақтардан үміт күтеріміз зор болмақ.
Мектептегі бастауыш сынып оқушылары 3-4 сағаттан соң, 5-11 сынып оқушылары 5-6 сағаттан соң өз отбасыларында болады .Бала сабақтан келген соң әр ата-ана баласының бүгінгі сабақтан әр пән бойынша білгенін сұрап , келесі күнгі пән сабақтаына дайындығын тексеріп отырса , өзі үшін ата- ананың алаңдайтындығына көңіл аударған бала білім сапасын жақсартар еді. Осындай жақсы нәтижеге жету үшін бала мектеп табалдырығын атағанға дейін ата-ананың құзырында болады. Осы кезеңде баланың психологиялық ерекшелігі 3 жастан 5 жасқа дейінгі аралықта қалыптасады. Баламен көп сөйлесіп, қоршаған ортаны тану мақсатындағы бала сұрағына ерінбей жауап беріп, баланың ойын, логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту керек. Сонда ғана мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіннің болашағына жақсы жол ашып беретіндіктері сөзсіз.
Шағын жинақталған мектептегі оқушы үшін ата-ананың және пән мұғалімінің бірлесе отырып жүргізген жұмысы сол пәнді оқушының терең игеруіне ықпалын тигізері даусыз. Бір күнде оқушы басқа сыныппен бір пәнді қатар игеруі қиындық туғызуы мүмкін . Пәнді екі сыныппен қатар жүргізуі үшін мұғаліммнің шеберлігі қажет . Ол үшін сол күнгі сабақ жоспарын мұқият жасап, уақытты ұтымды пайдалана білуі керек. 7-8 сыныптағы физиқа пәнінен жыл бойғы тақырыптық жоспарды екі сыныпқа мүмкіндігінше тақырыптық қайталау , бақылау жұмыстары және зертханалық жұмыстарын бір күнге келтіруге тырысу керек. Оның пайдасы оқушылардың алған білімін бағалауға, саралауға , қортындылауға септігін тигізеді. Ал кейбір тақырыптарды сабақ үстінде екі сыныпқа бірдей сұрақтар беру арқылы пысықтауға болады.Мысалы 7 сыныптағы «Энергия . Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары» тақырыбын өткен кезде 8 сыныпты қатыстыра отырып , сұрақтар беру арқылы қортындылауға болады. Алайда сыныптағы оқушылардың білім деңгейінің , ойлау қабілетінің бірдей болмауы мұғалімдер алдында көп ізденуді , әр сыныптағы оқушылардың қабылдауына сай сабақ түрін табу мақсаты , талабы қойылады. 7-8 сыныппен жүргізілген сабақтың бір түріне тоқтала кетсек.
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Атмосфералық қысым қысымның биіктікке байланысты өзгеруін түсіндіру.
Оқушыларға электр тізбегі туралы жайлы түсіндіру.Тізбек құруға қажетті жабдықтармен таныстыра отырып, өткізгіштердің тізбекке жалғану әдістері тізбектей және параллель жалғануы жайлы мағұлмат беру;
Дамытушылық:
Практикада атмосфералық қысымды ескеруге , оның биіктікке қатысты өзгеруінің маңызын білуге және оны өлшеп отыруға оқушылардың білім- білік дағдысын дамыту;
Оқушылардың электр құбылыстарының өтуін түсінуге, есептер шығару кезінде білімдерін қолдана отырып жұмыс істеу дағдыларын , практикалық шеберліктерін дамыту, қызығушылығын арттыруға , өз ойын жеткізе білуге жағдай жасау;
Тәрбиелік:
Оқушылардың физика пәніне қызығушылық қабілеттерін арттыру. Оларды шапшаңдыққа ізденімпаздыққа , іскерлікке , еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс : тарих, математика, география.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақ әдісі : тірек сызбалармен , жекелей тапсырмалар, тест, есептер
Көрнекіліктер: 7-8 сынып оқулықтары,барометр, амперметр, вольтметр, ток көзі, өткізгіш сымдар, кілт,таблицалар, қима қағаздар
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өткен тақырып бойынша қайталау.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
IV. Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту.
V. Үй тапсырмасы.
VI. Оқушылар білімін бағалау, сабақты қорытындылау.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Бұл кезеңде оқушыларды түгендеп үйге қандай тапсырмалар берілгені сұралады.
8сыныпқа үй тапсырмасын қайталау тапсырылады.
7 сыныппен үй тапсырмасын сұрау кезеңі басталады. «Кім жылдам?»
1.Атмосфера сөзінің мағынасы қандай, қай елдің сөзі?
2.Э. Торричелли қандай мақсатпен тәжірибе жасаған?
3.Адам неліктен атмосфералық қысымға төзіп шыдай алады?
4.1мм сын. бағ. қанша Паскаль бар?
5. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігіне қандай бірлік алынады?
6. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
7.Барометр-анероидтың құрылысы ?
8. Қысымның формуласы?
9. Қысым бірлігі?
10. Ауырлық күші әсер еткен кезде сұйыққа немесе газға түсірілген қысым қалай есептеуге болады?
Қорытындылау . p= F/S ; p= ρgh ; Паскаль заңы
7 сыныпқа жаңа сабақ тақырыбын жазып, өздігінен меңгеру тапсырылады.
8 сыныппен үй тапсырмасын сұрау кезеңі: «Кім жылдам?»
1. Өткігіштің кедергісі неге және қалай тәуелді?
2.Өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына, көлденең қимасының ауданына және материалына тәуелділігі жөнінде тәжірибе жүзінде қалай анықтаймыз? Формуласын жазу
3.«Өткізгіштің меншікті кедергісі» дегеніміз не ?
Оның өлшем білігі қандай?
4. Металл өткізгіштер кедергісінің температураға тәуелділігі?
5.Асқын өткізгіштік туралы не білесіңдер?
Қорытындылау:
R=ρ*I/s ρ = R*S/I Бірлігі: Ом*мм2/м
8 сыныппен жаңа тақырыпты өздігінен дайындалу тапсырылады.
Жаңа сабақты түсіндіру. 7 сынып
Жаңа тақырыпты оқушылармен бірлесе отырып түсіндіру.
Оқушыларға ауызша сұрақтар қою:
-атмосфера сөзі қай тілден алынған, қандай мағынаны білдіреді?
-атмосфера қабаттарын ата?
-атмосфераны қандай құралмен өлшейді?
Материал мазмұны :
оқушылар өздері айтқандай , атмосфера бірнеше қабаттан тұрады.
атмосфера : тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера деп бөлінеді.Осы атмосфераның қабаттарына ауырлық күші әрекет етіп, атмосфераның жоғары қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіреді.Атмосфераның өзі газ , оның құрамы оттегі, азот, көмір қышқыл газдан және т.б тұрады
Газдар сығылғыш болғандықтан . Жер бетіне жақын ауа қабаттарын оның үстіңгі жағындағы ауа қабаттары басып тұрады, сол себепті Жер бетінде атмосфера тығыз болады.Ал ауа қабаты Жер бетінен жоғарылаған сайын нашар сығылып, оның тығыздығы кеми береді.Мысалы: Теңіз деңгейімен салыстырғанда тау етегіндегі қысым 760 мм. сынап бағанын көрсетсе , таудың шығар басында 722 мм. сынап бағанын көрсетеді.
Биіктігі 760 мм сын. бағанының қысымына тең , 00С температурадағы атмосфералық қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады.
760 мм.сын. бағ. = 100кПа = 105 Па - қалыпты атмосфералық қысым
Атмосфералық қысымның теңіз деңгейімен алғандағы биіктікке тәуелді өзгеру шкаласы.
Атмосфералық қысымның тек биіктікке ғана емес , сонымен бірге ауа райына байланысты өзгеріп отыратынын Торричели де Паскаль да дәлелдеп берді.
Биіктікке байланысты анероидты-альтиметрлер деп атайды. Ұшқыштар ұшу биіктігін үнемі қадағалап отыру үшін альтиметр ұшақтарға орнатылады.Атмосфераның қабаттарына тоқталу.
Қорытынды: Сонымен Қалыпты атмосфералық қысымның анықтамасын айту. Биіктікті өлшейтін құрал альтиметр. Қалыпты атмосфералық қысым неге тең 105 Па
Жаңа сабақты бекіту:
Қалыпты атмосфералық қысымның дегеніміз не? Қалыпты атмосфералық қысым неге тең?
Таулы аймақтарда қысым неге төмен болады?
Тапсырма:
1) Қолымыздағы мына ыдысқа су құямыз.Ыдыстың жан-жағы инемен ұсақ етіп тесілген. Суды құйған соң ыдысты төмен қаратып ұстаймыз .Тесіктерден су болмашы ағады. Себебін түсіндір. ( Ыдыстың аузын мықтап жапқан соң , суға ауа қысым түсірмейді, сондықтанда ыдыстан су ағып кетпейді)
2) Егер ыдыстың аузын ашып жіберсек , су жерге ағады, себебін түсіндір.(ыдыстың аузын ашқанда суға атмосфералық қысым түседі, сондықтан су жан-жаққа ағып кетеді.)
7 сыныпқа бүгінгі сабаққа байланысты есеп шығару
20 жаттығу (1)
Берілгені:
Р0=760 мм сын. бағ. h= p0-p/12
Р =722 мм сын. бағ.
____________________
h = ?
7 сыныпқа деңгейлік тапсырма беріледі
І- деңгей
1. Қысымның формуласы-
2. Қысым бірлігі-
3. Қысымды өлшейтін құрал-
ІІ-деңгей
1.Паскаль заңы
2. Ауырлық күші әрекететінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
ІІІ деңгей
150 см2 ауданға 60Н күш әсер етеді. Қысымды табыңдар
Биіктігі 0,8 м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?
8 - сыныппен сабақ түсіндіру Жаңа сабақты түсіндіру үшін тұрмыстық электр құралдарын еска түсіреміз.
1 Тізбектей жалғау
2 Параллель жалғау
Жаңа сабақ сыныпты қатыстыра отырып түсіндіріледі.
Жаңа сабақты түсіндіру үшін ең алдымен Ом заңын еске түсіріп аламыз.Тұрмыста , техникада әртүрлі қыздыру шамдары , үтіктер, электр пештері, электрқоғалтғыштар т.б қолданылады. Қосудың 2 тәсіліне байланысты шамалар арасында төмендегідей заңдылықтар орындалады. Осы заңдылықтарды түсіндіру үшін 2 топқа қажетті құралдар беріп, тізбек құрастырамыз . Бірінші тізбектей қосуды , екінші параллель қосуды көрсетеміз. .
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
U=U1+U2+U3+…
I1=I2=I3=…
R=R1+R2+R3+…
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
I=I1+I2+I3+…
U1=U2=U3=…
1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…
Қорытынды
Тест жұмысы арқылы бекіту.
1.Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6В, кедергісі 2 Ом . Ток күші неге тең?
А) 12 А; В) 6 А ; С) 3 А; Д) 113 А ; Е) 10 А;
2.Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымда 100 секундта қанша жылу бөлінеді?
А) 50000 Дж; В) 2500 Дж ;С) 2000 Дж; Д) 500 Дж; Е) 200 Дж ;
3. Электр лампысының қыл сымының ұштарындағы кернеу 2 В, ток күші 0,5 А, қыл сымның кедергісі қандай?
А)0,5 Ом В) 1 Ом С) 2 Ом Д) 4 Ом Е) 1,5 Ом
4. Ток күшін өлшейтін құралды көрсетіңдер.
А ) Вольтметр; В) Ваттметр ;С) Омметр;Д) Амперметр;
Е) Реостат;
5. Кернеуді өлшейтін құралды көрсетіңдер.
А ) Вольтметр; В) Ваттметр ;С) Омметр; Д) Амперметр;
Е) Реостат ;
6. Электр ошағының тізбегіндегі ток күші 1,4 А. Ошақ сымының көлденең
қимасы арқылы 10 минут ішінде қандай электр заряд өтеді?
А) 940 Кл ;В) 840 Кл ; С) 740 Кл ; Д) 14 Кл ; Е) 140 Кл;
7.Электр тогы дегеніміз не?
А) Зарядталған бөлшектердің ретсіз қозғалысы;
В) ) Зарядталған бөлшектердің реттелген (бағытталған) қозғалысы;
С) Зарядталған бөлшектер;
Д) Элементар бөлшектер;
Е) Барлығы да дұрыс емес;
8. Электр кернеуі
А) U=Aq; В) U=q/A; С) U= IR; Д) U=A/q;
9. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы
А) I=U/R; В) I=UR; С) I=I1=I2; Д) I=I1+I2;
10.Өткізгіштің меншікті кедергісі
А) R=l/S; В) R=ρls ; C) R=ρl/S ; Д) R=ρS /l
11. Ток күші 2А және кернеулігі 220 В тізбек бөлігіндегі зарядтар
45 минут ішінде қозғалған. Зарядтардың электр өрісінің жұмысын есептеңдер.
А) 267 Дж ; В) 4950 Дж; С) 19800 Дж; Д) 1188000Дж;
12. Өткізгіштерді тізбектеп қосу формулалары
А) I=I1-I2 ; R=R1+R2 ; U=U1+U2;
В) I1+I2=I; R=R1=R2; U=U1- U2;
С) I=I1=I2 ; R=R1=R2; U=U1= U2;
Д) I=I1+I2; R=R1+R2 ; U=U1+U2;
13. Өткізгіштерді параллель қосу формулалары
А) U=U1=U2 ; I=I1+I2; 1/R=1/R1+1/R2 ;
В) U=U1+U2 ; I=I1+I2; R=R1=R2;
С) U=U1-U2 ; I=I1-I2; R=R1-R2;
Формулалар құпиясы (7 сынып оқушыларымен жұмыс)
Ауызша пысықтау сұрақтары:
7-8 сыныптарға
Қалыпты атмосфералық қысым? Биіктікті өлшейтін құрал?
Тізбекті жалғаудың неше түрі бар? Қандай қосуда қандай шама тұрақты?
Бағалау
Үйге тапсырма:
7 сынып §41 22 жаттығу (2) Сөзжұмбақ құрау : Альтиметр
8 сынып §41 20 жаттығу (1) Сөзжұмбақ құрау : Параллель, тізбектей
Қорытынды :
оқушылардың физика пәніне қызығушылығы арта түседі;
сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі;
оқушылар өз беттерінше іздене отырып, шығармашылық пен ізденістерге дағдыланады;
қажетті материалдарды табады, орынды пайдалана білуге, ақпарат көздерімен және білуге машықтанады;
жеке тұлға жан – жақты салауатты түрде қалыптаса отырып, айналасындағы ұжымға, топқа белгілі деңгейде ықпал жасай білуді үйренеді;
оқушы сауаттылығын арттыра отырып, білік және білім дағдыларын тұрақтандырып,дүниетанымдық қабілеті артады;
оқушылардың шығармашылық ізденістерін арттырады, олимпиада, тақырыптық сайыстарға , ғылыми жобаға жазуға жетелейді;
ұстаз бен шәкірт арасында түсіністікті қалыптастырады, оқушы білімін дұрыс бағалауды жүйелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |