Мемлекеттік жәрдемақы түрлері:
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
мемлекеттiк арнайы жәрдемақы (№ 1 және № 2 Тізім);
бала тууында және бала күтіміне байланысты жәрдемақы;
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы;
жерлеуге берілетін жәрдемақы.
АӘЖ рәсімдеу үшін тиісті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа барады.
Әлеуметтік еңбектік көмек
Еңбек терапиясы - бұл адамдарды емдеуге және еңбекке деген дағдыларын қалпына келтіруге бағытталған кешендік әлеуметтік оңалту компоненті болып табылады.
Бұл терапияның басты мақсаты–егде адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың төмендеп бара жатқан жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және ынталандыру , тіршілігінің әртүрлі салаларына тарту.
Емдеу-еңбектік жұмыс жүргізу – арнайы ұйымдастырылған, шеберханаларда жүзеге асырылады – аяқ-киім жөндеу, тігіншілер, арба жөндеу бойынша шеберханалар. Сонымен қатар, қызмет алушылар асхана, кітапхана, жылыжай, аумақты тазалау т.б.
Оңалту және еңбек дағдыларын қалпына келтіру жолдарының бірі - бұл «Шебер қолдар» және «Халық өнері» атты үйірмелерге қатысып, өздерінің мүмкіндіктерін көрсету. Бұл үйірмелерде қызмет алушылар қол өнерімен шұғылданады және барлық ынтасын салып тоқиды, кестелейді, тігін тігіп жоғалтып алған еңбек дағдыларын қалпына келтіреді.
Қызмет алушылардың қолмен жасаған жұмыстары түрлі конкурстар мен көрмелерде жоғары бағаға ие болған.
Әлеуметтік мәдени көмек
Әлеуметтік-мәдени іс-шаралар қызмет алушыларды мекеменің қоғамдық өміріне қатыстыру мақсатында жүргізіледі, бұл олардың әлеуметтік және коммуникациялық қарым-қатынастарын жақсартады, рухани және әлеуметтік-мәдени сұраныстарын қанағаттандырып, жалпы танымдық ой-өрісін кеңейтіп, олардың шығармашылық белсенділігін арттырады. Қызмет алушылар арасында салауатты өмір салты кеңінен насихатталады. Бұның бәрі жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға өз әсерін тигізеді.
Бірлесіп өткізілетін іс-шаралар өзара қарым-қатынаста бірлік, ынтымақ, сыйластық пен бір-біріне деген сенімділік пен сүйіспеншілігін арттырады.
Қызмет алушылардың арасында кездесулер, дөңгелек үстелдер, зияткерлік ойындар жүйелі түрде өткізіліп тұрады, сонымен қатар мұражайға, театрға, көрмеге барып, экскурсия жасалып тұрады. Жазғы уақытта табиғатқа шығып шашка, шахмат, тоғыз құмалақ, бильярд, үстел теннисі ойындары ұйымдастырылады. Біздің спортшыларымыз - олар Параолимпиялық ойындарының чемпиондары, сонымен қатар республикалық, облыстық және қалалық турнирлерге қатысып, чемпион атағына ие болғандар. Қызмет алушылардың арасында арбадағы спорттық бал билерінің чемпиондары да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |