19-бап. Келiсiмдердiң орындалуына бақылау жасау
Келiсiмдердiң орындалуына бақылау жасауды әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi тиiстi комиссиялар жүзеге асырады.
20-бап. Комиссиялардың үйлестiрушiлерi
Республикалық, салалық және аймақтық комиссиялардың үйлестiрушiлерi тараптардың бiрлескен шешiмiмен тағайындалады.
Комиссия үйлестiрушiсi:
- тараптардың қызметiне араласпайды;
- комиссияның жұмысына қатысу үшiн комиссия мүшесi болып табылмайтын, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер бірлестiктерiнiң өкiлдерiн, атқарушы билiк органдары өкiлдерiн, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, басқа ұйымдардың өкiлдерiн шақырады;
- комиссия мен жұмыс топтарының жұмысын, хаттамалардың жүргiзiлуiн, шешiмдердiң жобасын әзiрлеудi және қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |