16-бап. Келiсiмдердi әзiрлеу жөнiнде келiссөздер жүргiзу құқығы
1. Тараптардың кез келгенi келiсiмнiң әзiрленуi, мазмұны, жасалуы, өзгертiлуi, толықтырылуы жөнiндегi келiссөздердiң бастамашысы болуға құқылы.
2. Республикалық, салалық, аймақтық деңгейлерде қызметкерлер мен жұмыс берушiлер уәкiлдiк берген бiрнеше өкiлдер бар болған жағдайда олардың әрқайсысына өздерi өкiл болып отырған қызметкерлер мен жұмыс берушiлер атынан келiссөздер жүргiзуге құқық берiледi.
17-бап. Келiсiмдердiң мазмұны
Келiсiмдерде:
- тараптардың өздерiне алған мiндеттемелердi орындамаған жағдайдағы жауапкершiлiктерi туралы ережелер қамтылуға тиiс.
2. Бас келiсiмнiң мазмұнын Әлеуметтiк әрiптестік пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық үш жақты комиссия әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық тараптары немесе олардың бiреуi ұсынған Бас келiсiмнiң жобаларын негiзге ала отырып айқындайды.
3. Салалық және аймақтық келiсiмнiң мазмұнын әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi тұрақты жұмыс істейтiн салалық және аймақтық комиссиялар әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық тараптары немесе олардың бiреуi ұсынған келiсiмдердiң жобалары негiзiнде айқындайды.
4. Келiсiмдерде:
1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары және еңбектi қорғау, еңбек және демалыс режимi туралы;
2) келiсiммен айқындалған, баға мен инфляцияның деңгейiн, күнкөрiстiң ең төменгi деңгейi мен көрсеткiштердiң орындалуын негiзге ала отырып, еңбекке ақы төлеудi реттеу тетiгi туралы;
3) өтем сипатындағы қосымша ақылар туралы;
4) қызметкерлердi жұмыспен қамтуға, кәсiби әзiрлеуге және қайта әзiрлеуге жәрдемдесу туралы;
5) жұмыс істеу және демалыс үшiн қолайлы жағдайлар жасау жолымен өндiрiстегi қызметкерлердiң денсаулығын қорғауды ұйымдастыру және тиiстi қоршаған ортаны қамтамасыз ету туралы;
6) салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегi шаралар туралы;
7) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау жөнiндегi арнаулы шаралар туралы;
8) өндiрiс уақытша тоқтап қалған жағдайда қызметкерлердi қорғау шаралары туралы;
9) жанжалдар мен ереуiлдердi болғызбау, еңбек тәртiбiн нығайту туралы;
10) әлеуметтiк-еңбек мәселелерi жөнiнде заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер;
11) әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу туралы ережелер көзделуi мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |