«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу



жүктеу 0,49 Mb.
бет1/3
Дата25.11.2017
өлшемі0,49 Mb.
#1955
  1   2   3


№ исх: 16-1-23/8348-И от: 23.12.2016



«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1)  1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау»;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау»;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау»;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру»;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау»;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу»;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау»;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау»;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды тіркеу»;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;

17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;

18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік атаулы     
әлеуметтік көмек тағайындау»;

19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;

21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;

22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау»;

25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»;

27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;

28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»;

29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес «Оралман мәртебесін беру»;

30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоротивішілік ауыстыру шеңберінде рұқсат беру және ұзарту»;

31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес «Ақталған адамға куәлік беру»;

32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес «Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн
Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер
түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау»;

33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру»;

34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды тіркеу»;

35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.



12-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

28-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

31-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 34-қосымшамен толықтырылсын;

осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 35-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Стратегиялық даму департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бір данадағы көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде басылған және электронды нұсқасын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрі Т. Дүйсенова

КЕЛІСІЛДІ



Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникация министрі
__________________Д. Абаев
2016 жылғы «_____» ______________
КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі
__________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «_____» ______________

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы «__» __________

№ __ бұйрығына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 279 бұйрығына

12-қосымша

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

көрсетілетін қызметті беруші;

www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын ұсынған сәттен , сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 1 (бір) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы хабарлама.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіліп. сақталады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде орналастырылған;

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, оралмандар үшін – оралман куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).

еңбек қызметін растайтын құжатты (бар болса);

білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжатты (бар болса) ұсынады.

Порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш толтырады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті алушының дербес деректері автоматтандырылған ақпараттық жүйеге жауапты адамның ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында толтырылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні, уақыты және орны көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда, жұмыскер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себебін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамаларында белігеленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.



3. Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына шағым беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көзделген.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша
Нысан
Өтініш
Өтініш беруші туралы ақпарат:

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _______________________________________________________________;

Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________;

Отбасылық жағдайы:____________________________________________;

Туған күні: _______ жылғы «____» ______________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі:

____________________________

Құжат сериясы:_____құжат нөмірі:_________кім берді: _________

Берілген күні : ______ жылғы «____» _____________.

Тіркелген мекенжайы: ___________________________________

_________________ қаласы (ауданы) _________________ ауылы

______________ көшесі (шағын ауданы) ___үй ____ пәтер

Отбасылық жағдайы:____________________________________________;
Білімі туралы деректер:

Білім деңгейі:

_______________________________________________;

Оқу орнының толық атауы:_______________________________;

_______________________________________________________________;

Мамандық атауы:____________________________________;

Оқу орнына түскен жылы: ________ жылғы «___» __________;

Оқу орнын бітірген жылы _________ жылғы «___» ____________;

Еңбек жолы туралы деректер:

Кәсібі, лауазымы: __________________________________________; Ұйымның атауы:____________________________________________;

Сала: _____________________________________________________;

Тұрған күні: _________ жылғы «___» ____________;

Босатылған күні: _________ жылғы «___» ____________;

Кәсібі, лауазымы: __________________________________________; Ұйымның атауы:____________________________________________;

Сала: _____________________________________________________;

Тұрған күні: _________ жылғы «___» ____________;

Босатылған күні: _________ жылғы «___» ____________;

Кәсібі, лауазымы: __________________________________________; Ұйымның атауы:____________________________________________;

Сала: _____________________________________________________;

Тұрған күні: _________ жылғы «___» ____________;

Босатылған күні: _________ жылғы «___» ____________;

Қосымша мәліметтер:

_______________________________________________________________;

_______________________________________________________________

Тілдерді білуі:___________________________________________________

Кәмелеттік жасқа толмаған балалары туралы мәліметтер:

Баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _______________________________________________________________;

Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________;

Туған күні: _______ жылғы «____» ______________

Азаматтық хал актілер жазбасының атауы __________________________________________________________;

Жазбаның №:______________________________________________________;

Тіркелген күні: _________ жылғы «___» ____________;

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуіңізді сұраймын.

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

_________ жылғы «___» ____________ (қолы).
Керанау мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаным үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

Өтініш берушінің байланыс деректері:

телефон: ___________________; ұялы телефон: ________________________;

E-mail: ________________________________________________________;

20___ жылғы «___» ____________;

Өтініш берушінің қолы: ________________________

-----------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)

№ ______өтініш, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ________________________, өтініштің тіркелген күні: 20____ жылғы «___» ________ (көрсетілетін қызметті алған күні: 20___ жылғы «___» ________).


«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

_________ жылғы «___» ____________ (қолы).


Керанау мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаным үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан


жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау