Ақпараттық: Электрлік аспаптар түрлері мен жаңа технологиядағы өлшеу әдістерімен кеңейте таныстыру.Білімге деген көзқарасын оқуға ынталығын арттыру
Коммуникативтік: Электрлік аспаптармен жұмыс жасағанда, қауіпсіздік ережесімен, қондырғыларды ұқыпты ұстауға және есеп шығара білу.
Мәселені шешу: Электротехника пәнінен негізгі өлшеуіш аспаптармен таныстыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Қолданылатын технология: Ақпараттық коммуникативтік технология.
Қолданылатын құрал жабдықтар: Электрлік өлшеуіш аспаптар мультимедиа проектор, слайдтар жинағы.
Қолданылған әдебиеттер: Ахметов А.К. «Электротехника» А.: Фолиант 2010 ж. Нәдіров Е.Е., Балабатыров С.Б., Ғали К.О. «Электротехника және электроника негіздері» Алматы 2012 ж
Әдістемелік нұсқау
Электротехника пәнінде ток күші, кернеу, қуат, кедергі, энергия сияқты электрлік шамаларды, сондай-ақ температура, қысым, ылғалдылық, жылдамдық, материалдардың қалыңдығын және электрлік емес шамаларды өлшеуге қажет болады. Тізбекте өтетін токтардың шамасы жүктеме түріне байланысты болады, оған тізбектегі қосылған индуктивтілік, сыйымдылық деген параметрде әсер етеді. Энергия тарату жолында әр түрлі кедергілер кездеседі, электрлік қондырғылар әр түрлі материалдан жасалады, айналасындағы әсер-температура, қысым, ток өту жолдары, энергия тарату жолдары, электромагниттік өрістің әсері де болады. Сондықтан осы тақырып бөлігінде өлшеуіш аспаптардың негізгі құрылысы, өлшеу әдісі, түрлері туралы анықтама беруіміз қажет.
Дәріс
Электрлік өлшеуіш приборлар ток күші, кернеу, кедергі, қуат, энергия сияқты электрлік шамаларды,сондай-ақ темперетура, қысым, ылғалдылық, жылдамдық, сұйық деңгейі, материялдың қалыңдығы және т. с. с. электрлік емес шамаларды өлшеуге қолданылады.
Абсолют дәл прибордың болмайтындығына байланысты, электр өлшеуіш приборлардың көрсетулері өлшенетін шамалардың шын мәндерінен біраз өзгеше болып келеді.
Шаманың өлшеген мәні мен шын мәнінің арасындағы айырым прибордың абсолют қатесі деп аталады. Егер, мысалы, тізбектегі ток күші I=10 a болса, ал тізбекке жалғанған амперметрдің көрсетуі =9.85 a болса, онда прибордың көрсетуінің абсолют қатесі
Прибордың келтірілген қателігі деп, абсолют қатесінің прибордың берілген шкаласы бойынша өлшеуге келетін шаманың ең үлкен мәніне қатынасын айтады:
=
Қалыпты жұмыс жағдайларындағы прибордың (температура 20 , прибордың маңайында ферромагниттік массаның болмауы, шкаланың қалыпты жұмысы және т. т.) келтірілген қатесі прибордың негізгі қатесі деп аталады.
Электр өлшеуіш приборлар рұқсат етілетін негізгі қатесіне қарай сегіз дәлдік класына бөлінеді: 0,05; 0,1; 0,2; 0,5; 1; 1,5; 2,5; 4.
Дәлдік класының цифры қатенің таңбасына тәуелсіз процент есебімен прибордың рұқсат етілген негізгі (келтірілген) қатесін көрсетеді.
Дәлдік класы
Дәлдік класы аз санмен көрсетілген прибор өлшеуді аса дәлдікпен орындауға мумкіншілік береді.
Прибордың дәлдік класын және прибордың берілген шкаласында өлшеуге болатын шаманың ең улкен мәнін біле отырып, жүргізілген өлшеудің ең мумкін абсолют қатесін анықтауға болады:
Неғұрлым өлшенетін шама прибордың өлшеуге мүмкіншілік беретін ең үлкен мәніне жақын келсе, соғұрлым барлық жағдайларда бірдей болатын салыстырмалы қате аз болып шығады. Өлшеуге қолданатын прибордың өлшеу шегін тандап алғанда бұл жағдай есте болуға тиіс.
Электр өлшеуіш приборлар өлшенетін шаманың тегіне, жұмыс принципіне, дәлдік дәрежесіне қарай және өлшенетін токтың түріне қарай классфикацияланады және пайдалану группаларына бөлінеді.
Өлшенетін шамалардың тегіне қарай, приборлар амперметрлер, вольтметрлер, омметрлер, ваттметрлер, счатчиктер, электр термометрлер, электр тахометрлер (минуттағы оборот санын өлшеуші) және т. б. бөлінеді.
Өлшеуіш механизмінің жұмыс принципіне қарай приборлар мына системаларға бөлінуі мумкін:электромагниттік, магнитоэлектрлік, электродинамикалық, ферродинамикалық, индукциялық, түзеткіш, термоэлектрлік, электрондық, вибрациялық және электростатикалық.
Өлшенетін аспаптардың тегіне қарай аспаптар: амперметр, вольтметр, омметр, ватметр, есептегіштер (счетчик), электр термометр, электр тахометрі жатады.
Электр өлшеуіш аспаптың шартты белгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |