Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
«Жамбыл политехникалық колледжі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
-
|
Бекітемін
Оқу - ісі жөніндегі
директордың орынбасары
_______ С.Н.Қойшыбаев
«____»__________2017ж.
|
0911000 «Электрлік және электромеханикалық жабдықтарды жөндеу,қызмет көрсету және техникалық пайдалану» мамандығының 2ЭМО-15-1 тобында
«Электржабдығын жөндеу және пайдалану» пәнінен
“Үш фазалы электр тізбегі ”тақырыбындағы
онлайн сабағының әдістемелік әзірлемесі
ЦӘК отырысында қарастырылды
Хаттама №__«_____» 2017ж.
________ А.З.Абзалбеков
күні:30.03.2017
аудитория: №
дайындаған: арнайы пән оқытушысы: Мусабаев А.К.
Тараз 2017
I.Сабақтың тақырыбы: «Үш фазалы электр тізбегі.Үш фазалы генератор құрылысы,жұмысы,орамдарының жалғану сұлбалары»
II.Сабақтың түрі: кіріспе сабақ
III.Өткізілу әдісі: ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап,
Сабақтың мақсаты:
а) оқу: Үш фазалы электр тізбегінің элементтеріне талдау жасау.Үш фазалы генератор орамдарының жалғану сұлбаларын түсіндіру және сараптама жасау.
б) дамыту: Танымдылық қабілеттерін дамыту, ізденіске, жаңашылдыққа ұмтылдыру, кәсіби құзыреттілігін арттыру.
в) тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, жолдастық қарым - қатынастарын дамыту, жауапкершіліктерін арттыру, кәсібіне бейімдеу.
IV.Пән аралық байланыс: «Электрлік өлшеулер», «Электротехникалық материалдар»
V.Қолданылатын көрнекі және техникалық құралдар: интерактивті тақта,электронды тақырыптық плакат, слайд түріндегі сұрақтар,фото-слайдтар
Қолданылған әдебиеттер:
1.Медетбекова А.А,Магазов А.Ж.Электротехниканың теориялық негіздері. Астана. Фолиант баспасы, 2010ж
2.Барсов И.Н. Электротехниканың теориялық негізі. М. Энергоатомбаспа,1992 ж.;
3.Алиференко Б.В., Яшный В.Г. Электротехника.Зертханалық-машықтандыру жұмыстары. Астана. Фолиант баспасы, 2010ж.;
VI.Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру сәті – 3 мин.
а) сәлемдесу
б) сабаққа қатысуды тексеру
2.Өткен тақырыпты - «Кім тапқыр» ойын элементі арқылы ой қозғау
стратегиясы бойынша қайталау: 15 мин
1-Сұрақ:
-Айнымалы ток дегеніміз не?
- Анықталу формуласы
- Өлшеу бірлігі
Жауабы:
- Бағыты мен шамасын белгілі бір уақыт аралығында өзгертуші тоқ түрі
- мұндағы: i- тоқ күші
dq-электр зарядының шамасы
dt- электр зарядтарын тасымалдау уақыты
- Ампер
2-Сұрақ:
Айнымалы токты өндіруші құрылғы не?
Оның негізгі бөліктеріне нелер жатады?
Жауабы:
Генератор
Қөзғалмайтын бөлігі-статор
Қозғалмалы бөлігі -ротор
3-Сұрақ:
Генератор дегеніміз не?
Оның жұмыс істеу принципі қандай құбылысқа негізделген
Жауабы:
Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіруші құрылғы
Электромагниттік индукция құбылысына негізделген ( магнит өрісінің электр өрісіне түрленуі)
4-Сұрақ:
Айнымалы токты сипаттаушы негізгі шамаларды атаңыз
Жауабы:
1) Амплитудалық мән– синусоидалық шаманың ең үлкен максимал мәні. ( Im, Um, Em )
2) Лездік мән– синусоидалық шаманың нолдік мәні мен максимал мәндері арасындағы (i, u, e )
3) Периоды– толық бір тербеліс жасауға кететін уақыт. T=1/f [c]
4) Жиілік– бір секунд ішінде жасалатын тербеліс саны.f=1/T; [Гц]
5) Бұрыштық жиілік ω =2πf= 2π/ T, [рад/с]
6)Фаза– кез келген сәттегі синусоидалық шаманың мәнін анықтауға мүмкіндік береді. ( t+ φ )
7) Бастапқы фаза - φ синусоидалық шаманың уақыт нөлге тең болған кездегі мәнін анықтауға мүмкіндік береді. Егер φ таңбасы оң болса, онда синусоида ордината осі бойынша солға қарай φ бұрышқа ығысады. ,
Сұрақ:
Айнымалы токтың стандарт жиілігі қандай?
Айнымалы тоқ тізбегіндегі кедергілер түрлерін атандар
Жауабы:
50 Герц
Активті R және реактивті X
кедергілердің өлшеу бірлігі [Ом]
3. Жаңа тақырыпты баяндау: 54 мин
а) Үш фазалы электр тізбегі туралы түсінік:
б) артықшылығы,қолдану саласы
Электр тізбегінің көп фазалы жүйесі деп жиіліктері бірдей, ал фаза бойынша бір-бірінен 120 градусқа ығысқан бірнеше айнымалы э.қ.к-тер әсер етуші тізбектердің жиынтығын айтады.
Көбінесе практикада амплитудалары тең және фазалары бойынша 2π/т немесе –120 бұрышқа ығысқан ( мұндағы т-фаза саны) бірнеше э.қ.к.-терден тұратын көп фазалық симметриялық жүйелер қолданылады
Қазіргі кезде осы көп фазалық жүйелердің ішінде ең көп тарағаны -үш фазалы жүйелер.
Үш фазалық жүйе деп, бірдей жиіліктегі синусоидалы электр қозғаушы күш әсер ететін үш электр тізбегінен тұратын, бір-біріне фазасы бойынша 1200 –қа ығысқан және бір қоректендіру көзімен қосылған жүйені атаймыз.
Үш фазалы жүйенің жекелеген бөліктері фазалар деп аталады Үш фазалық жүйе симметриялы, себебі оның фазаларының (орамалардың) парамертлері ,яғни материалдары бір, ұзындықтары мен көлденең қимасының ауданы өзара тең етіп жасалады, осыған байланысты орамаларда әсер етуші ЭҚК – өзара тең болады
Үш фазалық жүйенің бір фазалық жүйеге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:
- Жүйе аса үнемді, үш фазалық генератор үш бір фазалыққа қарағанда қарапайым және арзан, қосқыш сымдары аз, сымдардағы қуаттың шығындары төмен.
- Генератордың орамаларын жұлдызша сұлбасы бойынша қосқанда кернеуді таңдаудың мүмкіндігі бар, ол сызықты немесе фазалық кернеу.
-Үш фазалық ток айналамалы магнит өрісін тудырады. Айналмалы магнит өрістерін қолдану принципіне өнеркәсіпте ең көп тараған үш фазалық асинхронды электр қозғалтқыштарының жұмыс әсері негізделген.
Айнымалы токтың үш фазалық жүйесін алуды орыс инженері М.О.Доливо-Добровольский 1891 жылы ұсынып,үш фазалы генератордың алғашқы жобасын жасаған.
б) Үш фазалы генератордың құрылысы:
қозғалмалы және қозғалмайтын бөліктері
магниттік бөлігі
жұмыс істеу принципі
үш фазалы тізбегіндегі қуат шамалары
Үш фазалы симметриялы э.қ.к.-тер жүйесін (үш фазалы тоқты) алу үшін үш фазалы синхронды генератор қолданылады.
Оның қозғалмайтын бөлігі - статорында бірі бірінен 1200-қа ығысқан және өзара оқшауланған үш фазалық орама орналасқан.
қозғалмалы бөлігі - ротор айналғанда осы орамаларда амплитудалары мен жиіліктері бірдей, бірақ фазасы бойынша 1200- қа ығысқан үш э.қ.к.-тер пайда болады.
Олардың біріншісі еА (ЕА), одан фаза бойынша 1200 кешігіп отыратын екінші фазасы еВ (ЕВ), ал екіншіден фазасы бойынша 1200 озып отыратын э.қ.к.- еС (ЕС) белгілейміз.
Генератордың орамаларын оның фазалары деп атайды да, А,В,С латын әріптері арқылы белгілейді
Фазалар кезектесуі деп э.қ.к.-тердің белгілі бір мәнге ие болу кезіндегі ретін айтады . Егер бұл рет ЕА , ЕВ , ЕС болса, онда мұндай кезектесу тура кезектесу деп аталады.
Төменгі суретте генератор құрылысы көрсетілген:
Үш фазалы генератордың алғашқы жобасы көрсетілген
Достарыңызбен бөлісу: |