Алматы қаласы ҮЕҰ-ларының әлеуметтік идеялары мен жобалары Жәрмеңкесінің
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – әлеуметтік маңызды проблемаларды шешудегі әлеуметтік сала ұйымдарының мүмкіндіктерін көрсету, әлеуметтік жобалардың тұсауын кесіп таныстыру, мемлекеттік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен және бизнес құрылымдармен өзара ынтымақтастығын кеңейтуге ықпал ету, Алматы қаласындағы әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарды қолдау мен орын алған мәселелердің шешімін іздеуде ұжымдық тұрғыда іскерлік байланыстарды орнату және әлеуметтік серіктестік қатынастарын дамыту.
Жаңа идеялар мен технологияларды қоғам өміріне енгізу және осымен қатар сәтті жүзеге асырылған жобаларды орнықтыру.
2. Жәрмеңкенің мақсаттары:
Мақсатты топтар үшін әлеуметтік қызметтер көрсету саласында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларының тұсауын кесу үшін ашық қалалық байқау өткізу;
Алматы қаласындағы әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарды тиімді түрде қолдау мақсатында коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік ведомстволармен, жергілікті билікпен және бизнес құрылымдарымен өзара іскерлігін дамытуға ықпал ету;
Сектораралық өзара іскерліктің әлеуетін, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған қоғам күшін біріктіруді, біртұтас тұжырымдамалық бағыттарды, қағидаттар мен страгияларды әзірлеуді пайдалана отырып үздік жобалар мен жаңалықтарды іс-жүзінде іске асыру;
Үкіметтік емес ұйымдардың PR-науқандарын өткізу, әлеуметтік сала ұйымдарының жағымды келбетін қалыптастыру, Алматы қаласында әлеуметтік қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың статусын арттыру.
3. Басымдығы бар бағыттар.
Жобалар жәрмеңкесі Қазақстан Республикасының, соның ішінде Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескерумен өткізіледі:
Әлеуметтік-экономикалық реформаларды ілгерілету және жергілікті деңгейде құқықтық мәдениетті арттыру;
Әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру;
Алматы қаласының білім беру салаларын және кадрлық стратегиясын дамыту (адам капиталын дамыту);
Табиғатты қолданудың тиімді жүйесін қалыптастыру, өмір сүру ортасының сапасын арттыру;
Құқықтық проблемаларды шешудегі азаматтардың қатысуының моделі;
Жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті қоғамдастық;
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласындағы жаңа гуманитарлық тәжірибелер;
Бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамды дамытудың құралы ретінде;
Салауатты өмір салты, қоршаған табиғи ортаның экологиясы және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;
Жастар бастамаларын дамыту;
Алматы қаласын дамыту бағдарламасы бойынша бастамалар.
4. Жобаларға қойылатын талаптар.
Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесіне тапсырылған өтініштер келесі талаптарға сйәкес болуы керек:
Үкіметтік емес ұйымдармен және Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылуы керек;
Қоғамдық мақсаттары болуы керек және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмеуі қажет;
Инновациялық сипаты болуы керек;
Ұйымдардың кең көлемі үшін тиімділігі болуы қажет, мысалы, қол жеткізілген нәтижелерді өзге ұйымдарға тарату мүмкіндігі және олардың таныстырылуы кең жұртшылық ішінде жүзеге асырылуы керек;
Бекітілген талаптарға сәйкес ресімделуі керек.
Қолдау табады:
Қоғамдық проблемаларды шешудің нақты жолдарын табуға бағытталған жобалар, мемлекеттік және (немесе) жергілікті билік органдарымен (ұйымдармен, мекемелермен), тәуелсіз сарапшылармен және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен тығыз ынтымақтастықта бірге жүзеге асырылатын жобалар;
Жүзеге асырылуы барысында тұрғындардың ауқымды бөлігін қамтуды қарастырған жобалар, соның ішінде ерікті және ақысыз негізде;
Инновациялық бағытты ұсынатын жобалар;
Жүзеге асырылу тәжірибесі өзге ұйымдардың жұмысы барысында қолданылуы мүмкін жобалар;
Инвестициялық жобалар;
Бірнеше ұйымның ынтымақтастығы мен үлес қосуын ұсынатын жобалар;
Атқарушылардың өз қаражатын қосуы мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен өзге де ұйымдардың қатысуын (соның ішінде үлескерлік қаржыландыру түрінде) қарастыратын жобалар.
5.жобаларды бағалау критерилері.
Келесі аспектілер назарға алынады:
Идеяның жаңашылдығы/ерекшелігі;
Жоба аясындағы қызметтердің ойластырылғандығы;
Баяндаудың сендіру деңгейі мен қол жетімділігі;
Жобаға қатысушылардың саны (жоба бағытталған мақсатты топ);
Жобаға еріктілер ретінде тартылған адамдардың саны (өтініш білдірушілерден басқасы);
Жобаны жүзеге асыру мерзімдерінің шынайылығы;
Жоба бюджетінің рационалды түрде жасалынуы, оның тиімділігі;
Жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басұқару органдарымен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен серіктестік.
6. Байқауды өткізудің мерзімдері мен реті.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесі өткізіледі: 2016 жылдың 25 қарашасы; «Үздік әлеуметтік серіктес» номинациясы бойынша «Өрлеу» байқауының салтанатты түрде өткізілу аясында.
Осы Ережемен бекітілген ретке сәйкес өтініштерді қабылдау мерзімі 2016 жылдың 05 қазаны мен 05 қарашасы аралығында.
7. Өтініштерді өткізу реті.
Байқауға қатысуға байқаудың талаптарына сәйкес арнайы формада (Қосымша 1 – өтініш формасы) толтырылған жобалар жіберіледі.
Байқауға қатысу жөніндегі өтініштер Әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінің Ұйымдастыру комитетіне Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 74-а, кеңсе 41 мекен жайына жолданады немесе info-rc@inbox.ru электронды мекен-жайына 2016 жылдың 05 қазаны мен 05 қарашасы аралығында жолданады. Өтініш электронды нұсқада беріледі.
Ұйымдастыру комитетінің құрамына Алматы қаласы әкімдігінің басқармаларының, әлеуметтік қызметтер көрсету саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың, іскерлік топтардың, халықаралық донорлар мен өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері енеді.
Анықтамалар үшін келесі телефондарға хабарласу қажет: 8 (727) 267 02 21; 267 31 76, e-mail: info-rc@inbox.ru
Қосымша 1
Әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесіне қатысудың өтініші
1
|
Ұйымның атауы
|
|
2
|
Басшысының аты-жөні
|
|
3
|
Тіркелу датасы
|
|
4
|
Ұйымның миссиясы
|
|
5
|
Жобаның атауы
|
|
6
|
Проблеманың сипаттамасы
|
|
7
|
Жобаның мақсаты
|
|
8
|
Жобаның міндеттері
|
|
9
|
Жобаның нақты субъектілері мен объектілерін анықтай отырып алға қойған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті қызмет түрлерін сипаттау
|
|
10
|
Күтілетін нәтижелер
|
|
11
|
Жақсы сападағы суреттер (3-4)
|
|
12
|
Байланыс ақпараттары (пошталық мекен жай, телефондар, e-mail)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |