Жұлдызша сұлбасында:
сызықты кернеулер фазалық кернеулерден түбір асты үш мәніне артық болады немесе төмендегі қатынастай болады:
Сызықтық кернеу:
фазалық кернеу:
сызықты тоқтар мен фазалық тоқтар мәндері өзара тең болады : Ic = Iф
Сонымен нөлдік сымның атқаратын қызметі тұтынушының фазаларында бірдей кернеуді ұстап тұру үшін қажет.
Нөлдік сымның арқасында тұтынушының әр фазасы генератордың фазасына параллель қосылады.
Сондықтан жүктеменің кез-келген өзгерістерінде тұтынушыдағы және генератордағы кернеу бірдей болады.
Егер үш фазадағы тұтынушының саны симметриялы болатын болса, нөлдік сымда ток күші болмайды.
Бұл дегеніміз симметриялы жүктемедеүш фазалық жүйе үш сымдық болуы мүмкіндеген қорытынды жасалынады.
Симметриялы емес жүктемеде нөлдік сым арқылы ток жүреді де, жүйе төрт сымды болуы қажет. Симметриясыз жүктеменің мысалы ретінде жарықтандыру торабын алуға болады.
Генератор мен тұтынушы (жүктеме) орамаларын үшбұрыштап қосу.
Үш фазалық генератордың бірінші орамасының соңын х – ті екінші ораманың басы В мен, ал екінші ораманың соңы у - ті, үшінші фазаның басымен, үшінші фазаның соңы z –ті бірінші фазаның басы А мен жалғайды. Мұндай генератор орамаларының қосылуын үшбұрыштап қосу деп атайды.
Генератордың контурында әсер ететін ЭҚК-тің симметриялы жүйесі нөлге тең болатын қосындыға ие: ЕА+ЕВ+ЕС=0
Бұл жағдайда ток көзінің бос жүрісінде, оның орамында ток жоқ болады.
Генератордың ЭҚК – нің векторлары 120 – қа тақап орналасып, тең қабырғалы үшбұрыш құрайды.
Орамдарды дұрыс қоспағанда, екі көрші орам ұштарымен қосылғанда контурдағы ЭҚК-тің қосындысы фазаның ЭҚК-нің еселенген шамасына тең болады.
Үшбұрыш жалғау сызбасындағы кернеу және тоқ шамалары
Фазаларды үшбұрыш сұлбасы бойынша қосу үшін бір фазаның аяқы ұшын екінші фазаның басқы ұшымен, екінші фазаның аяқы ұшын үшінші фазаның басқы ұшымен, ал үшінші фазаның аяқы ұшын бір фазаның басқы ұшымен қосады.
Сұлбада бейтарап сым болмайды.
Сондықтан генератордан шыққан (қоректендіргіштің) сызықты кернеулері оның фазалық кернеулеріне тең болады:
Егер, UAB = UА , UBC = UB , UCA = UC немесе Uф=Uс
Ом заңы бойынша қабылдағыштың фазалық токтары:
IАВ= /ZAВ =UAВ/ ZAВ
IBС= EB/ZBС= UBС/ ZBС
ICА= EC/ZCА= UCА / ZCA
Егер қабылдағыш симметриялы (ZAВ= ZBС = ZCА) болса, онда барлық фазалық токтардың әрекеттік мәндері бірдей болады және олардың желілік кернеулерге байланысты фазалық ығысулары да бірдей болады.
Uф=Uс
Достарыңызбен бөлісу: |