в) Генератор орамдарының жалғану тәсілдері:
- байланыспаған және байланысқан
- жұлдызша жалғануы
- үшбұрыштап жалғануы
Алғашқы үш фазалы тізбек байланыспаған немесе алты сым арқылы жалғану сұлбасы ретінде жасалды.
Бұл сұлба бойынша генератордың әр фазасы жүктеменің әр фазасымен екі сым арқылы жалғанады. Барлығы алты сым керек болады.Бұл сұлба экономикалық жағынан тиімсіз.
А - ZА
В – ZВ генератор орамаларының басқы ұштары;
С - ZС
x,y,z - орамалардың аяққы ұштары;
Сондықтан практикада ең тиімді сұлба ретінде генератордың фазаларын жұлдызша , ал қабылдағыштардың фазаларын жұлдызша және үшбұрыш тәсілдері арқылы жинау керектігі ескерілді.
Томендегі суреттерден осы байланыспаған электр жүйелерінің сұлбалары көрсетілген. Әр фазаға өз жүктемелері жалғанған: ZА , ZВ , ZС .
Осы жүктемелердің толық кедергілерінің шамаларына қарай үш фазалы электр тізбегі: симметриялы егер ZА =ZВ = ZС өз ара тең болса,
ал тең болмаса ZА ZВ ZАсимметриялы емес деп аталады.
А фазасында пайда болатын ЭҚК:
еА=Emsinωt
В фазасында:
еВ= Emsin(ωt - 2π/3)
С фазасында:
еС= Emsin(ωt +2π/3)
3-фазаның басын латын әріптері А,В,С – әріптерімен , ал фазаның соңын х, y, z – әріптерімен белгілейді.
Бірінші фазаның түсі А-х - сары;
Екінші фазаның түсі В- y – жасыл;
Үшінші фазаның түсі С- z – қызыл.
Үш фазалық жүйеде генератордың фазалық орамаларын жұлдызша және үшбұрыш сұлбаларымен жалғау тәсілдері қолданылады.
Үш фазалық жүйеде :
генератордың фазалық орамаларының ұштарының арасындағы немесе жүктеменің фазаларының ұштарының арасындағы кернеулерді
(UA, UB ,UC ) фазалық кернеулер деп атайды.
Сонымен бірге бұл кернеулерді сызықтық сымдар мен нөлдік сым арасындағы кернеулер деп де қарастыруға болады.
Симметриялы жүйеде фазалық кернеулердің әрекеттік мәндері бірдей болады: UAо =UBо=UCо= Uф.
Фазалық токтар Iф = IАВ, IВС, IСА деп генератордың фазалық орамалары немесе жүктеменің фазалары арқылы жүретін токты айтады.
Үш фазалық жүйеде:
генератордың фазаларының (орамалардың) ұштары мен жүктеменің фазаларының ұштарының арасындағы кернеулерді
сызықты кернеулер (Uсыз=UAв, UBс ,UCа ) деп атайды.
Сызықты токтар деп генератордың фазалық орамалары мен жүктеменің фазаларының бастарын қосатын тізбекте жүретін токты айтады. IА, IВ,IС,
Генератор мен тұтынушы(жүктеме) орамаларын жұлдызша қосу.
Егер фазалардың ұштары x, y, z, нолдік немесе бейтарап нүктесі 0 бір нүктеге қосылса, онда мұндай қосылуды жұлдызша жалғау деп аталады.
Бұл сұлба бойынша басы А-В-С электр қабылдағышқа (жүктемеге) берілетін тізбекке жалғағанса ,ал ораманың аяққы ұштары x,y,z бір нүктеге ( түйінге) қосылады да, Ол нүктені үш фазалы генератордың нөлдік нүктесі немесе бейтарап нүктесі ( О) деп атайды.
Сол сияқты қабылдағыштың (жүктеменің) де фазаларының бір ұштары бір нүктеге ( түйінге) қосылады және ол нүктені жүктеменің нөлдік нүктесі немесе бейтарап нүктесі ( О′) деп атаймыз.
Генератордың орамаларының басқы ұштарын жүктемемен қосатын сымдарды сызықты сымдар деп атайды, ал олар арқылы жүретін токтар сызықты токтар IA , IB, IC деп аталады. Бұл токтар генератордан жүктемеге қарай бағытталған.
Генератордың бейтарап нүктесін жүктеменің бейтарап нүктесімен жалғайтын сымды нөлдік немесе бейтарап сым деп аталады.
Бейтарап сыммен жүретін ток нөлдік ток (I0) немесе бейтарап ток деп аталады және ол жүктемеден генераторға карай бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |