жүргізілген жұмыстарға әрқайсысына жанасқан жерге тікелей жақын жердегі сымды
жерге тұйықтаған жағдайда рұқсат етіледі.
314. Тума кернеудегі ӘЖ сымды монтаждау кезінде қолданылатын болат тартпалы
арқанды алдымен тартпалы механизмге бекіту керек және әлеуетті теңестіру үшін жерге
тұйықтауды сол сымды жерге тұйықтау керек. Осыдан кейін ғана арқанды сымға бекітуге
рұқсат етіледі. Сым мен тартпалы арқанды ажырату олардың әлеуетін теңестірген соң
ғана мүмкін болады.
315. Тума кернеудегі ӘЖ монтаж жұмыстары кезінде (жайылатын аунақшадан сымды
кӛтеру, нысаналау, тарту, қысқышқа ауыстырып салу) сым анкерлік тіреуде жерге
тұйықталады, ол арқылы тарту жүргізіледі және әрбір аралық тіреуге сым тартылады.
Жұмыс аяқталған соң аралық тіреудегі жерге тұйықталу электр сымынан осы тіреуде
алынып тасталады. Аралық тіреуде электр сымына жанасумен байланысты жұмыс қайта
басталған кезде электр сымы сол тіреуге қайтадан бір ұшын жерге тұйықтап жалғау керек.
316. Тума кернеудегі ӘЖ-де жайылған аунақтан сүйемелдеуші қысқышқа электр
сымын қайта тӛсеу бағыты жазылу бағытына қарама-қарсы жүргізіледі. Қайта тӛсеуге
дейін электр сымының жерге тұйықтау ұшын анкер тіреуінде қалдыру керек, қайта тӛсеу
басталатын жерден жүргізілетін жаққа анкерлі тіреудің электр сымынан жерге тұйықтау
ұшын шығару керек.
317. Тума кернеудегі ӘЖ сымдарды жӛндеу кезінде жерге тұйықтауды олардан осы
тіреуде сүйемелдеуші қысқышта сымды қайта тӛсеген және осы тіреуде жұмыс
аяқталғаннан кейін ғана алуға болады.
Қысқышта сымдарды қайта тӛсеу кезінде қайта тӛсеу әлдеқашан аяқталған анкерлік
аралықты тума кернеудегі ретінде қарау керек. Ол жерге тұйықтау электр сымдарына
жанасып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
318. Кәсіпорында тума кернеудегі ӘЖ арасынан желілерді ажырату және ұштарынан
жерге тұйықтау кезінде ӛлшеумен жерге тұйықталған сымдарда қолданыстағы ӘЖ ең
үлкен жұмыс тоғында 42 В жоғары тума кернеудегі әлеует қалатынын анықтау қажет.
Негізгі электр қорғаныс құралдарын қолданусыз сымға жақындауға байланысты осы
ӘЖ-дегі жұмыстың барлық түрі технологиялық карталар немесе ЖӚЖ бойынша
жүргізіледі, онда жұмыс орындарында 42 В жоғары емес тума кернеу әлеуетін қамтамасыз
ету талаптарына сүйеніп жерге тұйықтауды орналастыру кӛрсетіледі.
Егер тума кернеудегі ажыратылған ӘЖ-де (тізбекте) осы кернеуді 42 В дейін азайту
мүмкін болмаса, онда тек бір немесе екі аралас тіреуде электр сымын жерге тұйықтау
арқылы жұмыс істеу қажет. Бұл ретте ӘЖ (тізбекті) ТҚ-ға жерге тұйықтауға рұқсат
етілмейді. Тек жерге тұйықталған тіреулер мен олардың арасындағы аралықта бригада
жұмысына рұқсат етіледі.
Екі не одан кӛп аралықта (учаскеде) жұмыс істеу қажет болған жағдайда ӘЖ (тізбек)
анкерлі тіреудегі ілмекті ажырату арқылы электрлік байланысы жоқ учаскелер бӛлінеді.
Жерге тұйықтау қондырғысының орнындағы осындай учаскелердің әрқайсында тек бір
бригада жұмыс істейді.
319. Жүйелі бірінің үстіне бірі орналасқан кӛптізбекті ӘЖ ажыратылған тізбегінде бұл
тізбек кернеудегі тізбектен тӛмен ілінген жағдайда ғана жұмыс істеуге болады.
Ажыратылған тізбектің сымын ауыстыруға және реттеуге рұқсат етілмейді.
320. Тізбегі кӛлденең орналасқан кӛптізбекті ӘЖ-нің бір ажыратылған тізбегінде
жұмыс істеген кезде тіреуге кернеуде қалған тізбек жағына қызыл жалау ілінеді. Жалауды
жұмыс жүргізуші III-топтағы бригада мүшесі жерден 2-3 метр биіктікке іледі.
Тіреуге кернеудегі тізбек жағынан кӛтерілуге және осы тізбекті ұстап тұратын траверс
учаскесіне ӛтуге рұқсат етілмейді. Егер тіреуде степ-болт болса, ол қандай тізбек астында
орналасқанына қарамастан онымен кӛтерілуге рұқсат етіледі. Егер степ-болт кернеуде
қалған тізбек жағында орналасқан жағдайда, тіреуге жерде тұрған жұмыс ӛндірушінің
немесе III-топтағы бригада мүшесінің бақылауымен кӛтерілу керек.
321. Тіреуден кӛптізбекті ӘЖ ажыратылған тізбегінің сымдарында жұмыс істеген
кезде кернеудегі қалған тізбек, жерге тұйықтауды жұмыс жүргізіліп жатқан әрбір тіреуге
орнату керек.
322. ӘЖ фаза бойынша жӛндеу кезінде ТҚ-ға ажыратылған фазаның сымын жерге
тұйықтауға рұқсат етілмейді. Сым тек жұмыс орнында жерге тұйықталады. 35 кВ және
одан жоғары ӘЖ-де электр сымдарында бір фазада немесе кезекпен әрбір фаза сымында
жұмыс істегенде сымды жұмыс орнында жерге тұйықтауға жұмыс істеліп жатқан фазаны
ғана жерге тұйықтауға рұқсат етіледі. Бұл ретте осы Қағидаларға
4-қосымшаның
1-
кестесінде кӛрсетілгеннен аз қашықтықта қалған жерге тұйықталмаған фаза сымдарына
жақындауға рұқсат етілмейді.
323. Жерге тұйықтаудың сенімділігін арттыру үшін фаза бойынша жӛндеу кезінде ол
екі бӛлек параллель қондырылған жерге тұйықтау сымынан тұратын қосарланған болу
керек. Электр сымында жұмыс істеу жерге тұйықтау орнатылған жерден 20 м қашық емес
жерде рұқсат етіледі.
Бір мезгілде бірнеше бригада жұмыс істесе, ажыратылған электр сымы электр
энергиясына байланысты емес учаскеден ажыратылуы керек. Әр бригадаға жеке участок
бӛлінеді, онда бір қосарланған жерге тұйықтау сымы орнатылады.
324. 110 кВ және одан жоғары ӘЖ фаза бойынша жӛндеген кезде доғалық разрядты
оқшаулау үшін жерге тұйықтауды орнатар немесе алар алдында сым доға сӛндіргіш
құрылғымен штанганың кӛмегімен алдын ала жерге тұйықталады. Бұл штанга тек
тасымалды жерге тұйықтауды орнатқаннан (немесе алғаннан) кейін ғана алынады.
325. Фазалары кӛлденең орналасқан ӘЖ-де фаза бойынша жӛндеу жүргізу кезінде
кернеудегі фаза сымын ұстап тұрған траверс учаскесіне ӛтуге рұқсат етілмейді.
326. ӘЖ трассасын тазарту кезінде ағаштарды құлату басталғанға дейін жұмыс орны
дайын болу керек. Қыс мезгілінде құлайтын ағашты тез жинау үшін қарға оның құлайтын
жағына және қарама-қарсы жағына 5-6 метр ұзындықта екі жол салу керек. Шабылған
және араланған ағашқа шығуға рұқсат етілмейді.
327. Жұмыс жүргізуші жұмыс басталар алдында бригаданың барлық мүшелерін
құлайтын ағаш, арқан және т.б. ӘЖ сымына жақындаудың қаупі туралы ескертуі керек.
328. Ағаштың сымға құлауын болдырмау үшін кесу басталғанға дейін сымды тарту
қолданылады.
329. Ағаш сымға құлаған жағдайда оған кернеу ӘЖ алынғанға дейін кемінде 8 метр
қашықтықта жақындауға рұқсат етілмейді.
330. Аралаушылар алдағы құлатылатын ағашты құлату жӛнінде басқа жұмысшыларға
ескертулері керек. Ағаштың құлайтын жағында және қарама-қарсы жағында тұруға
рұқсат етілмейді.
331. Ағашты кеспей не шаппай құлатуға, сондай-ақ ағашты толассыз кесуге рұқсат
етілмейді. Қисайған ағашты қисайған жағына құлату керек.
332. Араланған не шабылған ағашты құлатпай жұмыстағы үзіліс кезінде қалдыруға
немесе басқа ағаштарға ӛтетін жолға қалдыруға рұқсат етілмейді.
333. Шіріген және құрғап қалған ағашты құлату алдында олардың беріктігін байқап
кӛру, содан кейін кесу керек. Мұндай ағаштарды шабуға рұқсат етілмейді.
334. Алдын-ала аралап алып ағаштарды тобымен құлатуға және бір ағаштың
екіншісіне құлауын пайдаланып алдын ала кесу мен құлатуға рұқсат етілмейді. Алдымен
шіріген және күйген ағаштарды құлату керек.
335. ӘЖ немесе әуе ауыстырып тұйықтау пунктін тексеру кезінде қандай да бір
жӛндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ тіреуге және оның
конструкциялық элементіне кӛтерілуге рұқсат етілмейді. Тіреуге кӛтерілуге ӘЖ
жоғарыдан тексерген кезде рұқсат етіледі.
336. Ӛтуге қиындық келтіретін жерлерде (батпақ, су тосқауылдары, таулар, құлаған
ағаштар және т.б.) және ауа райының қолайсыз жағдайларында (жаңбыр, қар, қатты аяз