Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы Күшін жойған



жүктеу 257,51 Kb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата01.01.2018
өлшемі257,51 Kb.
#6744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      1) әуелік тармақталу кезінде - ғимаратқа орнатылған бірінші оқшаулатқыштағы

қоректендіруші желі жалғауының түйіспесінде;

      2) кабельдік ену кезінде - ғимаратқа кірердегі қоректендіруші кабельдің ұштарындағы

болтты жалғанымдарда белгіленеді. 

      Электр тораптарының теңгерімдік тиесілік шекарасы осы тармақта көрсетілген

орындарға сәйкеспеген жағдайда, олар тікелей шартта көрсетілуі мүмкін.

      34. Тұтынушының құрылмаларындағы немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектілеріндегі

электр торабының баланстық тиесілігі шекарасындағы жалғанымдардың жай-күйі үшін энергия

беруші ұйым жауапкершілікте болады.

      35. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның басқа да тұтынушыларына транзитпен электр

энергиясы берілетін тұтынушының электр беру желілерін, тарату бекеттерін және

трансформаторлық шағын станцияларын жөндеуге шығару, сондай-ақ аталған жабдықты

жөнделгеннен кейін қосу энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келісілгеннен кейін жүргізіледі.

  7. Есепке алу аспаптарын орнату және пайдалану

      36. Электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары энергиямен жабдықтаушы

ұйымнан тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысуға қажетті коммерциялық есепке алу

аспаптарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Электр энергиясының есебін жүргізу үшін типтері

Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік тізілімге енгізілетін есептеу аспаптары

пайдаланылады. 

      Электр тұтынудың 100 кВт. астам шарттық қуаты бар, бекітіліп жеткізілген электр

энергиясы тұтынушыларда тұтынылған электр энергиясы, жүктемелердің қуаты мен сағаттық

кестесі туралы деректерді жадында ұзақ уақыт сақтайтын активті және реактивті энергияның

коммерциялық есепке алу есептеуіштері болуы тиіс. 

      Электр тұтынудың 40-100 кВт шарттық қуатымен еркін жеткізілген электр энергиясын

тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясы туралы деректерді жадында ұзақ уақыт сақтайтын

активті және реактивті энергия мен ең жоғары қуатты есептеуіштері болуы қажет. 

      Электр тұтынудың 40 кВт дейінгі шарттық қуатымен электр энергиясы еркін жеткізілген

тұтынушылардың активті энергия есептеуіштері болуы қажет.

      37. Коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату Ережелердің және уәкілетті орган

бекіткен электр энергиясын есепке алуды ұйымдастыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік

техникалық құжаттардың талаптарында көзделген тәртіпте орындалады.

      38. Электрмен жабдықтаудың бір көзінен бірнеше тұтынушыларды қоректендірген

жағдайда әрбір тұтынушы үшін есепке алу қамтамасыз етілуі тиіс.

      39. Коммерциялық есепке алу аспаптарында осыған құқылы ұйымдардың алғашқы немесе

кезеңдік тексеруі туралы 

 болуы тиіс.

белгісі


      40. Коммерциялық есепке алу аспаптарын ұстау мен техникалық қызмет көрсету және

салыстырып тексеру теңгерімдік тиесілігіне сәйкес жүзеге асырылады. Коммерциялық есепке




алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді меншік иесімен шарт бойынша энергия беруші

ұйым немесе осындай қызмет түріне рұқсаты бар басқа мамандандырылған ұйым жүргізе алады.

      41. Коммерциялық есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру салыстырып тексеру

әдістемесінде көрсетілген мерзімдерде, сондай-ақ мүдделі тараптардың бірінің өтініші

бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына күмән келтірілген жағдайда аспапқа аралық

тексеру интервалына сәйкес жүргізіледі.

      42. Жоспардан тыс салыстырып тексеру жүргізілген жағдайда тексеру бойынша

шығындарды (соның ішінде алып тастау мен орнату бойынша) жоспардан тыс салыстырып

тексеруді талап еткен тарап көтереді.

      43. Егер салыстырып тексеру кезінде коммерциялық аспаптардың көрсеткіштері олардың

дәлдік сыныбымен рұқсат етілетін кінараттан асып кетсе, онда жоспардан тыс салыстырып

тексеру жөніндегі шығындарды аспаптардың иесі төлейді.

      44. Энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушы арасында есеп

айырысу үшін электр энергиясын (қуатын) есепке алу электр желілерінің теңгерімдік

тиесілік шекарасында жүргізіледі.

      45. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда электр энергиясының коммерциялық есепке

алу аспаптарын тараптардың өзара уағдаластығы бойынша электр желілерінің теңгерімдік

тиесілік шекарасынан басқа жерге орнатуға рұқсат етіледі. 

      Учаске желісіндегі шекарадан коммерциялық есепке алу аспаптарын орнатқан жерге

дейінгі электр энергиясының шығындары көрсетілген желінің учаскесі балансында тұрған

иегердің есебіне шарт негізінде жатқызылады және энергия беруші ұйымның есептеуі арқылы

анықталады.

      46. Коммерциялық есепке алу аспаптарының қаптамалары бекіткіштерінде салыстырып

тексеру құқығы бар ұйымның пломбасы, ал электр есептегіштің қысқыштары қалыбы қақпағында,

ток пен кернеудің трансформаторлары бөлшегінің қақпаларында, тоқ пен кернеулік және

сынақтық блоктарда және қораптарда энергия беруші ұйымның пломбасы болуы тиіс.

      47. Коммерциялық есепке алу аспаптарын қоректендіретін кернеу трансформаторлары

жетектері, коммерциялық есепке алу аспаптарының қоректендіруші аспаптары, есептеу

аспаптарына келетін сымдардағы қысқыштардың жинамалары, сондай-ақ коммерциялық есепке алу

аспаптарына дейін орналасқан кірме коммутациялық аппараттарының шкафтары электр қондырғы

иесінің рұқсатсыз енуінен сақтау үшін қоршаумен жабылады және оларға тұтынушының

қатысуымен энергиямен жабдықтаушы ұйым пломбы салады. 

      0,4 кВ қондырғыларында енгізу қондырғыларынан бастап токты өлшеу

трансформаторларына дейін қоса алғанда барлық ток жүргізу бөліктері қоршауға және

пломбалауға жатады. 

      Энергия беруші ұйым статикалық конденсаторлар батареялары жетектерінің тұтқаларын

тұтынушы бұл батареяларды пайдаланбаған жағдайда пломбы салады.

      48. Тұтынушыға босатылған активті және реактивті электр энергиясының мөлшері

тұтынушының бастапқы кернеулік бас трансформаторы жағында орнатылған коммерциялық есепке

алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес анықталады. 

      Егер коммерциялық есепке алу аспаптары екінші кернеу жағында, яғни бас



трансформатордан кейін орнатылса, онда тұтынушыға босатылған электр энергиясының мөлшері,

егер шартта өзгеше көрсетілмесе, коммерциялық есептеу аспаптарының көрсеткіштерін 1,025

коэффициентіне көбейтумен анықталады.

      49. Электр энергиясын есептеу схемасын өзгертумен немесе бұзумен байланысты кез

келген жұмыс түрін жүргізу кезінде тұтынушы жұмысты бастамас бұрын бұл туралы энергия

беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға жазбаша түрде хабарлауы және тиісті рұқсат

алуы қажет.

      50. Жөндеу жұмысын жүргізу кезеңінде электр энергиясын есепке алу энергия беруші

ұйыммен келісілген уақытша есепке алу схемалары бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

Трансформаторлық шағын станцияларды толық ажырату арқылы жүргізілген жөндеу жұмыстарының

аяқталуы бойынша энергия беруші ұйым қажеттігіне қарай коммерциялық есепке алу

схемаларына кезектен тыс тексеріс жүргізеді.

      51. Тәулік аймақтары бойынша электр энергиясын тұтынуды бөлек есепке алуға

мүмкіндік беретін көп тарифті коммерциялық есепке алу аспаптары болған кезде электр

энергиясының шығысын есепке алуды тәулік уақытына байланысты бағалар (тарифтер) бойынша

анықтауға және төлеуге болады.



  8. Электр энергиясын беруді шектеу және 

тоқтату шарттары

      52. Электр энергиясын беру, сондай-ақ шектеу және тоқтату тұтынушымен жасалған

шартқа сәйкес жүргізіледі. 

      Электрмен жабдықтаудың сенімділік санаты және электр желісіне қосу схемасы

нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуі және электрмен жабдықтау

шартында айтылуы тиіс.

      53. Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар тұтынушыны

белгіленген тәртіппен ескерте отырып:

      1) шартта белгіленген мерзімдерде электр энергиясы үшін ақы төленбесе;

      2) электр тұтынудың шартпен белгіленген режимі бұзылса;

      3) авариялық жағдайда электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады.

      54. Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар:

      1) энергия беруші ұйымның желісіне өз бетімен электр қабылдағыштарды жалғап

алғанда;


      2) есепке алу аспаптарымен қатар электр қабылдағыштар жалғанса;


      3) тұтынушының кінәсінен энергия беруші ұйымдар мен басқа да тұтынушылардың электр

қондырғыларының қалыпты жұмыс істеуін бұзатындай мәнге дейінгі электр энергиясының

сапалық көрсеткіштері төмендегенде;

      4) коммерциялық есепке алу аспаптарына энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия

беруші ұйымдардың өкілдерін жібермеген жағдайларда тұтынушыға электр энергиясын беруді

кідіріссіз толық тоқтатады.

      55. Мемэнергияқадағалау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен

белгіленген тәртіппен:

      1) электр энергетикасындағы қызметті жүзеге асырушы ұйымдарға олар электр

энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің

талаптарын бұзған жағдайда нұсқама беруге;

      2) электр және энергия қондырғыларына рұқсаты болуы;

      3) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйіне және қауіпсіздігіне

тексеру жүргізуге құқылы. 

      Мемэнергияқадағалау органдарының ұйғарымдарын орындамаған жағдайда, Қазақстан

Республикасының 

 белгіленген тәртіппен тоқтату немесе лицензияны қайтарып алу

заңнамасымен

туралы мәселеге бастамашы болады. 

      Ережені сақтауға бақылауды Мемэнергияқадағалау органдары өз құзыретінің шектерінде

жүзеге асырады.

      56. Резервтік қоректендіру болмаған кезде жабдықтарды жөндеу және жаңа

тұтынушыларды қосу жөніндегі жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін электр энергиясын тоқтату

туралы энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар ажыратқанға дейін үш

күн бұрын тұтынушыға ескертеді.

      57. Адамдардың өмірі үшін қауіп тудыратын, едәуір экономикалық шығынға, коммуналдық

шаруашылық пен электрмен жабдықтау жүйелерінің аса маңызды элементтерінің қызметін

бұзатын авариялардың алдын алу немесе жою жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қабылдау

үшін, энергия беруші ұйымға тұтынушының электр қондырғысын дереу оған хабарлай отырып

және ажырату себебін көрсетумен ажыратуға рұқсат етіледі.

      58. Тұтынушы шарт бойынша пайдалануға рұқсат етілген қуатты арттырған жағдайда

энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыдан жүктемені шартта

белгіленген мәнге дейін азайтуды талап етеді. Жүктемені азайту туралы тұтынушыны хабардар

ету тәртібі шартта белгіленеді. 

      Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның заңда белгіленген

тәртіппен жүктемені шартта белгіленген немесе диспетчерлік шектеу қойылған деңгейге дейін

азайту туралы талабын тұтынушы орындауы тиіс. Жүктемені азайту туралы диспетчердің өкімі

энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар әзірлеген және бекіткен

шектеу кестелерінің негізінде беріледі. Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия

беруші ұйымның жүктемені азайту туралы талабын 10 минуттың ішінде орындамаған жағдайда

энергия беруші ұйым тұтынушыны желіден ішінара немесе толық ажыратып тастайды.



  9. Электр энергиясы үшін есеп айырысу

      59. Тұтынушылардың оларға жеткізілген электр энергиясы үшін есеп айырысуы

белгіленген тәртіппен энергиямен жабдықтаушы ұйым белгілеген тарифтерге сәйкес

жүргізіледі. 

      Электр энергиясының көтерме сауда нарығында теңгермелеуші электр энергиясы,

сондай-ақ электр энергиясының келісім-шартсыз көлемдері үшін есеп айырысулар электр

энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін

нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі. 

      Электр энергиясының бөлшек сауда нарығында электр энергиясының келісілмеген көлемі

үшін есеп айырысулар жасасқан шарттарға сәйкес жүргізіледі.

      60. Жеке және заңды тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар электр

энергиясын «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 

18

19-баптарына



сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан алады.

      


Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар

министрінің 2009.12.14 

№ 337

 бұйрығымен.



      61. Тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысулар шарт ережелеріне сәйкес

коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы

ұйымның төлем құжаттары бойынша жүргізіледі.

      62. Босатылған электр энергиясы үшін есеп айырысу кезеңінің ұзақтығы, мерзімдері,

шарттары мен нысандары электрмен жабдықтауға арналған шартта белгіленеді. 

      Тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу мерзімдері тараптардың келісімі бойынша

электрмен жабдықтауға жасалған шарттың ережелеріне сәйкес белгіленеді.

      63. Егер қолданыстағы заңнамада басқаша көрсетілмесе, электр энергиясының сапасын

төмендетуге кінәлі тұлға бөлшек сауда нарығының субъектісіне өзі келтірген нақты зиянды

өтейді.


      64. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұтынушының кінәсінсіз есепке алу уақытша

бұзылған кезде электр энергиясы үшін есеп айырысу электр энергиясын есепке алу құралдары

мен схемалары ақаусыз болған алдыңғы немесе кейінгі есептік кезеңнің орташа тәуліктік

шығыны бойынша жүргізіледі. 

      Электр энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша есеп айырысу кезеңі бір айдан

аспауы тиіс, осы уақыт ішінде коммерциялық есепке алу толық көлемде қалпына келтірілуі

тиіс. 

      Егер көрсетілген мерзімде коммерциялық есепке алуды қалпына келтіру мүмкін болмаған



жағдайда тұтынушыға босатылған электр энергиясы үшін есеп айырысы тәртібі мен есепке

алуды қалпына келтіру мерзімдері тұтынушы, энергия жабдықтаушы және энергия беруші

ұйымның келісімімен белгіленуі тиіс.

      65. Төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайда тұтынушы қолданыстағы заңнамаға

және шарт ережелеріне сәйкес өсім төлейді.



      66. Егер тұтынушы белгіленген тәртіппен пайдаланылған энергияға ақы төлемегені үшін

ағытылып тасталса, онда оны қайта қосу қарызды өтегеннен кейін және қосу қызметінің

ақысын төлегеннен кейін жүргізіледі.

      67. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін жазып алуды, егер шартта

өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкілдері тұтынушы өкілдерінің

қатысуымен жүргізеді.

      68. Тұтынушының кінәсінен екі есептік кезең ішінде есепке алу аспаптарының

көрсеткіштерін жазып алу мүмкін болмаған жағдайда, егер бұл ретте тұтынушы энергиямен

жабдықтаушы ұйымға пайдаланған энергия мөлшері туралы мәліметті өзі бермесе, энергиямен

жабдықтаушы ұйым есептеуді жүктеменің маусымдық кестесін ескерумен өткен кезеңдегі электр

энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізуге құқылы. 

      Бұл ретте электр энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша есеп айырысу кезеңі

бір есептік кезеңнен аспауы керек, ол біткеннен кейін белгіленген қуат бойынша электр

энергиясының шығыны тұтынушының техникалық шарттарына сәйкес, кейіннен қайта

есептелмей-ақ коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін хабарлағанға дейін

анықталуға тиіс.

      69. Тараптардың келісімі бойынша тұтынушының өзі жазып алған коммерциялық есепке

алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша ақы төлеуіне рұқсат етіледі. Электр энергиясы үшін

ақы төлеу кезінде тұтынушы жіберген қателіктерді энергиямен жабдықтаушы және (немесе)

энергия беруші ұйымдар олардың анықталуы бойынша түзетеді.

      70. <*>

      Ескерту. 70-тармақ алынып тасталды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар

министрінің 2009.12.14 

№ 337


 бұйрығымен.

      71. Энергия беруші ұйымның өкілдері тұтынушының кінәсінен есептеу аспаптарының

ақауларын, пломбының (пломбылаушы құрылғының) бұзылуын немесе болмауын, әйнегінің немесе

қалыбының бүлінуін, тұтынушының электр қондырғысын есептеу аспаптарының сыртында өз

бетінше қосуын, есептеу аспаптарын қосу схемасының өзгерісін байқаған жағдайда, энергия

беруші ұйым белгіленген тәртіппен тұтынушыны электр желісінен ажыратады және нақты ең көп

жүктеме немесе тұтынушының электр қондырғыларының жалғанған қуаты мен тұтынушының

абоненттің есептеу аспаптарын соңғы ауыстырған күнінен бастап барлық уақыттағы жұмыс

сағаттарының саны бойынша немесе коммерциялық есептеу схемасын аспаптық тексеру бойынша

электр энергиясының шығыстарын қайта есептеуді жүргізеді. 

      Тұтынушы электр желісіне электр энергиясын есептеу схемасы мен аспаптарындағы

бұзылыстарды жойғаннан кейін қосылады.



  10. Тұрмыстық тұтынушылардың электр энергиясын 

тұрмыстық мақсатта пайдалануы туралы 

қосымша ережелер

      72. Тұтынушылардың электр энергиясын есепке алу аспаптары энергия беруші ұйымның

қызметі бақылаушылары оларды байқау үшін кедергісіз көруге қол жетімділігін қамтамасыз

ететін жерлерге орналастырылуға тиісті.




      73. Электр энергиясын есептеу аспаптары бұзылған, сынған, жоғалған жағдайларда

электр энергиясының шығынын және ол үшін ақы төлеуді уақытша есептік айқындауға рұқсат

беріледі. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарынсыз жаңа тұтынушының электр

қабылдағыштарды қосуына тыйым салынады.

      74. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұрмыстық тұтынушы үшін электр энергиясын шартта

белгіленген қуат шегінде оған қажетті мөлшерде жеткізеді.

      75. Тұрмыстық тұтынушы мен энергия беруші ұйымның арасындағы электр тораптарының

техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшін пайдалану жауапкершілігінің шекарасы олардың

теңгерімдік тиесілігіне қарай белгіленеді және электрмен жабдықтау шартында көрсетіледі.

      76. Тұрғын үйдегі тұтынушы мен энергия беруші ұйымның арасындағы электр желілерінің

техникалық жағдайы мен 1000 В дейінгі кернеудегі электр қондырғыларға қызмет көрсеткені

үшін пайдалану жауапкершілігінің шекарасы былайша анықталады: 

 

      1) әуеде тармақталу кезінде - ғимараттарға орнатылған бірінші оқшаулатқыштардағы



қоректендіруші желінің қосылған жерлерінде; 

 

      2) кабельдік енгізу кезінде - ғимаратқа енгізер жерде қоректендіруші кабельдің



ұштамаларында; 

 

      3) барлық пәтер электр есептеуіштерін бүкіл үйдегі бір бөлмеге немесе кіреберістегі



бір бөлмеге топтап орналастырған жағдайда тұтынушылар мен энергия беруші ұйымның

арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы электр энергиясын пәтерлерге беретін

сымдарды есептеуіштерге жалғанған түйіспелерде анықталады.

      77. Тұрмыстық тұтынушының құрылғылары мен жылжымайтын басқа да объектілеріндегі

электр желілерінің теңгерімдік тиесілік шекарасындағы жалғанымдардың жай-күйі мен

пайдаланушылық қызметтерін бақылауға энергия беруші ұйым жауапты болады.

      78. Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар өкілінің есептеу

аспаптарын қарау мақсатында, сондай-ақ электрмен жабдықтау шартының ережелерін орындауын

бақылау мақсатында тұтынушының баруы тексеріс болып табылады және белгіленген тәртіпте

тиісті актімен ресімделеді. Акті энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші

ұйымдарының өкілінің және тексерілуші тұтынушының немесе оның өкілінің қолдары болған

жағдайда жарамды. Акт тұтынушының қол қоюдан бас тартқан кезінде де, бірақ оны энергия

беруші ұйымның комиссиясы және/немесе кондоминимумды басқару органының кемінде үш адамнан

тұратын құрамы ресімдеген жағдайда жарамды деп саналады. Дау реттелмеген жағдайда мәселе

сот тәртібімен шешіледі.

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК



жүктеу 257,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау