Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы Күшін жойған



жүктеу 257,51 Kb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата01.01.2018
өлшемі257,51 Kb.
#6744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      45. Тұтынушыға жіберілген жылу энергиясының мөлшері жылу желілерінің теңгерімдік

тиесілі шекарасында есептеледі. Желілердің бөліну шекарасынан кейінгі жылу энергиясының

барлық шығындары, егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, тұтынушыға

жатқызылады.

      46. Тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларын коммерциялық есепке алу аспаптарынсыз

қосқан жағдайда жылумен жабдықтаушы ұйыммен жіберілетін жылу энергиясының көлемі

нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген тәртіппен анықталады.

      47. Берілетін жылу жеткізгіштің температурасын шартта қабылданған температуралық

кестеге сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым береді.

      48. Энергиямен жабдықтаушы ұйым ыстық суда жылу энергиясын пайдалану және

температуралық режимді сақтау кезінде тұтынушы кейін қайтатын желілік суды кесте бойынша

оның мәнінен аспайтын температурамен қайтарады. Есепке алу аспабы жоқ тұтынушыларға

шарттық көлемнен артық жіберілген жылу мөлшерін есептеу нормативтік-техникалық

құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

      49. Жіберілетін желі суының температурасы көтерілуі себепті тұтынушыға орташа

тәуліктік кестеге қарсы шарттық көлемнен артық жіберілген жылу энергиясына, егер шартта

өзгеше көзделмесе, тұтынушы ақы төлемейді.

      50. Ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде тұтынушы, шарттың ережелерінде

айтылғандай, шығатын судың құнын, оны тазалау және химиялық дайындау бойынша шығындарды

төлейді.


      51. Тұтынушының меншігіндегі жылу желілеріндегі жылу тасымалдағыштың нормадан артық

ысырап болуын энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым анықтайды және

кесімге тұтынушының қатысуымен актіге жазылады. Соңғысының актіге қол қоюдан бас тартуы

оны белгіленген тәртіппен ақы төлеуден босатпайды.

      52. Тұтынушының жылу желілеріндегі жылу энергиясының шығыны егер де тараптардың

келісімімен өзгеше белгіленбесе, олар мен қосалқы тұтынушылардың арасында жылу энергиясын

тұтыну үлесіне қарай тепе-тең жылу торабының ұзақтығына қарай бөлінеді.

  11. Тұтынушылар қайтаратын конденсаттың 

мөлшерін анықтау

      53. Тұтынушылар жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтау үшін бу түріндегі жылу

энергиясын пайдалану кезінде энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымға

қайтаруға, ал ол өз кезегінде конденсаттың кем дегенде 95% (егер тараптардың келісімімен

өзгеше белгіленбесе) қайтаруға міндетті, ал бу технологиялық мақсаттар үшін пайдаланылған

кезде, конденсатты қайтару шартта белгіленген көлем мен сапада жүзеге асырылады.

      54. Тұтынушы қайтаратын конденсат шартта келісілген көлем мен сапаға сәйкес болуға

тиіс.



  12. Төлем құжаттарын ұсыну және ақы төлеу 

тәртібі

      55. Тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясы үшін өтінім берілген

шарттық келісімнің, коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің негіздерінде

энергиямен жабдықтаушы ұйым жазып берген төлем құжаттары бойынша, ал олар болмаған

жағдайда - нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген тәртіппен есеп айырысу жолымен

есеп айырысады. 

      Есеп айырысудың шарттары мен нысандары жылумен жабдықтауға жасалған шартта

белгіленеді.

      56. Тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу белгіленген тәртіппен реттеуші орган

бекітетін тарифтер бойынша жүргізіледі.

      57. Энергиямен жабдықтаушы ұйым шартқа сәйкес мерзімі өткізілген ақы төлеу сомасына

өсім тағайындайды. Тағайындалған немесе ерікті тәртіппен танылған өсім сомалары

акцептісіз, кейіннен тұтынушының есеп шотына ақша алғашқы түскен кезде ұсталады.

      58. Егер тұтынушы пайдаланған жылу энергиясы үшін ақы төлемегендігі үшін

белгіленген тәртіппен ажыратылып тасталса, онда оны қосу қарызды жапқаннан және оны

ажырату/қосу жөніндегі шығындарды өтегеннен кейін жүргізіледі.

      59. Ақшаны қайта есептеуге алып келген барлық өзгерістер тұтынушының энергиямен

жабдықтаушы ұйымға құжат берген күнінен бастап отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге

асырылады.

      60. Есепке алу тұтынушының кінәсінсіз уақытша бұзылған жағдайда жылу энергиясы үшін

есептесу, егер шартта жылу энергиясының өзгеше (сырттағы ауаның нақты температурасын

қайта есептей отырып) мөлшері көзделмесе, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінің орташа

тәуліктік шығыны бойынша жүргізіледі. 

      Жылу энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша есептесу кезеңі, бұл мерзім

ішінде есептік есепке алу толық көлемде қалпына келуі тиіс болатын 15 тәуліктен аспауы

тиіс. 


      Егер есептік есепке алуды белгіленген мерзімде қалпына келтіру мүмкін болмаған

жағдайда, есептеу тәртібі мен есепке алуды қалпына келтіру мерзімдері тұтынушы мен

энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы келісіммен белгіленуге тиіс.

  13. Келіспеушіліктерді шешу тәртібі

      61. Жылу энергиясын беруді тоқтату уақыты, сондай-ақ оның сапасының

нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес еместігі уақыты (күні, сағаты) туралы

белгі қойылып энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерлік қызметі

журналында белгіленуі тиіс, кейіннен тиісті (тиесілі) сападағы жылу энергиясын беруді

жаңғыртудың уақыты (күні, сағаты) туралы белгі қойылуы керек.

      62. Жылу энергиясын беруде үзілістер болған немесе жылу энергиясы тиесілі емес

сапада берілген жағдайда, тұтынушы бұл туралы энергия беруші немесе энергиямен

жабдықтаушы ұйымға тікелей өзі (өтініммен) немесе берілген уақыты, күні және оны берген



және қабылдаған адамның аты-жөнін міндетті түрде көрсете отырып, телефонограммамен

хабарлауы тиіс. Телефонограммада тауар сапасының төмендей бастаған (болмаған) уақыты,

нашарлау сипаты және энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілінің қатысу

қажеттігі (егер тауар сапасының нашарлауы немесе оны энергия беруші немесе энергиямен

жабдықтаушы ұйымның тоқтатуы журналда тіркелмеген болса) көрсетіледі. 

      Тұтынушы жеке өзі өтініш жасаған жағдайда өтінімнің көшірмесі болуы тиіс, онда оның

түсу сәтіндегі тіркеу нөмірі, өтінімнің берілу күні мен уақыты, оны қабылдаған энергия

беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілінің қолы қойылады. Жылумен жабдықтау

тоқтатылған жағдайда, өтінім дереу, параметрлері нашарлаған жағдайда - ауытқушылық

басталған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі. 

      Энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым тауар сапасының өтінімде

(телефонограммада) көрсетілген нормадан ауытқуы туралы журналдағы белгілерді,

тұтынушыларға оны берудегі үзілістерді салыстырады және келіспеушіліктер болмаған

жағдайда оның нақты тұтынылуына сәйкес параметрлердің есептегіден орта тәуліктік

ауытқуынан шығара отырып тауар құнын қайта есептеуді орындайды.

      63. Энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясының

берілмеуінің немесе сапасы төмен тауардың (жылу энергиясының) берілу фактісін растаудан

бас тартқан жағдайда тұтынушы жазбаша өтініш жасауға құқылы, онда: 

      тауар беруден (ажыратудан) немесе оны сапасыз жеткізуден бас тарту басталған

уақыты; 


      тауар сапасының нашарлау сипаты; 

      өтінім беру уақыты және оның тіркелу нөмірі (энергиямен жабдықтаушы және (немесе)

энергия беруші ұйымның журналы бойынша); 

      жылу энергиясын беруді қалпына келтіру (оның сапасын қалыпқа келтіру) уақыты; 

      тауардың болмау (сапасының нашарлау) кезеңі көрсетіледі.  

      Өтінішке тұтынушы, тұтынушының жылу шаруашылығы үшін жауапты адам, екі тәуелсіз

куәгер қол қояды және ол энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымға жіберіледі.

Дау реттелмеген жағдайда тұтынушы Мемэнергияқадағалауға жүгінуге немесе сотқа талап-арыз

беруге құқылы.

      64. Жылу энергиясын тұтыну кезінде тұтынушы жіберген ереже бұзушылықтар екі дана

етіліп энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілдері мен тұтынушының

екіжақты актісімен ресімделеді, олардың біреуі тұтынушыға беріледі. 

      Акт оған тұтынушы қол қоюдан бас тартқан кезде де, бірақ оны құрамы кемінде үш

адамнан тұратын энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның комиссиясы

ресімдеген жағдайда жарамды болып есептеледі.

      65. Акт негізінде энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым есепке алынбай

қалған жылу энергиясының мөлшерін анықтайды және үстеме төленетін соманы негіздей отырып

тұтынушыға сотқа дейінгі талабын жібереді. 

      Дау тараптардың келісуімен реттелмеген жағдайда энергиямен жабдықтаушы және

(немесе) энергия беруші ұйым тұтынушыдан тағылған соманы мәжбүр ету тәртібімен өндіріп

алу туралы сотқа талап арыз береді және белгіленген тәртіппен шарттың орындалуын

тоқтатуға құқылы болады. P05000009S



  14. Тұрмыстық тұтынушылардың жылу энергиясын 

пайдалануы туралы қосымша ережелер


жүктеу 257,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау