66. Тұрмыстық тұтынушыларды жылумен жабдықтауға байланысты
және осы Ережелердің
14-бөлімінде қарастырылмаған мәселелер осы Ережелердің тиісті тармақтарымен және
Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
67. Жалпы үйлік энергия желілерінің тиісті техникалық жағдайда ұстау және
қауіпсіздігі мен коммерциялық есепке алу аспаптары мен жалпы үйлік меншікті құрайтын
басқа да заттардың сақталуын қамтамасыз ету тұтынушының уәкілетті тұлғасының (кондоминиум
объектісін басқаруды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға) міндеті болып табылады.
Жылыту және ыстық сумен жабдықтау мақсатында тұрмыстық тұтынушыларға жылу энергиясын
беруді жылумен жабдықтауға арналған шартқа сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым жүзеге
асырады (Көпшілік шарт).
Кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жылу тұтынатын
қондырғыларға қызмет көрсетуді дербес немесе шарт бойынша басқа мамандандырылған ұйыммен
атқара алады.
Тұтынушы жылу энергиясы үшін энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тараптардың пайдалану
жауапкершілігінің шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша
белгіленген тәртіппен бекітілген тариф бойынша есеп айырысады. Коммерциялық есепке алу
аспаптары болмаған кезде тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу мөлшері жергілікті
атқарушы орган бекіткен нормалар бойынша анықталатын болады.
Үй-жайлар меншік иелері кооперативтерінің басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын
үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның арасындағы
пайдалану жауапкершілігінің шекарасы басқару торабының (Элеватор) кіру ысырмаларының
бірінші бөлу ернемегі бойынша анықталады.
68. Жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында
тұтынушыға:
1) энергиямен жабдықтаушы ұйымның келісімінсіз пәтерішілік желілерді, инженерлік
жабдықты және қондырманы қайта жабдықтауға;
2) жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, реттеуші және бекітуші арматураны
орнатуға және бөлшектеуге;
3) жылыту жүйелерінде жылу тасымалдағышты тікелей мақсаттан тыс (жылу жүйесінен
және аспаптардан суды ағызу) пайдалануға рұқсат етілмейді.
69. Осы шарт бойынша тұтынушы энергияны тұрмыстық мақсатта пайдаланушы азамат болып
шықса, шарт тұтынушының қосылған желіге белгісіз мерзімге алғашқы нақты қосылған сәтінен
бастап жасалған деп есептеледі (егер де тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе) және
азаматтық
көзделген негіздер бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
заңнамамен
70. Пәтерде тұратын адамдар (бір немесе бірнешеу) бір айдан артық мерзімге уақытша
кетіп қалған жағдайда коммерциялық есепке алу аспабы болмаса, тұтынылған ыстық суға бір
адамға есептелетін ақы олар жоқ кезде алынбайды. Өтініш бергенде және 30 күндік мерзімде
болмағаны жөнінде растаушы құжатты тапсырғанда (емдеу мекемесінен немесе жұмыс орнынан
анықтама, санаторийге жолдаманың түбіршегі, уақытша тұратын орны бойынша тіркеу туралы
анықтама және сол сияқтылар).
71. Коммерциялық есепке алу аспабы уақытша болмаған жағдайда, тұтынылған ыстық су
үшін бір адамға есептелетін ақы нақты тұрып жатқандардың саны бойынша алынады.
72. Жылу энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды,
егер шартта өзгеше көзделмесе, энергия беруші ұйым мен кондоминимум объектісінің
(тұтынушының) өкілі жүргізеді.
73. Коммерциялық есепке алу аспабымен жабдықталмаған пәтерде нақты тұратындардың
саны жылумен жабдықтау шартында көрсетілгенмен сәйкеспеуі байқалған жағдайда, энергиямен
жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым ыстық су үшін ұсынылған төлемді жыл басынан
бастап екі есе мөлшерде қайта есептеуге құқылы.
74. Тұтынушы жылу энергиясын ұрлаған жағдайда Қазақстан Республикасының
көзделген тәртіппен жауапкершілік арқалайды.
заңнамасында
"Электр энергиясын пайдалану және
Жылу энергиясын пайдалану
ережелерін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
2005 жылғы 24 қаңтардағы
N 10 бұйрығымен бекітілген
Электр энергиясын пайдалану ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Электр энергиясын пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электр энергетикасы
туралы" Қазақстан Республикасының
сәйкес әзірленді.
Заңына
Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр
энергиясын тұтынушылар арасында туындайтын көтерме және бөлшек сауда рыногындағы
қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық
, ережелермен және басқа да
заңнамасымен
реттеледі.
нормативтік құқықтық кесімдермен
Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы тұтынушылардың электр энергиясын
пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:
1) тұрмыстық тұтынушы - электр энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын жеке
тұлға;
2) электр торабының теңгерімдік тиесілік шекарасы - электр энергиясы рыногының
субъектілері арасындағы: энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар,
сондай-ақ тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасындағы электр торабының теңгерімдік
тиесілілігі бойынша анықталатын электр торабын бөлу нүктесі; V070005044
3) тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасы - энергетикалық жабдықтар
және/немесе теңгерімдік тиесілілігі бойынша немесе шартпен анықталатын және теңгерімдік
тиесілілігі немесе осы шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы пайдалану
жауапкершілігін шектеудің тиісті актісімен расталатын ұсталып тұруы, қызмет көрсетілуі
мен техникалық жай-күйі үшін жауапты шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы торапты
бөлу нүктесі;