Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы Күшін жойған



жүктеу 257,51 Kb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата01.01.2018
өлшемі257,51 Kb.
#6744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      4. Тұтынушы қосалқы тұтынушылармен жылумен жабдықтауға арналған шарттарды тек

жылумен жабдықтаушы ұйымның келісімімен ғана жасай алады. 

      Қосалқы тұтынушылар жылумен жабдықтау шартын энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тікелей

жасаса алады. Бұл жағдайда олар тұтынушымен тұтынушының желілері бойынша жылу энергиясын

беруге шарт жасасады. 

      Тұтынушыларға қосалқы тұтынушылардың энергиямен жабдықтаушы ұйыммен техникалық

мүмкіндіктері бар кезде өзінің желілері бойынша жылумен жабдықтауға және жылу энергиясын

тасымалдауға арналған шарттар жасасуына кедергі жасауға жол берілмейді.

      5. Жылу энергиясының будағы және ыстық судағы ең жоғары сағаттық босатылуы,

сондай-ақ жылу тасымалдағыштың тиісті ең көп сағаттық шығыны мен оны қайтару ережесі

қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамалар ескеріле отырып, тұтынушымен жасасылған

жылумен жабдықтау шартында белгіленеді. 

      Тұтынушының тұтынылатын жылу энергиясының жүктемесі мен мөлшерін шартта

көрсетілгендерден артық, бірақ алынған техникалық шарттарда мәлімделген және тіркелген

жобалық шамалардан аспайтындай етіп арттыруына шартта тиісті өзгерістер болған кезде

энергиямен жабдықтаушы ұйымның рұқсатымен жол беріледі.

      6. Егер энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдардың қолданыстағы

нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мүмкіндігі

болмаса жылу энергиясын тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға тыйым салынады.

      7. Жылу энергиясының тұтынушылық қасиеттері мен берілу режимі жоспарлы жөндеу,

авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жағдайларынан басқа, тұтынушының жылыту маусымына

дайындық жөніндегі іс-шаралар кешенін орындауы және энергиямен жабдықтаушы және (немесе)

энергия беруші ұйым берген техникалық дайындық актісін ресімдеу және сараптама ұйымының

қорытындысын алу шарттарын орындаған кезде нормативтік-техникалық құжаттамамен

белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      8. Тұтынушылар мен энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар

арасындағы шешімін таппаған қайшылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен

белгіленген тәртіппен шешіледі.



  4. Тұтынушыларды жылу энергиясына қосуға 

арналған техникалық шарттар

      9. Жылу энергиясына жаңа тұтынушыларды қосуға арналған немесе қолданыстағы

объектілерге қосылған жүктемесін ұлғайту кезіндегі техникалық шарттарды тұтынушы жылу

желілеріне тұтынушыны қосатын энергия беруші ұйымнан алады. V090005840

      10. Энергия беруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін екі апта мерзім ішінде

жаңадан салынған кәсіпорындарды, ғимараттарды, үймереттерді, олардың кезектерін немесе

жекелеген өндірістерді, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, ғимараттарды, үймереттерді,

жылу тұтынушы қондырғылар мен жылу желілерін қайта жаңғыртуды жылумен жабдықтауға

арналған техникалық шарттарды береді. 

      Тұтынушының жылу желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар алуға берген өтінімінде

жобаланатын объектіні сипаттайтын деректер, оны жобалау, салу ұзақтылығының нормативтік

мерзімдері мен объектіні пайдалануға берудің белгіленген мерзімдері, тұтыну түрлері

бойынша - технологиялық қажеттіліктер, жылыту және желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету



жүктемелерінің сипаттамалары, жылумен жабдықтау сенімділігі жөніндегі талаптар қамтылуы

тиіс. 


      Энергия беруші ұйым тұтынушының жылумен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты басқа

да деректерді талап етуге құқылы.

      11. Жаңа кәсіпорындарды, ғимараттарды, үймереттерді, олардың кезектерін, жекелеген

өндірістерді немесе тұтынушыны сырттай жылумен жабдықтау схемасын өзгертуді талап ететін

кеңейтілетін және қайта жаңғыртылатын жұмыс істеп тұрған объектілерді жылумен жабдықтау

жөніндегі шешімдерді келісуді құрылыс салу үшін алаң таңдау кезінде энергия беруші

ұйымдар жасайды.

      12. Тұтынушының, тұтынылатын жылу энергиясының мөлшерін немесе жылу тасымалдағыштың

параметрлерін өзгертуді талап ететін, жылу тұтынатын қондырғыларын шарттың белгіленген

техникалық ережелері мен шарттың ережелерінен артық қайта жаңғырту немесе кеңейту кезінде

тұтынушы, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия өндіруші ұйымнан олардың

қосылуына техникалық шарттар алуы қажет.

      13. Жылу тұтыну қондырғылары тұтынушылардың желілеріне қосылатын қосалқы

тұтынушылар техникалық шарттарды энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия өндіруші

ұйымнан алады және тұтынушымен келіседі.

      14. Объектіні жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда мыналар

көрсетіледі: 

 

      1) жылумен жабдықтау көзі, жылу желілеріне қосылу нүктесі, босатылатын жылу



энергиясының мөлшерін реттеу тәсілі; 

 

      2) басқа тұтынушылардың жүктемелерін ескере отырып, негізгі және резервтегі іске



қосу нүктелеріндегі жылу тасымалдағыштың параметрлері мен гидравликалық режимі; 

 

      3) басқа тұтынушылардың жүктемелерін қосу перспективасын ескерумен негізгі



тұтынушының жүктемесі; 

 

      4) қазіргі бар желінің өткізу қабілетін арттыру қажеттігі жөніндегі негіздеме; 



 

      5) қайтарылатын өндірістік конденсаттың мөлшері, сапасы және қайта айдау режимі,

конденсатты жинау және қайтару схемасы; 

 



      6) сенімділік жөніндегі талаптарды ескерумен жылумен жабдықтаудың резервтік

көздері; 

 

      7) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату жөніндегі талаптар; 



 

      8) жылу желілерін (жер үсті және жерасты) 

 тәсілі; 

төсеу


 

      9) жылыту-желдету мен технологиялық жүктемелерді және ыстық сумен жабдықтау

жүктемесін қосудың жылу схемасы; 

 

      10) температуралық кесте мен желілік судың шығыны; 



 

      11) салынып жатқан немесе қайта жаңғыртылып жатқан жылу желілерінің теңгермелік

және пайдалану тиесілілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекаралары.

      15. Энергия беруші ұйымның тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғыларын қосу мақсатында

берген техникалық шарттарын орындау тұтынушылар мен олардың жобалау және құрылыс ұйымдары

үшін де қажет. 

      Жылумен жабдықтау және жылу тұтыну жүйелерін салу мен қайта жаңғырту жөніндегі

жұмыстарды қызметтің осы түріне лицензиясы бар және барлық мүдделі ұйымдармен келісілген

жоба бойынша тек қана мамандандырылған ұйымдар жүргізе алады. 

      Тиісті энергия беруші ұйымның бұрыннан бар желілерінің өткізгіштік қабілетін

ұлғайту қажет болған жағдайда жұмысты қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен

көзделінген тәртіпте жүргізіледі. 

      Техникалық шарттарды қолданудың мерзімі жобалаудың және салудың қолданылып жүрген

нормаларын ескерумен белгіленеді.

      16. Кәсіпорындарды, ғимараттарды, үймереттерді, олардың кезектерін немесе жекелеген

өндірістерді салу жобалары құрылыс алаңын таңдау және ғимаратты жобалау үшін дайындау

сатысында энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйыммен келісіледі және объектіні

жылу желілеріне қосудың техникалық шарттарында көрсетіледі. 

      Сараптама жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты бар сараптама ұйымдары он күндік

мерзімде қабылданған жобалау шешімдерінің берілген техникалық шарттарға, қолданыстағы

нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексереді және өз қорытындысын береді. 

      Кәсіпорындарды, ғимараттарды, үймереттерді, оның кезектерін немесе жекелеген

өндірістерді жобалау кезінде көрсетілген техникалық шарттардан шегіну қажеттілігі

туындаған жағдайларда бұл шегіністер энергия беруші және (немесе) энергиямен өндіруші

ұйыммен келісілуі тиіс.

      17. Тұтынушы берілген техникалық шарттардың негізділік мәні жөнінде сараптама

ұйымына жүгінуге құқылы. 

      Жобалық құжаттамада техникалық шарттардың талаптарынан немесе қолданыстағы

нормативтік-техникалық құжаттардан айтарлықтай ауытқушылық байқалған жағдайда, тұтынушыға



жүктеу 257,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау