18. Тұтынушылардың барлық қайта жалғанатын
және қайта жөнделетін электр
қондырғылары қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестікте орындалуы,
жобалау және техникалық қабылдау-тапсыру құжаттамасымен қамтамасыз етілуі тиіс.
19. Пайдалануға жіберілгенге дейін электр қондырғылары қабылдау-тапсыру сынағынан
өтуі және оны тұтынушы монтаждау, жөндеу ұйымынан кесім бойынша қабылдап алынуы тиіс.
Энергия беруші ұйым өзінің электр желілеріне электр қондырғыларын тұрақты
пайдалануға тұтынушылар анықталған кемшіліктерді жойғаннан және сараптау ұйымының
қорытындысы мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау органының (бұдан әрі -
Мемэнергияқадағалау) рұқсатын алғаннан кейін жалғайды.
Энергия беруші ұйым өзінің электр желілеріне тұтынушылардың кернеуі 1000 В дейінгі,
белгіленген қуаты 100 кВт аспайтын электр қондырғыларын сараптама ұйымының оң
қорытындысын алғаннан кейін жалғай алады.
20. Энергия тұтынатын жабдықты пайдалануға енгізер алдында сараптама ұйымы
мемлекеттік стандарттарға, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен жобалық
деректерге сәйкестігіне сараптама жүргізеді, сондай-ақ белгіленген мерзімдерде
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілерге
тиімділік көрсеткіштері жөнінде сараптық баға береді.
Сараптама нәтижелері бойынша Мемэнергияқадағалау немесе энергия беруші ұйым осы
Ережелердің 19-тармағына сәйкес энергия тұтынатын жабдықты пайдалануға енгізу туралы
шешім қабылдайды.
21. Электр энергиясын тұтынуы маусымдық сипаттағы электр қондырғыларына кернеу
беруді энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушының электр қондырғыларына сараптама ұйымының
техникалық куәландыру актісін тұтынушы ұсынғаннан кейін жүргізеді.
22. Электр қондырғыларын пайдалануға рұқсат ету тәртібі шағын тұтынушылардың
(қосалқы тұтынушылардың) жаңадан орнатылған және жаңғыртылған электр қондырғыларына,
сондай-ақ электр қондырғыларының иелері ауысқан жағдайда қолданылады.
23. Электр қондырғыларын пайдалануға рұқсат ету тек тұтынушыда меншік түріне
қарамастан тиісті біліктіліктегі электр техникалық персонал мен электр қондырғыларының
сенімді, қауіпсіз жұмысына жауапты тұлға немесе қызметтің осы түрімен айналысу құқығына
бар ұйыммен электр қондырғыларына қызмет көрсетуге шарты болғанда ғана мүмкін
лицензиясы
болады.
Объектіні (үй-жайларды), лизинг, сенімгерлік басқаруға және өзге де пайдалану
түрлерін қоса алғанда, мүліктік жалға (жалгерлік) беру кезінде электр қондырғыларының
сенімді, қауіпсіз жұмысы үшін жауапкершілікті, егер шартта басқаша көзделмесе, жалға
беруші арқалайды.
24. Тұтынушылардың электр қондырғыларын құрастыруда кемшіліктер, жалғауға арналып
берілген техникалық шарттар мен нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарынан
ауытқушылықтар табылған, тиісті кәсіби біліктілігі бар қызмет көрсетуші болмағаны,
сондай-ақ электр қондырғыларының сенімді, қауіпсіз жұмысына жауапты адамның жоқтығы
анықталса, оларды пайдалануға жіберуге тыйым салынады.
5. Электр энергиясын тұтыну шарттары мен
режимдері
25. Тұтынушыларға электр энергиясын жеткізуді энергиямен жабдықтаушы ұйым электрмен
жабдықтауға арналған шартқа сәйкес жасалған жылдық, тоқсандық, айлық жоспарларға және
электр энергиясын босатудың тәуліктік кестесіне сәйкес үздіксіз жүргізеді.
26. Электр энергетикасы объектілерінің ерекше жұмыс режимі кезінде тұтынушыларды
электрмен жабдықтау авариялық бронь көлемінде электр қуатын жеткізуді қамтамасыз ететін
энергиямен жабдықтаушы ұйым әзірлеген схемалар бойынша жүзеге асырылады.
27. Көтерме сауда нарығында электр энергетикасы объектілерінің ерекше жұмыс режимін
енгізу тәртібін жүйелік оператор белгілейді.
28. Бөлшек сауда нарығындағы электр энергетикасы объектілерінің ерекше жұмыс
режимін енгізу тәртібін өңірлік электр желілік компаниясы белгілейді.
6. Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі
тараптардың жауапкершілік шекарасы
29. Электр қондырғылардың жай-күйі мен оларға қызмет көрсетудің жауапкершілік
шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігімен белгіленеді және электрмен жабдықтау шартына
қоса берілетін электр желілері мен пайдалану жауапкершілігін шектейтін актіде бекітіледі.
30. Кернеуі 1000 В және одан да жоғары электр қондырғылардың жай-күйі мен қызметі
үшін жауапкершілік шекарасы:
1) жабық тарату қондырғыларының сырт жағындағы әуе желісінің өтпелі оқшаулағышының
жалғанымы мен ашық тарату қондырғылары оқшаулағыштарының тартпалы портальды тізбегінің
керілген қысқышынан шығатын сымның шығар жерінде;
2) қоректік және шығар желілердің кабельдік немесе ауалық кірмелерінің ұшында
белгіленеді.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген жалғанымдардың техникалық жай-күйі үшін
жауапкершілік шағын станцияны пайдаланатын ұйымға жүктеледі.
31. Түрлі ұйымдарға тиесілі дәнекері бар (бітеу немесе айырғыштар арқылы) кернеуі
1000 В және одан да жоғары, түрлі ұйымдар мен олардың қызмет көрсетуіне тиесілі электр
беруші желілердің жай-күйі мен қызметіне жауапкершілік шекарасы дәнекер жасалған негізгі
желінің тіреуішінде белгіленеді.
Дәнекерді жалғастырушы қысқыштардың жай-күйін бақылау және қызмет көрсету иелігінде
негізгі желі бар ұйымға жүктеледі.
32. Тараптардың келісімі бойынша шартпен электр қондырғыларды пайдалану
ерекшеліктерімен шартталған өзге де негізделген жауапкершілік шекарасы белгіленуі мүмкін.
33. Тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы кернеуі 1000 В дейінгі
электр қондырғыларының жай-күйі мен қызмет көрсетуі үшін жауапкершілік шекарасы: